- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
Эклампсис – тырысу. Бүйрек эклампсиясы синдромы кезінде дәл осы тырысулар көрініс береді.
Себептері: жіті диффузды гломерулонефрит, жүктілік нефропатиясы. Әдетте айқын ісінулер және АҚ жоғарылаған кезеңде пайда болады.
Клиникалық көрінісі: әлсіздік, ұйқышылдық, содан соң қатты бас ауыруы, құсу, қысқамерзімді есін жоғалту, сөйлей алмай қалу. Тырысулар кенеттен пайда болады. Әдетте бұл тоникалық жиырылулар, сосын 1 минуттан кейін олар клиникалық болады. Эклампсия ұстамасы кезінде бет- әлпет ционозды, мойын веналары домбыққан, қарашықтар кеңейген және жарыққа реакциясы жоқ, көз алмалары сипап көргенде қатты. Пульс қатқыл, сирек: АҚ көтеріңкі. Ұстама бірнеше минутқа созылады. Ұстамадан кейін науқас біраз терең сопор жағдайында болады. Кейде есін жиған соң да бірнеше уақытқа дейін афазия сақталады (сөйлеудің бұзылуы), амавроз (орталыққа байланысты соқырлық).
7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
Уремия –бүйрек функциясының жеткіліксіздігінен, ең алдымен оның ағзадан белок алмасу өнімдерін шығару қабілетінің жеткіліксіздігімен байланысты ағзаның қанды-зәрлі интоксикациясы.
Жіті бүйрек жеткіліксіздігі. Ең жиі себептері: шокты бүйрек, токсикалық бүйрек, жіті гломерулонефрит, зәр шығару жолдарының обструкциясы.
Клиникалық көріністері:
1.Этиологиялық фактордың әсерінің бастапқы кезеңі. Бұл кезеңнің клиникалық кезеңі жіті бүйрек жеткіліксіздігін тудыратын ауруға тән.
2.Олигоануриялық кезең - диурездің бірден төмендеуі немесе тоқтауы – себепкер фактордың әсерінен кейін дамиды. Азотемия күшейеді. Жүрек айну, құсу пайда болады, існулер күшейеді, сонымен қатар қуыстық (гидроторокс, гидроперикард, асцит), өкпе, бас миы ісінуі пайда болуы мүмкін. Кейде науқас коматозды жағдайға түседі.
3.Диурездің қалпына келу кезеңі (2-3 аптадан соң) кенеттен немесе бірте-бірте салыстырмалы тығыздығы төмен диурездің көбеюімен, қанда белок алмасуының қалдық өнімдері құрамының төмендеуімен сипатталады (азотемия азаяды). Бұл кезеңде полиурияға байланысты қауіпті дегидратация дамуы мүмкін.
4.Сауығу кезеңі (6-12 ай).
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі – бүйректердің шумақтық және өзекшілік функцияларының қайтымсыз нашарлауымен сипатталалы, ол олардың ішкі ортадағы қалыпты құамын ұстап тұруының қабілеттілігіне әкеледі.Созылмалы бүйрек жеткіліксіздіг кез-келген үдемелі бүйрек ауруларының серігі болып табылады. Бұл жағдайдың екі кезңін ажыратады:
1. Жасырын кезең. Бүйректердің жұмысы бұзылыстары клиникалық байқалмайды. Зимницкий сынамасы: изогипостенория; никтурия. Бүйрек функциясының бұзылысы радиоизотопты нефрография әдісімен анықталады.
2. Айқын кезең. Шағымдары: әлсіздікке, ұйқышылдыққа шаршағыштыққа, апатияға, тері қышуына, мұрыннан қан кетуге, қызыл иектен қан кетуге, жүрек айнуға, құсуға, тәбеттің болмауына, жөтелге, іш өтуге. Бұл шағымдардың бір бөлігі интоксикациямен, ағзаның азотты шлактармен улануымен байланысты, басқа бөлігі- олардың тамыр қабырғаларын зақымдаушы әсері; үшінші - азотты шлактардың бүйрекке емес (қалыптағыдай), асқазанның, ішектің, бронхтардың шырышты қабатынан, теріден бөлінуі. Бұл кезде шырышты қабаттар және тері тітіркеніп, қабынады, соган сәйкес симптомикасымен уремиялық гастриттер, колиттер, бронхиттер, дерматиттер дамиды.
Объективті зерттеулер: қарағанда тері жамылғылары бозғылт- сары, құрғақ, теріде қасыған іздері, "көгерулер". Ауыздан аммиак иісі сезіледі. Facies nephritica.
Жүрек – қантамыр жүйесі: АҚ жоғарылаған, әсіресе диастолалық, оң қарыншаның гипертрофиясына және кеңеюіне әкеліп, осының салдарынан жүрек ұшы соққысы жайылмалы және күшейген болады; перкуторлы жүректің солға ығысуы анықталады; жиі перикардтың үйкеліс шуы естіледі, ол өте нашар болжамды белгі болып табылады және де перикард жапырақшаларынан азотты шлактардың бөлінуінен олардың қабынуымен және осыдан перикардит дамуымен байланысты. Уремияның үдеуі шамасына қарай бұлшықеттердің тырысып тартылуы пайда болады, энцефалопатия көріністері күшейіп, сирек, терең және шулы тыныспен (Куссмауль) уремиялық кома дамуына дейін жетеді. Қома кезінде, кейде оған дейін де науқастың аузынан аммиак иісі сезіледі. Уремиялық кома – өлім қаупі белгісі.
Зертханалық көрсеткіштер: созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің екі кезеңінде, сонымен қатар уремиялық кома кезінде қанда мочевина, зәр қышқылы, креатинин, индикан, сонымен қатар әртүрлі азотты шлактардың түрлерінің құрамы жоғарылайды. Бәрі қосылып қалдық азот деп аталатын қанның биохимиялық параметрін құрайды. Зимницкий сынамасы кезінде, яғни кома дамымай тұрып, изогипостенурия, никтурия анықталады.
