- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Қуық пальпациясы
Қуық тек онда зәр біршама жиналғанда пальпацияланады. Бұл кезде шат үстінде эластикалық дөңгелек пішінді және флюктуациялаушы құрылым анықталады. Ишурия кезінде қуықтағы зәр мөлшері өте көп болуы мүмкін, яғни оның жоғарғы полюсі кіндікте анықталады.
Қуық перкуссиясы
Бүйректі зерттегенде перкуссияның тәжірибелік мәні жоқ: бүйрек тереңде орналасуына байланысты перкуторлы анықталмайды.
Диагностикалық мақсатта бүйрек аймағын соққылау қолданылады. Ол оң қолдың жұдырығымен немесе алақанның қырымен белдің оң және сол аймақтарын соққылау арқылы жүргізіледі. Бұл кезде плессиметр ретінде - сол қолдың қолбасын қолдануға болады. Зерттеудің оң мәнділігі - пациенттің ауырсынуды сезуі. Бұл Пастернацкий симптомы, ол несеп-тас ауруында, паранефриттерде байқалады.
Бірақ бұл симптом арнайы емес және де бел-сегізкөз радикулитінде - миозитте байқалуы мүмкін. Егер Пастернацкий симптомы оң мәнді болған жағдайда, науқастың ауру тарихында, оның қай жағында оң мәнді екенін (оң, сол, екі жақта), сонымен қатар оның айқындылығын (әлсіз оң мәнді, шамалы оң мәнді, бірден оң мәнділігі) көрсету керек.
Қуық перкуссиясы ол зәрмен шамадан тыс толып тұрғанда қасаға үстінен тұйық дыбыс шығады. Ішке жоғарыдан төмен қуыққа қарай бағытта перкуссия жүргізе отырып, яғни тимпандық перкуторлық дыбыс тұйықққа өткен сәтте, қуықтың шамадан тыс толғанын анықтауға болады.Соңғы зәр шығару қашан болғанын айта алмайтындарға қуыққа перкуторлы анықтау толық адамдарда тәжірибе жүзінде маңызды, алдыңғы іштік қабырғасында шел-май қабатының жақсы дамуы қуықты пальпаторлы анықтауға қиындық тудырады. Мұндай жағдайда анықталған ұлғайған қуықты перкуссия көмегімен оған катетер қоюға көрсеткіш болып табылады. Бұл өте қажет, себебі шамадан тыс толып тұрған қуық науқастың ауыр жағдайын үдетеді.
83-сурет. Науқастың жатқан қалпында бүйрек пальпациясы.
84-сурет. Науқастың тұрып тұрған қалпында бүйрек пальпациясы.
7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
Бүйрек шаншуы - әртүрлі бүйрек және жоғарғы зәр шығару жолдары аурулары кезінде пайда болады, несепағардың, астаушалар немесе табақшалардың окклюзиясымен жүретін симптомокомплекс.
Ең жиі себептері: нефролитиаз, бүйректегі іріңді үдерістер, бүйректің және несепағардың ісіктері, нефроптоз, гидронефроз, дискинезиялық түрдегі функционалді бұзылыстар.
Шағымдар: бел аймағында, кейде іш аймағында ұстама тәрізді интенсивті ауырсынулар. Ауырсынулар іштің төменгі бөліміне, умаға, жыныс мүшелеріне (окклюзия локализациясына байланысты) иррадиацияланады. Жиі дизуриялық бұзылыстар, жиі ауырсынумен зәр шығару мазалайды.
Объективті зерттеулер: науқас мазасызданады. Әдетте науқас қолдарын бел аймағына қойып иіліп тұрады. Жүрек- қантамыр жүйесі: жиі – брадикардия, АҚ жоғарылауы. Асқазан-ішек трактісі: тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Кейде іштіктің тітіркену симптомы оң мәнді. Зәр шығару жүйесі: несепағар проекциясын пальпациялағанда – конкременттің орналасуы жеріне сәйкес локалды ауырсыну. Сол жағында Пастернацкий симптомы оң мәнді.
Зертханалық-аспаптық зерттеулер: жалпы зәр анализі (шаншуды басқаннан кейін зәр тұнбасында болған эритроцитттердің пайда болуы), экскреторлы және ретрогродты урография, бүйрек УДЗ-і, хромоцистоскопия және басқа аспаптық зерттеу әдістері бүйрек шаншуының себебін анықтауға көмектеседі.
