Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі

Ажыратады: 1) жіті бауыр жеткіліксіздігі; 2) созылмалы бауыр жеткіліксіздігі (оның сатылары): а) компенсирленген – клиникалық симптомдар жоқ; б) декомпенсирленген – айқын клиникалық белгілерімен, 3 ) бауыр жеткіліксіздігі терминалды кезеңде.

Жіті бауыр жеткіліксіздігі гепатиттің ауыр түрлерінде, гепатотропты улы заттармен улануда (фосфор, мышьяк, ішімдіктің жоғары дозасы, саңырауқұлақтар) пайда болады. Ағымы жылдам: бірнеше сағат, күн. Созылмалы бауыр жеткіліксіздігіне гепатиттер, цирроздар, бауырдың ісіктік зақымдалуы әкеледі.

Бауыр жеткіліксіздігі генезінің негізінде екі фактор жатыр: 1) дистрофия, гепатоциттердің некробиозы бауыр функциясын біршама төмендеуін туғызатын; 2) қалыптыда қақпа және қуыс веналары арасындағы коллетералдарда жұмыс істеуі (парто-кавалды анастомоздар), бұл кезде бауырдың зат алмасуға қатысуы бірден төмендейді және де ішекте сіңірілетін токсикалық өнімдердің біршама бөлігі үлкен қанайналымға түседі. Жиі екі фактор да бір кезде болады.

Бауыр жеткіліксіздігіне тән шағымдар: 1) себепсіз әлсіздік, тез шаршағыштық, 2) тәбеттің нашарлауы; 3 ) өт бөлу және асқорыту бұзылыстары салдарынан диспепсиялық көріністер; 4) белокты пирогендік заттардың инактивациясы бұзылыстарынан болған қызба; 5 ) сарғаю (паренхимотозды түрінде); 6 ) ісіктер (гипопротеинемиялық); 7) іштің ұлғаюы (метеоризм, асцит); 8) терілік геморрагиялар, мұрыннан, тік ішектен және т.б. қан кетулер (геморрагиялық диатез) қан кейбір ұю факторларының бауырдағы синтезінің бұзылыстарына байланысты, 9) еркектердегі гинекомастия, әйелдердегі эстрогендер инактивациясының жеткіліксіздігіне байланысты етеккір циклінің бұзылысы (эндокриндік бұзылыстар).

Қарап тексеру: жүдеу, сарғаю, геморрагиялық кебу, "тамыр жұлдызшалары", "бауырлық алақан", асцит.

Пальпацияда: бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы.

Бауыр жеткіліксіздігінің терминалды кезеңі. Оның негізінде бауыр қызметінің толық тоқтауы, әсіресе оның антиктоксикалық функциясының тоқтауы. Белоктың аммиактың, фенол өнімдерімен улану жүріп, ол бас миының зақымдауына және жүйке-психикалық бұзылыстарға әкеледі.

Психомоторлық бұзылыстарды айқындылығына байланысты бауыр жеткіліксіздігінің терминалды кезеңінің 4 сатысына бөледі:

I кезеңі – прекома. Эмоционалдық тұрақсыздық пайда болады: үрей, қайғыру, апатия, баяу ойлану. Науқастарда қоршаған ортаға деген бағдары, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.

II кезеңі – дамушы кома. Психоз, дезориентация күшейеді. Мінез-құлқының адекватсыздығы тән: қозу ұстамалары депрессиямен алмасады. Саусақтардың, еріндердің, қабақтардың треморы пайда болады.

III кезеңі – ступор. Ұйқышылдықпен қатар қысқа мерзімді қозу ұстамалары болуымен сипатталады. Тремор айқын.

IV кезеңі – кома. Ес-санасы жоқ. Сезімталдықтың барлық түрі жоғалады (ауырсынулық, тактилді және т.б.) бұлшықеттер ригидті. Кома өлімге әкеледі.

Барлық кезеңде ауыздан "бауыр" иісі байқалады (метионин алмасуының бұзылысы), геморрагиялық диатез, үдемелі сарғаю, Куссмауль және Чейн-Стокс тыныстарыың кезеңді алмасуы.

VII БӨЛІМ. ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ