- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Өт қабын пальпациялау
Өт қабын сипап сезуді іштің оң жақ тік бұлшықетінің латералды жиегі мен оң жақ қабырға доғасымен түзілген бұрышта жүргізіледі. Өт қабы қалыпты жағдайда пальпацияланбайды, бауырдың төменгі жиегі астынан шамалы ғана сезіледі.
Өт қабының ұлғаюы оның өтпен, тастармен керілуіне байланысты болады және де мұндай жағдайда оны пальпациялауға болады. Өт қабы қабынғанда оның іштік қабырғасындағы проекциясы орнында пальпациялағанда бірден ауырсынуы – тас болғанда, егер холециститсіз болса ол – ауырсынусыз. Өте сирек кездесетін өт қабы ісігінде, ол пішіні дұрыс емес ауырсынатын дене түрінде сезіледі. Жалпы өт өзегі ұйқы безі басының қатерлі ісігі кезінде көлемі жағынан ұлғаяды. Бұл жағдайда өт қабының ұлғаюы және пальпациялану мүмкіндігі Курвуазья симтптомы деп аталады. Өт қабын пальпациялауда оның қабынуы жағдайларында жиі іштің оң жақ тік бұлшықетінің жоғарғы бөлігінің тырысуы болады – ол бұлшықет қорғанысы симптомы.
Өт қабы пальпациясының техникасы: яғни іштің тік бұлшықетінің сыртқы жиегінің қабырға доғасы жиегімен қиылысқан аймағындағы өт қабы нүктесін анықтап алу керек, сол жерді оң қолдың сұқ саусағымен немесе ортаңғы саусағымен басып, егер бірден ауырсыну болмаса дем шығару дозасында сырғымалы қозғалыс жасау керек. Пальпацияны науқастың жатқан қалпында жүргізеді, бірақ тұрған қалпында да, науқасты сәл ғана еңкейтіп пальпация жасауға болады.
Өт қабы қабынғанда төменде көрсетілегн симптомдардың барлағы да оң мәнді болады. "Василенко симптомы:" алақанның ульнарлы жиегімен оң жақ қабырғаасты аймағын терең дем алу шыңы кезінде соққылағанда, дем шығару кезеңділігімен салыстырғанда ауырсынудың күшеюі немесе оның пайда болуы.
Кер симптомы: өт қабы аймағын пальпациялағанда дем шығару кезінде ауырсыну немесе дем алу кезінде ауырсынудың күшеюі.
Мерфи симптомы: өт қабы аймағын іштің қампиып тұрған кезінде немесе дем алу кезінде пальпацияға ыңғайлаған кезде ауырсынудың пайда болуы.
Ортнер симптомы: алақан қырымен оң жақ қабырға доғасын жай соққылағанда ауырсынудың пайда болуы.
Мюссидің Френикус-симптомы: саусақпен оң жақ кеуде-бұғана-емізікше бұлшықеті аяқшалары арасын басқан кезде ауырсынудың пайда болуы.
6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
Клиникалық тәжірибеде келесі негізгі синдромдардың маңызы зор: сарғаю, порталды гипертензия, бауыр жеткіліксіздігі.
6.3.1 Сарғаю (icterus)
Берілген синдром терінің, шырышты қабаттардың гипербилирубинемия нәтижесінде сары түске боялуы. Ең алдымен сарғаю склераларда, тілдің, таңдайдың төменгі жиектерінде пайда болады. Содан соң барлық тері сарғаяды. Гипербилирубинемияның қай сатысында және ұзақтығында болсын сарғаю деңгейі әртүрлі болуы мүмкін (3-кесте).
Сарғаюдың келесі түрлері бар: бауырүстілік (гемолитикалық), бауырдың (паренхиматозды), бауырастылық (механикалық).
1.Бауырүстілік сарғаю (гемолитикалық). Себебі эритроциттердің шектен тыс бұзылуы және қанда бос билирубиннің жиналып қалуы. Зәрдегі уробилин деңгейі бұл кезде жоғарылайды, нәжістегі стеркобилин көлемі жоғарылайды. Дәрет күңгірт түсті болады (дәреттің плейохромиясы).
2. Бауырлық (паренхиматозды). Себебі: зақымданған гепатоциттермен бос билирубиннің ұсталуының бұзылысы және оның гепатициттердің зақымдануына байланысты гиалуронды қышқылмен байланысуының бұзылысы. Оның синдромы қанда бос билирубиннің жоғарылауы болып табылады. Одан басқа қанда қалыптыда байланысқан (глюкурон қышқылымен) билирубин пайда болады. Қанда бұл бос билирубиннің пайда болуы гепатоциттердің бұзылысы кезінде олардың мембранасы да зақымдалады, олардың функциясы да бұзылады, себебі гепатоциттер ішінде түзілетін байланысқан билирубин тек өт капиллярларына ғана емес (қалыптағыдай), қан капиллярларына да – тамыр арнасына түседі, ол қалыптыда болмайды. Қалыптыда қанайналымда жүретін бос билирубин бүйрек сүзгісі арқылы өтпейді, зәрде тек оның метаболиті – уробилин іздері ғана болады. Паренхиматозды сарғаю кезінде қанда пайда болуы бос билирубин бүйрек фильтрі арқылы өте алады және де зәрде бұл кезде билирубин анықталады. Ол ғана емес. Зәрмен үлкен мөлшерде уробилин бөлінеді.
Оның себебі келесідей:
Дені сау адамда ұлтабарға жалпы өт өзегі бойымен өтпен бірге байланысқа билирубин түседі, ол біртіндеп ішек қабырғасы арқылы уробилин түрінде қанға сіңіріледі. Ол зәрмен аз ғана мөлшерде бөлінеді, бірақ біршама қанға сіңірген уробилиннің бөлігі кері қан ағысы арқылы бауырға, гепатоциттерге түсіп, оның ішінде уробилин байланысқан билирубинге айналады. Гепатоциттер зақымданған жағдайда оның уробилинді ұстап қалу функциясы зардап шегеді, оның концентрациясы қанда жоғарылайды және ол көп мөлшерде зәрмен бөлініп шығады. Дәреттегі стеркобилин деңгейі өзгермейді. Бірақ Боткин ауруымен науқастар (гепатоциттердің спецификалық қабынуы) діреттің түсізденуі болады (дәреттің ахилиясы). Бұл ауыр ағымды гепатит жағдайында аурудың бірінші күндері, яғни гепатиттердің айқын қабынулық ісінулері байқалғанда бауырішілік өт жолдарының қысылып қалуына әкелетін және механикалық сарғаю феномені пайда болады, оған дәреттің ахилиясы өте тән.
3. Бауырастылық сарғаю (механикалық). Себебі: билирубиннің өтпен бірге ішекке бөлінуіне және байланысқан билирубиннің кері қанға сіңірілуіне кедергілердің болуы. Кедергі бауырдан тыс өт шығару жолдарында орналасқан. Жиі олар конкременттер, ісіктер болып табылады. Гипербилирубинемия қан сарысуында негізінде байланысқан билирубиннің және шамалы деңгейде бос билирубиннің жоғарылауымен байланысты.
Байланысқан билирубин бүйрек сүзгісі арқылы өтетініне байланысты, ол механикалық сарғаю кезінде зәрде пайда болады. Сол кезде зәрде уробилин болмайды, себебі механикалық сарғаюда билирубин ішекке түспейді, ішек қабырғасында сіңірілмейді, уробилинге ауыспайды, және де қанайналымда жүрмейді де, бүйрекке келіп түспейді.
Сарғаюдың бұл түрінде дәреттегі стеркобилин болмайды. Дәрет түссіз болады, ақ саз балшыққа ұқсайды (дәрет ахилиясы).
3-кесте.
