- •V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу
- •5.1 Сұрастыру Шағымдары
- •5.2 Объективті зерттеулер Жалпы қарау
- •Ішті қарау
- •Ішті пальпациялау
- •Беткей пальпация
- •Терең пальпация
- •Ішті аускультациялау
- •5.3 Асқорыту мүшелері аурулары кезіндегі негізгі синдромдар
- •5.3.1 Асқазаннан эвакуацияның бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы)
- •5.3.2 Ішек ұстамасы синдромы
- •5.3.3 Өткір іш синдромы
- •5.3.4 Өңештік, асқазандық, ішектік қан кету синдромы
- •5.3.5 Асқазан және ішек диспепсиясы синдромы
- •VI тарау. Өт шығару мүшелерін зерттеу
- •6.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •6.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Ішті қарап тексеру
- •Іштің беткей пальпациясы
- •Бауырды перкуссиялау
- •Бауырды пальпациялау
- •Өт қабын пальпациялау
- •6.3 Негізгі бауырлық синдромдар
- •Сарғаюдың зертханалық диагностикасы
- •6.3.2 Порталды гипертензия
- •6.3.3 Бауыр жеткіліксіздігі
- •7.1 Сұрастыру
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •7.2 Объективті зерттеу Жалпы қарап тексеру
- •Бүйректі пальпациялау
- •Қуық пальпациясы
- •Қуық перкуссиясы
- •7.3 Негізгі бүйректік синдромдар
- •7.3.1 Бүйрек шаншуы синдромы
- •7.3.2 Ісіну синдромы
- •7.3.3 Бүйректік артериалдық гипертензия синдромы
- •7.3.4 Бүйрек эклампсиясы синдромы
- •7.3.5 Бүйрек жеткіліксіздігі синдромы (жіті және созылмалы), уремиялық кома
- •VIII бөлім. Қан жүйесін зерттеу
- •8.1 Сұрастыру Шағымдар
- •Аурудың даму тарихы
- •Науқастың өмір тарихы
- •8.2 Объективті зерттеу Жалпы қарау
- •Көкбауырды пальпациялау
- •8.3 Негізгі гематологиялық синдромдар
- •8.3.1 Анемия синдромы
- •8.3.2 Лейкемия синдромы
- •8.3.3 Геморрагиялық синдром
- •8.3.4 Полицитемиялық синдром (эритремия)
- •8.3.5 Гипопластикалық синдром (панмиелофтиз)
- •IX бөлім. Ішкі секреция бездерін зерттеу
- •9.1 Сұрастыру Шағымдары
- •Аурудың даму тарихы
- •9.2 Объективті зеттеу
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •9.3 Негізгі эндокринологиялық синдромдар
- •9.3.1 Гипергликемиялық синдром
- •9.3.2 Гипогликемия синдромы
- •9.3.3 Гипертиреоидизм синдромы (тиреотоксикоз)
- •9.3.4 Гипотиреоидизм синдромы (микседема)
- •9.3.5 Гиперкортицизм синдромы (Иценко-Кушинг)
- •9.3.6 Гипокортицизм синдромы (Аддисон)
- •Қорытынды
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмаларының жауаптары
- •Әдеби дереккөздер:
- •Синдромдық диагностика негіздерімен науқасты тексеру
Бауырды пальпациялау
Бауырды сипап сезу – оны зерттеудің негізгі физикалды әдісі - В.П.Образцов өңдеген әдіс бойынша іске асырылады.
Зерттеуді науқасты жатқызып, қолдарын кеудесіне айқастырған қалыпта жүргізеді. Дәрігер сол қолын (алақанын және 4 саусағын) науқастың оң жақ бел аймағына және екі қабырғасын артқа ақырындап ығыстыру арқылы жасалады. Сол қолдың үлкен саусағы бұл кезде оң жақ қабырға доғасында орналасады (80-сурет).
Көрсетілген науқастың және дәрігердің қолдарының қалпы қабырға аралық мускулатурасының тыныс алу актісіне қатысуын мүмкіндігінше шектеуге қажет. Мұндай жағдайда науқастың тынысы көкетке қатысты іске асады, ол тыныс алғанда жоғары және төмен қозғалыстар жасайды, онымен қосыла бауырда қозғалады, ал бұл өз кезегінде, оны пальпациялауға қолайлы жағдай туғызады. Дәрігер оң қолының алақанын іштің оң жақ жартысына төрт саусағын бүгіп бауыр жиегіне параллель етіп қояды, яғни оң жақ қабырға доғасына жанасып, іштің тік бұлшықетінің сыртқы жиегіне орналасуы керек. Науқас дем шығарған кезде саусақтарды іш қуысқа және оң жақ қабырғаастына терең ендіреді. Іш қуысына енген қолды жібермей тұрып, науқасқа терең дем алуын сұрайды. Бұл кезде бауырдың төменгі жиегі төмен қарай ығыса бастайды да дәрігердің оң қолының саусақтары мен пациенттің оң жақ қабырға доғасы арасында пайда болатын жасанды қатаға түседі: сосын дем алуды жалғастыра отырып бауыр жиегі төменге түсуін жалғастыра береді, ал дәрігер оң қолымен шамалы қысым жасап науқас дем алғанда алдыңғы іштің қабырғасының жоғары көтерілуіне кедергі жасайды. Бұл кезде саусақтарды сәл ғана тіктеп іш қуысына түсіп келсе жатқан бауырға қарама-қарсы қозғалыс жасайды. Бұл іш қуысындағы бауырдың жиегі саусақтарды жанап өтеді. Бұл мезетте саусақтар бауыр жиегін сезеді (бауыр жиегін пальпациялау). Бұл кезде оның қасиеттерін, яғни консистенциясын, пішінін (өткір, жұмыр), ауырсынуын, сипатын (тегіс, бұдырлау) анықтайды.
80-сурет. Бауыр пальпациясы.
Беткей пальпация кезінде оң жақ қабырға доғасында бауыр беткейі анықталған жағдайда, бауыр жиегі төмен орналасқан, яғни қабырға доғасынан әлдеқайда төмен деген қорытынды жасалады. Мұндай жағдайда бауыр жиегін табуды төменнен оң жақ мықын аймағынан бастау керек, пальпацияны бірнеше рет қайталайды, яғни оң қолды біртіндеп бауыр жиегі жеткенге дейін жылжытады. Бауыр жиегін анықтап алған соң, оның қаншалықты оңға және солға қозғалғыштығын анықтайды. Бұл үшін қосымша әдісті қолданып пальпациялаушы қолмен бастапқы позициядан бауыр жиегін оң және сол жақтарын да пальпациялайды.
Бауыр беткейін сипап сезу үшін оң қолды бауыр тұсына қойып үстінен сырғымалы қозғалыс жасап, оның қасиетін анықтайды: консистенциясын, ауырсынуды, сипатын (беті тегіс, бұдырлы) (81-сурет).
81-сурет. Терең сырғымалы пальпацияда анықталатын қалыпты, кедір-бүдірлі, ұлғайған бауыр сызбасы.
Үлкен асцит болса, яғни қолды бауыр жиегіне қоя алмаған жағдайда, сілкілеу тәрізді пальпация ұсынылады. Оң қолдың төрт саусағымен іш қабырғасы бойымен төменнен жоғары қарай бағыттап сілкілеу тәрізді соққылар жасайды. Бауыр үстінен ұрғылағанда жоғарыға көтеріліп, кейін бұрынғы орнына қайта келгенде дәрігер қолына соғылатын қатты денені сезеді. Бұл сезім "жүзіп жүрген мұз" симптомы атына ие болған.
Кейбір жағдайларда бауыр жиегін пальпациялау науқастың вертикалды қалпында жүгізілу міндеттелген. Науқас бұл кезде алдыға еңкейіп тұрып тұруы және терең тыныс алуы керек. Пальпация әдістемесі сол жатқандағы тәрізді. Бұл асцит, метеоризм кезінде, сонымен қатар науқас жатқан кезде жоғарыға ығысқан болады.
Бауырдың пальпаторлық семиотикасы:
1.Локализациясы және көлемі. Бауырдың төменгі жиегінің орналасуын анықтайды және перкуссия мәліметтерін ескере отырып оның көлемінің - кішірейгенін, қалыптылығын, ұлғайғанын айтуға болады. Бауыр көлемі өзгерістерінің себептері жоғарыда "Бауыр перкуссиялау" бөлімінде көрсетілген.
2.Консистенциясы (тығыздығы). Кейбір патологиялық жағдайларда бауыр және оның жиегі қалыпты, серпімді консистенциялы, тегіс болып қалуы да мүмкін, (мысалы, бауырда қанның немесе өттің аз уақыт іркілуі, оның май басуы, инфекция кезінде бауырдың ұлғаюы кездерінде). Бауырдың және оның жиегінің шамалы тығыздалуы цирроз, ісіктер, мерез, амилоидоз кезінде байқалады.
3.Бауыр жиегінің пішіні және сипаты. Қалыпты бауырдың жиегі жұмырланған. Бауырда қан іркілген кезде, оның дистрофиясында және амилоидозында ол жұмыр болып қала береді. Бауыр циррозында жиегі өткір болуы тән. Бұл жағдайда жиегі сонымен қатар бұдырлы (тегіс емес). Ол бауыр ісігінде де бұдырлы болады.
4.Бауыр беткейінің пальпациялауға қолжетімді кезіндегі сипаты. Көптеген ауруларда бауыр беті тегіс. Цирроз кезінде ол бұдырлы болады, жиі кішігірім бұдырлар пальпацияланады (бауырдың түйінденуі).
5.Бауырдың ауырсынуы және оның жиектері. Бауырдың және оның жиектерінің пальпацияда ауырсынуы бауырда қан іркілгенде, бауырішілік өзектердің қабынуында, өт шаншуы ұстамасы кезінде, аздап жіті гепатит кезінде болады. Көп жағдайда бауыр циррозында, амилоидозында бауыр пальпациясы, оның көлемінің ұлғаюына қарамай тіпті ауырсынусыз.
Сезілген ұлғайған бауыр пульстеп тұруы мүмкін, үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі кезінде байқалатын тәрізді. Бұл пульсация келесідей айқынырақ анықталуы мүмкін.
