Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Синдромдық диагностика оқу құралы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.9 Mб
Скачать

V бөлім. Асқазан-ішек жолдары жүйесін зерттеу

5.1 Сұрастыру Шағымдары

Асқорыту мүшелері аурулары бар науқастарды сұрастырғанда шағымдарын жіктеу аса маңызды болып табылады. Шағымдарын келесі топтарға бөледі : 1) асқазан- ішек жолдары зақымдануымен байланысты; 2) басқа мүшелердің зақымдануымен байланысты; 3) жалпы жағдайын сипаттайтын ( әлсіздік, шаршағыштық , еңбекке жарамдылығын жоғалту және т.б.).

Ауырсынулар. Ең жиі, кейде жалғыз ғана шағым іштің ауырсынуы болып табылады. Ол әдетте асқазан-ішек жолдары ауруларының диагностикасында бағыттаушы бөлімі болып табылатын және клиникалық сан түрлілігімен ерекшеленеді.

Асқазан-ішек жолдары аурулары кезінде мынадай себептерге байланысты пайда болады: 1) қуыс мүшелері және шығарушы өзектердің мускулатурасының спазмы тензионды ауырсынулар; 2) қуыс мүше қабырғаларының созылуы және оның байламдарының керілуі (дистензионды ауырсынулар); 3) мүшелердің зақымдалуы және құрылымдық өзгерістері ( қабыну, ойықжара түзілуі, ісіктің өсуі); 4) іш қуысы тамырларында ишемиялық немесе іркілістік сипаттағы қанайналым бұзылыстары (спазм, атеросклероз, тромбоздар, іркіліс); 5) ішектің қабынуы (мысалы, асқазан қабырғасының перфорациясы кезінде); 6) басқа мүшелер мен жүйелер аурулары кезінде ішке берілетін ауырсыну көрінісі висцеро-висцералді рефлекс бойынша ( миокард инфарктісі, диафрагмалық плевраның тітіркенуі). Жиі әртүрлі механизмді ауырсынулар бірігеді.

Ауырсыну синдромын ерекшелігін бағалағанда ескереді: ауырсынудың локализациясы, олардың сипаты, интенсивтілігі, ағым ерекшеліктері (жіті, созылмалы), кезеңділігі немесе тұрақтылығы иррадиациясы, аурысынудың тағам қабылдау уақытымен және оның сапасы, ауырсынуды күшейтетін немесе әлсірететін факторлар.

Ауырсыну орналасуы (62-сурет).

62-сурет. Өңеш, асқазан және ішек зақымдануы кезіндегі ауырсынудың ең жиі орналасуы: 1 – өңеш; 2 асқазанның субкардиалды бөлігі; 3 асқазан денесі;4 – асқазанның пилорикалық бөлігі; 5 – ұлтабар; 6 – жіңішке ішек;

7 – тоқ ішек; 8 тік ішек.

Ауырсынудың орналасуын анықтау қандай да бір мүшенің патологиялық үдеріске қосарланғанын байқауға көмектеседі. Сондықтан ауырсынудың орналасуын дәл анықтауға тырысу керек (эпигастрияда, оң және сол қабырғаастында, мысалы мықын аймағында, белдемелік ауырсыну және т.б.).

Асқазанасты ортасы аймағындағы ауырсыну (семсер тәрізді өсінді астында) өңештің, асқазанның кардиалды бөлімінің ауруларында жиі кездеседі, асқазанасты аймағының іштің ортаңғы сызығының оң жағында болуы ұлтабардың ойық жарасында, сол жақта ұйқы безі патологияларында болады.

Оң жақ қабырғаастының ауырсынуы ұйқы безінің басы зақымданғанда, он екі елі ішек, тоқ ішектің оң жартысы, өт қабы зақымдалғанда, соқыр ішек өсіндісі жоғары орналасқанда болуы мүмкін.

Сол жақ қабырғаастының ауырсынуы асқазан, ұйқы безінің, тоқ ішектің сол жартысы зақымдалғанда пайда болуы мүмкін.

Белдемелік сипаттағы ауырсыну іштің жоғарғы бөлімі деңгейінде болса, ол ұйқы безі патологияларына тән.

Аш ішектің, шажырқайлық тамырлардың, іштік қолқаның аурулары кезінде ауырсыну кіндік айналасы аймағында пайда болады.

Оң жақ мықын аймағында ауырсыну пайда болса, аш ішектің терминалдык бөлімінің зақымдануын, құрттәрізді өсіндінің және соқыр ішектің қабынуына ойлауға болады.

Сол жақ мықын аймағында ауырсыну тоқ ішектің сол жартысының патологиясын көрсетуі мүмкін.

Қасағаүсті аймағында орналасқан ауырсыну зәр шығару мүшелері ауруларымен байланысты.

Кей жағдайларда ауырсыну локализациясы зақымданған мүшенің топографиясына сәйкес болмайды. Мысалы, асқазан ойық жарасы перфорациясында ауырсыну алдымен асқазандағы заттардың іштің оң жағына өтіп кетуінен оң жақ мықын аймағында орналасып, кейін ауырсыну эпигастрия аймағында да пайда болуы мүмкін немесе іштің барлық бөліміне таралады.

Іштің барлық бөлімін қамтитын ауырсыну (жайылмалы ауырсыну) іштіктің ауқымды қабынуында, ішек өтімсіздігінде, паренхиматозды мүшелердің жарылуында, сонымен қатар метеоризмде және асцитте пайда болады.

Ескеру қажет, іштің ауырсынуы (ауырсыну көрінісі) тек асқазан-ішек трактісі зақымдануында ғана емес, сонымен қатар кеуде қуысы және басқа да мүшелердің патологияларында болады. Эпигастриядағы ауырсыну миокард инфарктісінде қолқаның ажырамалы аневризмасында, плевриттерде болуы мүмкін; оң жақ қабырғаастында – бауырдың және өт қабының зақымдалуында, бүйрек зақымдануында белдемелік ауырсыну қабырға аралық неврологияларда; мықын аймағындағы ауырсынулар несепағарлардың, аналық бездердің және т.б. патологияларында болуы мүмкін.

Ауырсынудың сипаты. Тұйық, басып ауырсыну жиі іш қуысы мүшелерінің шектен тыс керілуінде (висцеропоз, метеоризм, асқазанның аса керілуінде және т.б.), ісіктерде; интенсивті басып, түйіп, кескен тәрізді ауырсыну – патологиялық үдеріске іштіктің немесе күн өрімінің қосарлануында болады (тесіп өтуші және пенетрациялаушы ойық жарада, жіті ішек өтімсіздігінде, ұйқы безі ісігінде), сонымен қатар жатырдан тыс жүктілікте болады. Қысып ауырсыну жазық мускулатуралық тонусы жоғарылағанда байқалады: кардиоспазм (өңештің кардиалды бөлімінің спазмында), қалытқының тарылуында және т.б.

Күйдіріп ауырсыну өңештің, асқазанның шырышты қабатының тітіркенуін көрсетеді.

Ауырсыну қарқындылығы, ағым ерекшелігі (жіті, созылмалы). Көптеген терапевтік ауруларға шамалы ауырсыну тән. Қатты ауырсыну жіті гастритте, ойықжара асқынуында, пенетрациясында, панкреатитте пайда болуы мүмкін. Қатты ауырсынудың пайда болуы хирургиялық патология туралы ой салады және т.б. Өткір қанжар сұққан тәрізді ауырсыну асқазан және ұлтабар ойық жарасы перфорациясына тән.

Есте сақтау керек, жіті күтпеген жерден ауырсынудың пайда болуы қөптеген хирургиялық ауруларға тән, яғни жіті іш клиникалық көрінісін береді, бұл кезде науқасқа тез арада ота жасау керек. Керісінше, созылмалы, бұрыннан, кезеңді күшейетін, науқасқа мәлім ауырсыну аз қорқынышты.

Ескеру керек, аурудың сипаты мен интенсивтілігін нақты ауырсыну тітіркендіргіштерінің инвидуалді сезімталдығына байланысты, тек патолониялық үдерістің айқындылығына және таралуына ғана емес.

Ауырсынудың кезеңділігі немесе тұрақтылығы. Тұрақты түрдегі ауырсыну асқазанның немесе ұйқы безі ісіктеріне, ойықжара пенетрациясына, ойықжара айналасындағы тіндерде жабыспалық үдерістердің дамуына тән. Мұндай ауырсынулар тәулік, апта бойына созылады, кейде күшеюі немесе баяулауы мүмкін. Ауырсыну интенсивтілігі дене қалпының өзгеруіне, физикалық жүктеменің өзгеруіне байланыстығы анықталады.

Кезеңді ауырсыну тәулік бойына пайда болады және түгелімен басылуы мүмкін, тәуліктің белгілі мерзімі күндіз немесе күнделікті (ауырсынудың стереотиптілігі), жиі мерзімнің нақты бір кезеңінде (ауырсынудың мезгілді ырғағы) пайда болуы мүмкін. Ауырсынудың стереотиптілігі және ырғақтылығы ойықжараға тән. Бұл аурудың өршуі, ереже бойынша, көктемде және күзде.

Ауырсынудың иррадиациясы. Асқазанның кардиалды бөлімінің ойықжарасында, көкеттің өңештік тесігінің жарығында ауырсыну кейде жүрек аймағына иррадиациялайды.

Ауырсыну арқаға иррадиациялауы асқазан және ұлтабардың артқы қабырғасының ойықжарасында, оның ұйқы безіне пенетрациялаушы түрінде, ұйқы безі патологияларында байқалады. Белдемелі ауырсынулар панкреатиттерге тән.

Тік ішек зақымданғанда (проктиттерде, парапроктиттерде, ісіктерде) ауырсыну сегізкөз аймағына иррадиацияланады.

Ауырсыну тамақтану уақытымен байланысы. Бұл байланыс кей жағдайда патологиялық үдерістің локализацясы және сипатын анықтауға көмектеседі.

Тамақтану кезіндегі ауырсынулар жиі өңеш заымдануында пайда болады. Тамақтанғаннан кейін ауырсынудың бірден күшеюі гастритте және перигастритте (іштіктің абынуы), тоқ ішектің көлденең бөлімінің қабынуында ( трансверзит) байқалады. Ерте деп аталатын ауырсынулар (тамақтанғаннан соң 35-40 мин. кейін) асқазан ойықжарасына тән, кеш ауырсынулар (тамақтанғаннан соң 1-2 сағ.кейін) ұлтабар ойықжарасына тән, ал кейде ерте және кеш ауырсынулар гастриттерде немесе дуодениттерде (ойықжара тәрізді симптоматика) болуы мүмкін.

Ашқарында пайда болуы (аштықауырсынулары), әсіресе түнде, талшық ішкен соң немесе сілтілерді қабылдаған соң басылатын ауырсынулар гиперацидті жағдайларға (гастрит, ойықжара) тән.

Тамақтанғаннан соң пайда болуы және де бірден дефекаациямен қосарлананатын ауырсыну тоқ ішектің рефлекторлық тітіркенуімен байланысты.

Ауырсынудың тағам сапасымен байланысты болуы аса маңызды: қатқыл, ащы, тұзды тағамдар. Мұндай тағамдарды қабылдау белсенді сөл айдаушы және тітіркендіргіш әсер береді. Бұл жағдайда ауырсынудың пайда болуы гиперсекрецияға және асқазан-ішек трактісінің тітіркену жағдайын көрсетеді.

Ауырсынуды күшейтетін және баяулататын факторлар. Міндетті түрде ауырсынудың физикалық жүктемемен (ауыр көтеру, жүру, селкілдеген жолда жүру, жөтел), қобалжумен, дефекация актісімен ( ішек босамай тұрып, сол мезетте, ішек босаған кезде) байланыстылығын анықтау керек. Сонымен, дефекация алдында ауырсынудың болуы сигма тәрізді ішек ауруларына (ісік, колит) байланысты, ал дефекация кезінде –геморроймен байланысты. Құсқан соң ауырсынудың азаятынын немесе күшейетінін, сода ішкен соң, жылуды, суықты, спазмолитикалық заттарды қолданғанда басылатынын анықтау керек.

Ауырсыну синдромының асқазан-ішек трактісінің әртүрлі бөлімдері аурулары кезіндегі ерекшеліктері. Асқорыту мүшелері қандай да бір зақымданғанда пайда болатын ауырсынулардың өз ерекшеліктері бар, өңештің әртүрлі сипаттағы зақымдануында төс артының жұтыну актісімен байланысты ауырсынуы байқалады. Интенсивті әртүрлі төс артының ауырсынуы спонтанды криздер түрінде сезілуі мүмкін (кардиоспазм – өңештің кардиалды бөлімінің спазмы). Мұнда ауырсыну кеуде торшасының сол жартысына, арқаға, жауырын аралық аймаққа, мойынға иррадиациялауы және стенокардияға ұқсауы мүмкін.

Эпигастралды зонада тамақтанғаннан кейін сыздап ауырсынуы созылмалы гастритте кездеседі.

Асқазанның немесе ұлтабар ойықжарасында ауырсынуға келесі ерекшеліктер тән, кезеңділік, тамақтануға байланыстылығы (ерте – асқазан ойықжарасында пайда болады, кеш – ұлтабардың ойықжарасында); пайда болу мерзімділігі (жиі күзде және көктемде); құсқан соң, сілтілер, спазмолитиктер қабылдағаннан кейін тамақтанғаннан кейін азаюы немесе басылуы. Кейде ауырсыну сипаты ойықжараның орналасу жеріне де байланысты болады. Асқазанның кардиалды бөлімінің немесе оның артқы қабырғасының ойықжарасында семсер тәрізді өсіндінің астында орналасып, жиі төске, жүрек аймағына иррадиациялайды. Эпигастрий аймағындағы интенсивті ауырсынулар арқаға оң қабырғаастына иррадиациялаушы асқазанның пилорикалық бөлімінің ойықжарасына тән. Ұлтабар ойықжарасы кезінде ауырсыну іштің жоғары квадратында орналасады.

Ұйқы безі зақымдануымен байланысты ауырсынулар жиі белдемелі сипатта болады, олар жіті панкреатитте интенсивті, тұйық – созылмалыда болады; ол эпигастралды арқаға, жүрек аймағына иррадиациялайды. Іштің барлық жерін қамтитын спастикалық ауырсынулар жиі тоқ және аш ішектің қабынулық үдерістерінде кездеседі.

Ескеру керек, ауырсыну симптомының диагностикалық бағасы оны басқа да субъективті симптомдармен қатар қойғанда жоғарылайды.

Құсу (vomitus), асқазан-ішек трактісінің әр түрлі патологиялық жағдайлары кезіндегі маңызды шағымдардың бірі болып табылады, бірақ кейде орталық жүйке жүйесі патологияларында, интоксикацияларда, қызбада, гипертониялық криздердің сонымен қатар кез-келген қарқынды ауырсынуларда байқалады (63-сурет).

Құсу әдетте жүрек айнумен, сілекейдің көп бөлінуімен, тахикардия, артериялық қысымның төмендуімен қосарланады.

Құсудың диагностикалық бағасы маңызды болып табылады, егер келесі оның ерекшеліктерін ескерсе: 1) құсудың жиілігі (бір ретті, рецидивтеуші,тоқтаусыз); 2) құсудың тамақтану уақытымен байланыстылығы (ашқарында, тамақтанып болған соң бірнеше уақыттан кейін); тағамның сапалық құрамына; 3) құсудың ауырсынулармен байланысы (ауырсыну шегіне жеткенде оның алдында, құсудан кейін ауырсыну азаюы немесе басылуы); 4) құсықтың сипаты (мөлшері, түсі, астың қорытылу деңгейі, құсықта өттің, қанның болуы); 5) құсықтың иісі, дәмі науқасқа сезілетін (қышқыл, ащы дәм – асқазанға өттің көп түсуі).

Алқызыл түсті қанмен құсық асқазанмен қан кетуіне байланысты (эрозивті гастрит, ойықжара, асқазан ісігі). Күнгірт қоңыр түс, кейде тіпті қара түсті құсық ( кофе қойыртпағы түсі) қанкетудің салыстырмалы болу түрін және қанның асқазанда тұрып қалуын көрсетеді, себебі, онда тұз қышқылының әсерінен гемоглабиннің тұз қашқылды гемотинге айналады. Құсықтың мұндай сипаты құсуға әкелетін қан кетуді білдіреді. Кейде мұрыннан және өкпеден қанкеткенде, ол жұтылып асқазанға түседі де, сонда түрінің өзгеретінін ұмытпау керек.

63-сурет. Құсу механизмі: 1 – асқазанның зақымдалуы; 2 – өт қабының қабынуы; 3 – өт жолдарында тастың болуы; 4 – ұйқы безінің қабынуы; 5 – аппендикстің қабынуы; 6 – несепағарда тастың болуы; 7 – бас миындағы патологиялық өзгерістер; 8 – құсу орталығы; 9 – симпатикалық ганглий.

Құсықта шырыштың көп мөлшерде болуы созылмалы гастритке тән.

Клиникалық тұрғыдан асқазанның, өңештің және орталық жүйке жүйесіне байланысты құсулар болатынын білу маңызды.

Асқазанға байланысты құсу жиі тамақтанғаннан соң 0,5-1,5 сағаттан кейін, яғни асқазанда астың қорытылуы күшейген кезде пайда болады. Құсудың алдында жүрек айну және іштің ауырсынуы болады. Құсық көп мөлшерде, тағам қалдықтарынан тұрады. Құсудан кейін ауырсынулар азаяды.

Асқазанға байланысты құсудың түрлеріне стенотикалық құсу жатады. Ол ісік болғанда немесе оның тыртықтануында қалытқының стенозында, сонымен қатар ұлтабардың тыртықтану өзгерістерінде пайда болады. Стенотикалық құсудың ерекшеліктері құсықтың көп мөлшерде болуы, онда алдында аз өзегерген тағам қалдықтарының болуы, жағымсыз шіріген иістің болуы (шіріген жұмыртқа иісімен құсу).

Өңешке байланысты құсу органикалық тарылуда, спазмда, өңеш дивертикуласында кездеседі. Асқазандық құсудан ерекшеленетін белгілері: жүрек айнуынсыз басталады, құсық қорытылмаған тағамнан тұрады, құрамында тұз қышқылы болмайды.

Орталық жүйке жүйесіне байланысты құсу бас айналумен, бас ауырумен қосарланады, жеңілдік әкелмейді. Ми қанайналымы бұзылыстарында, гипертониялық криздерде, бас сақинасы кезінде кездеседі.

Жүрек айнуымен, іштің ауырсынуымен, жағымсыз фекалді иіспен тоқтаусыз құсу ішек өтімсіздігіне тән.

Жүрек айну (nousea) – жағымсыз, құсық шақырушы сезім. Асқорыту мүшелері зақымдануынан басқа дәрінің және басқа да интоксикацияларда, жүктілік токсикозында, бас қаңқасы ішілік қысым жоғарылағанда кездеседі. Кейде шартты- рефлекторлы сипаты болады.

Жүрек айнуына шағымданғанда анықтап алу қажет: оның тағам қабылдауымен байланыстылығын, іштің ауырсынуымен байланысын, ұзақтығын, жиілігін.

Асқорыту трактісінің көптеген ауруларымен қосарланып, жүрек айнуы құсудың пайда болуына әкелуі де, әкелмеуі де мүмкін. Жиі асқазанның секреторлық белсенділігінің төмендеуінде, гастриттерде, ісіктерде кездеседі.

Қыжылдың (pyrosis) – асқазан-ішек трактісі ауруларының жиі симптомы. Төс артында немесе эпигастралды аймақта күйдіру сезімімен білінеді. Оның пайда болуына әкелетін негізгі фактор - бұл асқазанда антиперистальтикалық толқындар орын алғанда асқазан моторикасының бұзылуы (асқазаннан өңешке қарай).

Бұл кезде асқазандағы қалдықтармен өңештің жүйке талшықтарының тітіркенуі болады (64-сурет).

64-сурет. Құсудың пайда болу механизмі:

1 – өңештің шырышты қабығының асқазан сөлімен тітіркенуі.

Қыжыл асқазан сөлінің жоғары, қалыпты, төмен қышқылдылығында және ол жоқ болса да кездеседі. Соңғы жағдайда өңештің тітіркендіргіші асқазанның шырышты қабатының қабынуында түзілетін қышқылдар болып табылады (қабыну қышқылы). Осылай, қыжыл асқазан сөлі деңгейін көрсетпейді және де әр түрлі патологиялық жағдайларда асқазан моторикасынң бұзылыстарының көрсеткіштері болып табылады.

Кекіру (eructatio) - еріксіз, кенеттен асқазаннан газдың шығуы. Ол өңештің және асқазанның антиперистальтикалық қозғалысында, өңештің кардиалды бөлімінің қысқа мерзімге немесе ұзақ уақытқа ашылғанда пайда болады.

Кекіру сипатының диагностикалық маңызы зор (ауамен, тағаммен, шіріген жұмыртқамен, ащы дәммен және т.б.), оның жиілігі, ұзақтығы, ішкен тағамына және тағам сипатына, дене қалпына да байланыстылығы маңызды. Кекіру кезінде асқазан қуысындағы заттар жұтқыншаққа немесе ауыз қуысына кері қайтуы мүмкін - ол тағаммен кекіру.

Тағаммен кекірудің құсудан айырмашылығы, ол жүрек айнуынсыз болады. Асқазанға байланысты болған тағаммен кекіру өңештіктен айырмашылығы, ол қышқыл дәмді, оған өт араласса ауызда ащы дәм пайда болады. Қышқыл дәмді тағаммен кекіру гиперацидті гастриттерде, асқазан ойықжарасында кездеседі. Жиі ауамен кекіру – ауаны жұту белгісі, әсіресе асығып тамақтанғанда (аэрофагия). Шіріген жұмыртқа иіспен кекіру тағамның қалытқы стенозы салдарынан асқазанда ұзақ уақыт тұрып қалуында байқалады. Бұл кезде ақуыздың шіруінен жағымсыз иіс беретін күкірт сутегі түзіледі. Мұндай кекіру ахилия кезінде болуы мүмкін (асқазан сөлінде тұз қышылының және ферменттердің болмауы).

Тоқтаусыз кекіру және тағаммен кекіру өңештің және асқазанның функционалдық немесе органикалық ауруларында кездеседі. Науқас еңкейгенде, горизонталды қалпында пайда болуы кекіру және тағаммен кекіру өңештің кардиалды сфинктерінің жеткіліксіздігіне тән.

Тәбеттің бұзылуы – асқазан-ішек трактісінің кейбір аурулары кезіндегі маңызды симптом.

Тәбеттің төмендеуі, оның жоғалуына дейінгі жағдай (анорексия) жиі асқазан ісігінде және жіті гастритте байқалады (таңдаулы, анорексия), мысалы етке, ол асқазан ісігіне тән. Тәбеттің күшеюі (полифагия) кейбір эндокринді ауруларға, невроздардың жеке түрлеріне, аурудан сауыққан адамдарға тән. Тәбеттің өте қатты күшеюі булимия деп аталады (бөріше тәбет).

Сілекей ағу, ауыздың құрғауы, жағымсыз дәмнің болуы. Ауыздың құрғауы ағза сусыздағанда (жиі құсу, іш өту), қантты диабетте байқалады. Қышқыл, металдық дәм асқазан сөлі қышқылдылығының жоғарылауымен қосарланатын ауруларда кездеседі.

Ауызда ащы дәм жиі холециститпен ауыратын науқастарда байқалады.

Дисфагия (жұтыну актісінің бұзылуы) - тағамды жұтудың қиындауымен, тағам өңештен өткенде ауырсынумен байқалады. Дисфагияны органикалық және функционалдық деп ажыратады. Біріншісі өңештің органикалық өзгерістеріне байланысты (ісік, стриктура), екіншісі - өңештің кардиалды бөлімінің спазмына байланысты (кардиоспазм) әсіресе жиі невростениямен ауыратындарда болады. Органикалық генезді дисфагияға алдымен қатты тағамдардың өтуінің, кейін сұйық тағамның өтуінің қиындауы тән. Функционалдық дисфагия кезінде парадоксалді ерекшеліктер байқалады: қатты тағам қиындықсыз өтеді, ал сұйық қиындықпен жұтылады.

Ықылықтауды құрғақ немесе тығыз тағамды жылдам жегенде немесе ішімдікті ішкенде күшейеді, себебі, осы кезде асқазандағы сезімтал жүйке талшықтарының тітіркенуі пайда болады немесе күшейеді.

Іштің керілуі және ауырлық сезімнің болуы тоқ ішекте газдың көп жиналып қалуымен (метеоризм) байланысты.

Мұндай белгілер энтериттерде (аш ішек қабынғанда), колиттерде (тоқ ішек қабынғанда) байқалады.

Іштің шұрылдауы. Бұл сезім ішектерде сұйықтық және газ болған кезде моторикасының күшейгенін көрсетеді. Аш ішек және тоқ ішек ауруларында кездеседі.

Дәрет бұзылуы мұндай бұзылыстардың себебі болып, егер дәрігер келесі жағдайларды анықтаса айқын болады: дәрет жиілігі, оның сипаты, тұрақтылығы; дәрет бұзылуының тағам сипатымен және қабылдау уақытымен байланыстылығы; тенезмдердің болуы (дефекация актісінің жалған және ауырсынумен болуы), дефекация актісі кезінде ауырсыну, сонымен қатар науқаста геморройдалды түйіндердің болуы, тік ішек аймағында қышу болуы, тік ішектің түсіп кетуі – бұлардың барлығы дәреттің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Дәрет сипаты. Диагностика үшін нақты маңызы бар: мөлшері, пішіні және дәреттің консистенциясы, оның түсі, онда қанның, шырыштың, ірің, қорытылмаған ас қалдықтарының, иістің болуы.

Дәреттің мөлшері. Дәреттің тәуліктік мөлшерінің жоғарылауы (қалыптыда 100-600 г дейін тәулігіне) көп мөлшерде өсімдік тектес тағам қабылдағанда, ішектердің моторлық қызметі жоғарылағанда байқалады. Дәреттің тәуліктік мөлшері іш қату кезінде, жеңіл сіңірілетін тағамдар қабылдағанда азаяды.

Дәреттің пішіні және консистенциясы.

Ұсақ тығыз шарик тәрізді дәрет (қойдың құмалағы) спастикалық іш қатуларда (ішектердің спазмында) кездеседі. Лента тәрізді пішіндегі дәрет тік ішектің ұзақ уақыт бойы тарылуында (колиттер, спазм, тік ішек ісігі) болады. Су тәрізді, ұсақ мақталар тәрізді немесе шырыш қоймалжыңдары тырысқаққа тән. Көп мөлшерде консистенциясы ботқа тәрізді, беті жылтыр дәрет панкреатиттерде байқалады.

Жиі немесе бірретті сұйық бөлініспен дәрет – іш өту (диарея) деп аталады. Іш өтудің пайда болу себептері: 1) интрамуралді жүйке түйіндерінің тітіркенуінен ішектегі заттардың қозғалысының жылдамдауы; 2) сұйықтықтардың ішекке сіңірілуінің баяулауы; 3) ішек секрециясының және шырыш түзілуі. Іш өтулері ішек ауруларында, сонымен қатар асқазанның, ұйқы безінің зақымдануларында (секреторлық белсенділігі төмендеуімен гастрит, резекцияланған асқазан), бауыр және өт жолдары, бүйрек ауруларында, эндокриндік ауруларда (тиреотоксикоз, қантты диабет), аллергияларда, невроздарда.

Іш өтуге қарама-қайшы жағдай, іш қатуы болып табылады. Іш қату белгілері: сирек дефекация (2-4 күнде 1 рет және одан да сирек), нәжістің аз мөлшерде болуы, оның тығыздығы жоғары, дефекациядан кейін жеңілдену сезімінің болмауы.

Іш қату дамуының екі негізгі механизмін ажыратады: тоқ ішек дискинезиясы және дефекация актісінің бұзылысы. Соңғысы аналдік сфинктер тонусының жоғарылауымен байланысты, тік ішек рефлексінің төмендеуімен, бұл акті психогенді әсерлермен байланысты. Іш қату (алиментарлық) ішектегі заттардың қозғалысына механикалық кедергілермен байланысты болуы мүмкін (ісіктер, тоқ ішек дивертикуласы, стриктуралары, жабыспалық ауру). Токсикалық іш қатулар кейбір дәрілік заттарды қабылдаумен, яғни қорғасынмен, никотинмен, улануымен байланысты. Рефлекторлық іш қатулар өт қабының, бүйрек астаушаларының, әйелдерге жыныс мүшелері зақымдануларымен байланысты. Психогенді немесе әдетке айналған іш қатулар еңбек және тұрмысы жағымсыз жағдайларға, әдеттегі қозғалыс режимі бұзылғанда, ұзақ уақыт төсектік режимде болғанда пайда болады.

Дәрет түсі. Қалыптыда дәрет қоңыр түсті, ол онда стеркобилиннің болмауына байланысты (билирубиннің түрі өзгерген өнімі). Дәреттің қанық қоңыр түсті болуы билирубиннің ішектерге көп мөлшерде түсуінен (дәреттің плейохромиясы) болады. Ол гемолитикалық сарғаюға тән.

Дәрет алтынды-сары немесе жасылдау реңмен болса, ол астың ішекте жылдам жылжуынан болады. Өттің ішекке түспеуінде дәрет ақ саз балшық түсіне ұқсайды (ахилиялық дәрет). Қара түсті дәрет асқазан-ішек трактісінің жоғарғы бөлімдерінен қан кеткенде болады (ойық жара, ісік). Бұл кезде дәрет қара түсті болумен қатар, сұйық қара май тәрізді (қара май тәрізді дәрет). Алқызыл түсті, өзгермеген қанның бөлінуі ішектің дисталді бөлімдерінен қан кетуді көрсетеді (ойық жаралы колит, тік ішек ісігі, геморрой және т.б.).

Ескеру керек, қалыптыдан тыс дәрет түсі қабылдаған тағамға және дәрілік заттың ерекшеліктеріне де байланысты болуы мүмкін. Қара түсті дәрет кейбір жемістерді және жидектерді (шие, қара жидек), ет тағамдарын көп қолданса, кейбір дәрілік заттарды (викалин, висмут) қабылдағанда болады. Қызғылт түсті дәрет таңқурай, қызыл қарақатты жегенде болуы мүмкін.

Дені сау адамның дәретінде шырыш анықталмайды. Шырыш қосындысының болуы ішектердің органикалық және функционалдық зақымдануында, жиі колиттерде кездеседі.

Қорытылмаған тағам қалдықтары асқазан, ұйқы безінің, ішектердің ас қорыту бұзылыстарында анықталады.

Дәрет иісі. Өткір және жағымсыз, сасық иісті, иіс дәреттің ұзақ уақыт тұрып қалуына байланысты,ол колиттерде, тағамның ішекте шіруі күшейгенде, ішек ісігінде байқалады.