- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
Сұрақтар:
1. Тамырдың қызметі. Тамырлар жүйесі.
Жас тамыр ұшындағы аймақтар;
Тамырдың алғашқы құрылысы;
Тамырдың соңғы құрылысы.
Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
Түйінді сөздер: тамыр, негізгі тамыр, қосалқы тамыр, жанама тамыр, тамыр жүйесі, тамыр аймақтары.
I сұрақ. Тамыр – остік (бағаналы) вегетативті мүше. Тамыр апикальді меристема нәтижесінде әрдайым ұзара өседі, радиальді симметриялы болып келеді.
Өркеннен айырмашылығы:
тамырда жапырақтар пайда болмайды;
тамырдың апикальді меристемасы оймақшамен жабылған.
Тамырдың қызметтері:
Тамырдың басты қызметі – топырақтан суды және минералды заттарды сіңіріп, оларды сабаққа және жапыраққа бағыттау;
Өсімдікті субстратқа (топыраққа) бекіту;
Синтез жасау. Тамырда органикалық қышқылдар: амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, витаминдер, гормондар, алколоидтар және т.б. заттар синтезделуі мүмкін;
Бөлу қызметі. Тамырдан ораникалық және минералды (Н, НСО3 –иондар) заттар бөліп шығарады;
Тапырақта тіршілік ететін оранизмдермен өсімдікті байланыстыру (саңырауқұлақтар, бактериялар);
Күрделі өсімдіктер тамырының саңырауқұлақтар жіп шумағымен селбесіп тіршілік етуін микориза деп атайды;
Қорлық заттарды жинау. Кейбір өсімдіктердің тамырлары қорлық заттардың жиналатын мүшесіне айналады, мысалы қызылша, сәбіз, шомыр (тамыр жеміс) т.б.
Вегетативті көбею.
Тамырлар жүйесі.
Тамыр жүйесіне морфологиялық құрылысы жағынан әртүлі – негізгі, жанама және қосалқы тамырлар жатады.
Негізгі тамыр –тұқымда ұрық тамыршасынан пайда болады;
Жанама тамыр – перицикл клеткаларының бөлініп, орталық цилиндр бетінде меристемалық төбешіктің пайда болуынан басталады. Жанама тамырлар аналық тамырдың терең қабатында пайда болатындықтан, оларды экзогендік тамырлар деп атайды.
Қосалқы тамырлар – сабақтан, жапырақтан, тамырсабақтан пайда болуы мүмкін.
Тамыр жүйесінің классификациясы.
Алғашқы гоморизді – жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерде тамыр жүйесі тек қосалқы тамырлардан тұрады.
Аллоризді – негізгі, қосалқы және жанама тамырлардан тұратын тамыр жүйесін айтады.
Екінші гоморизді – көптеген жабықтұқымды өсімдіктердің негізгі тамырлары ерте өліп қалады немесе дамымайды, тамыр жүйелері тек қана қосалқы тамырлардан тұрады.
Тамыр жүйесінің морфологиялық классификациясы:
Кіндік тамыр жүйесі;
Шашақты тамыр жүйесі.
II сұрақ. Тамыр – остік (білікті, бағаналы) мүше, сабақ сияқты өзінің ұшында орналасқан төбесі (апекс) арқылы өседі.
өткізу аймағы немесе жанама тамырдың
сыртқа шығу аймағы
сіңіру аймағы немесе тамыр
түктері аймағы
созылу аймағы
прокамбии Өсу аймағы
бөліну аймағы
апекс (апикальді меристема)
прокамбий (латеральді)
негізгі меристема
протодерма
Көптеген клеткалардан тұратын оймақша апикальді меристеманы қорғап, тамырдың топыраққта жылжып өсуіне мүмкіндік жасайды. Оймақшаның сыртқы клеткалары мүжіліп, шырыш (сөл) бөліп шығарады. Оймақша клеткалары бір жағынан мүжіліп жатса, екінші жағынан апикальді меристемадан оның жаңа клеткалары пайда болып жатады. Оймақша клеткаларының тіршілік ұзақтығы 4-9 күнге дейін болады.
Бөліну аймағы апикальді меристема клеткаларынан түрады.
III сұрақ. Тамырдың алғашқы құрылысы сіңіру аймағында пайда болады.
ризодерма (эпидерма) – жабындық (сору) ұлпа;
алғашқы қабық:
экзодерма
мезодерма
эндодерма
орталық цилиндр
перицикл
радиальді өткізгіш шоқ
Тамыр түтікшелері тамырдың сіңіру ауданын көбейтеді. Мысалы, 4 айлық бидай өсімдігінің бір тамыр түтікшелерінің саны 14 млрд. шамасында, оның сіңіру ауданы 401 шаршы метр, ал жалпы ұзындығы 10000 км болатындығы анықталған.
