- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
Өсімдік клеткаларында оның тікелей тірі заттарының құрамына кірмейтін, әртүрлі қоректік заттар қоры және қалдықты заттар жинақталады. Бұлардың барлығын бірге қоса эргастикалық заттар деп атайды.
Синтездеу әрекеті алғашқы және қайта болып екіге бөлінеді.
Алғашқы синтездеу барысында органикалық заттар минералды заттардан түзіледі (фотосинтез).
Қайта синтездеу алғашқы органикалық өнімдерді өзгерту, жаңадан жасау. Оларға қанттардан – крахмал, амин қышқылдарынан – ақуз, май қышқылдарынан – май және оның туындыларынан басқа да органикалық заттарды қайта синтездеу мысал бола алады.
Жасушадағы қоректік заттар қоры органикалық қосындылар түрінде (ақуыздар, майлар, көмірсулар) кездеседі. Қоректік заттар қоры өсімдік тұқымында, жемісінде және вегетативтік мүшелерінде жинақталады.
Көмірсулар – қаныттар, крахмалдар, жартылай жасунық т.б. түрінде де болады. Қанттар және инсулин суда жақсы ериді, сондықтан олар клетка шырынында жинақталады.
Крахмал – суда ерімейді де, клеткада дәндер түрінде кездеседі. Крахмалды оңай анықтауға болады, өйткені ол йодпен айқын боялады. Крахмал көп мөлшерде арнаулы ұлпаларда жинақталады (тұқым эндосперінде, тұқымжарнағында, көпжылдық өсімдіктердің тамырсабағында, жеасты түйіндерінде, пиязшықтарда). Өсімдіктерде өсу құбылысы қайта басталғанда, қорлық крахмал қанытталады да зат алмасуға қатысады.
Өсімдік клеткасындағы қорлы – ақуыздар әр түрлі бейнелі болады. Суда немесе минералды тұздардың ерітісінде еріп ақуыздар клетка шырынында жинақталады. Олардың бірін – альбуминдер, екіншісін – глобулиндер деп атайды.
Цитоплазмада ерімейтін ақуыздар кристалл түрінде кездеседі. Қорлы ақуыздардың түрі – алейрон дәндері (грекше алейрон – ұн) көптеген тұқымдарға тән (астық тұқымдастардың дәнінің эндосперімінің сыртқы қабатында, бұршақ тұқымдастарда – тұқымжарнағында қорлы ұлпалардың клеткаларында).
Қоректік заттар қоры ретінде майлар тұқымдарда, жемістерде, спораларда кездеседі. Цитоплазмада майлар тамшы түрінде (сферасомалар) жинақталады. Жекеленген өсімдіктер тұқымында майдың мөлшері біршама жоғары болады: күнбағыста - 29-56%, зығырда – 30-47%, көк нәрда - 45%, майкенекте - 60%. Мұндай өсімдіктер май алу үшін, мәдени дақылдар ретінде өсіріледі.
Катаболиттер. Клетка тіршілігінің барысында, химиялық құбылыстарға одан әрі қатысы жоқ заттар ерекшеленеді. Бұл зат алмасудың соңғы өнімдері немесе катаболиттер. Бұларға жататындарҮ шырын, шайыр, гликозиттер, эфир майлары, каучук, гуттаперча және т.б.
Суда еритін өнімдер клетка шырынында, ал ерімейтіні арнайы маманданған қуыстарда – клеткааралықтарда, жеке немесе клетка жүйесінде жинақталады.
Өсімдік клеткаларында әртүрлі минералды қоспалар болады (оксолат Са, гипс, кремнезем, оксолат Мg). Олар кристалл пішіндес. Олардың бәрінде жиі қалыптасатын кальций оксалаты СаС2О4 болады.
Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.
№2.1 Дәріс
Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
Ұлпалардың жіктелуі.
Түзуші ұлпалар (меристемалар)
Түйінді сөздер:ұлпа, гистология, түзуші ұлпа, меристема, тұрақты ұлпалар.
Сұрақ 1:
Ұлпа дегеніміз – тұрақты заңдылықты қайталайтын, шығу тегімен құрылысы жағынан ұқсас және бір немесе бірнеше қызмет атқаруға бейімделген клеткалар тобы.
Денесі ұлпаларға дифференциялану тек күрделі көпклеткалы өсімдіктерге ғана тән.
Ұлпаларды классификациялау.
I. Түзуші ұлпалар (меристемалар)
төбелік (апикальді)
бүйірлік (латеральді)
а) алғашқы (прокамбий, перицикл)
б) соңғы (камбий, феллоген)
қыстырмалы (интеркалярлық)
зақымдық (травматикалық)
II.Негізгі ұлпалар:
жасаушы (ассимиляциялық)
қорлық (қор жинаушы)
ауалық (аэренхима)
сорушы
а) ризодерма
б) веламен
в) гаусторий
г) гидропоттар
III. Жабындық ұлпалар:
алғашқы – эпидерма
екінші – перидерма (тоз)
үшінші қыртыс немесе ритидом
IV. Өткізгіш ұлпалар (жиынтығы):
ксилема
флоэма
V. Арқаулық (механикалық) ұлпалар:
колленхима
склеренхима
а) талшықтар
б) тасты клеткалар (склереидтер)
VI Бөліп шығарушы ұлпалар:
сыртқы
а) безді түктер (трихомалар)
б) шірнеліктер
в) гидатодтар
ішкі:
а) эфир майларын, шайыр және т.б. бөліп шығаратын клеткалар;
б) тарамдалған және тарамдалмаған сүт жолдары
в) шайыр каналдары.
Сұрақ 2:
Меристема (грекше меристес – бөлгіш).
Морфологиялық ерекшеліктері:
паренхималық клеткалары ұқсас;
клеткааралық затсыз, тығыз орналасқан;
қабықшасы жұқа;
анық көрінетін вакуолі жоқ;
ірі ядросы ортасында орналасады.
Меристемалардың типтері:
апикальді (төбелік) – меристеманың бұл тобы тамыр мен өркенді ұзындыққа арттыра өседі.
Бүйірлік (латеральді) – меристемалар осьтік мүшелерде (сабақта, тамырда) қабат түзейді.
А) алғашқы – прокамбий, перицикл.
Б) соңғы – камбий, феллоген
қыстырмалы (интеркалярлық) меристемалар сабақ буынаралығының негізінде орналасады (қалдықты меристема).
Зақымдық – ұлпалармен мүшелердің зақымдалған жерлерінде тірі клеткалардың дифференциялануынан пайда болады да, одан басқа ұлпаларға айналады.
Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.
№2.2 Дәріс
