Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать
  1. Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары

Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарын ажыратады:

  1. Ксерофиттер (грекше «ксерос» - құрғақ, «фитон» - өсімдік) – топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер.

  2. Мезофиттер («мезос» - орташа) – орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер.

  3. Гигрофиттер (грекше «гигра» - ылғал) – көбінесе атмосфералық ылғал мол жерде тіршілік ететін өсімдіктер.

  4. Гидрофиттер (грекше «гидро» - су) – суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінді қалқып өседі.

  5. Толығынан суға батып тңршңлңк ететін өсімдіктерді гидатофиттер (грекше «гидатос» - су) деп атайды.

  1. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары

Өсімдік пен топырақ тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені топырақ - өсімдіктердің бекіну ортасы, сол сияқты органикалық қосылыстарды синтездеу үшін қажетті сумен минеральдык заттардың негізгі көзі. Өсімдіктердің тіршілігі үшін топарақтың химиялық құрамы, физикалық қасиеті, құрылымы, ылғалдылығы және тағы басқа ерекшеліктерінің маңызы зор.

Өсімдіктердің топырақтағы көректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты үшке бөледі.

Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).

Олиготрофты (грекше «олигос»- аз, «троф» - қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) өсімдіктері жатады.

Тұздылығы жоғары топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп атайды (гркше «галос» - тұз). Тұздылық мөлшері және ерекшелігіне қарай: сор және сортаң деп бөлінеді.

  1. Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары

Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор, олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді. Жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің (этиолданған) реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған, жапырақтары майда. Табиғатта белгілі дәрежеде этиолданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуіне, шалғында кездеседі.

Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішініне ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етпейді. Соған байланысты өсімдіктерді үш топқа бөледі:

  1. жарық сүйгіш өсімдіктер – гелиофиттер (грекше «гелиос» - күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра, шөл дала және ормансыз тау шындарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады.

  2. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) жарық мол жерде тіршілік ете алады және де көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері шырша, самырсын, шамшмт, жөке ағашы, үйеңкі, көптеген папоротниктермен мүктер т.б. жатады.

  3. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер – сциофиттер (грекше «циа» - көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған Еуропа құсықшөбі, саумалдық және орман өсімдіктері жатады.

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.