Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

2. Тұқымның өнуі.

Өсуге қолайлы жағдай туғанға дейін тұқым өз басынан тыныштық күйін өткізеді. Тұқымның өсуі үшін қажетті жағдайлар: су, жылу және ауа (кейбір өсімдіктердің тұкымы үшін жарық та) қажет.

Тұқымның өсуі суды көп мөлшерде өзіне сіңіруден, оның ұлпаларының суға қанығуынан, соның нәтижесінде бөртіп көлемін ұлғайтудан басталады. Судың және ұрықтың тұқым жарнақтары бөлетін ферменттердің әсерінен эңдоспермдегі немесе периспермдегі қоректік заттар ериді. Ол ұрықтың меристемалық клеткаларын қоректендіреді, яғни қор заттарының жиналуы ұрықтан тыс бөлімде жүретін тұқымдардың тұқым жарнақтары бөліп шығару, ас қорыту қызметіне қатынасады. Сол сияқты ұрықтың қоректік заттарды соруы да негізінен тұқым жарнақтары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай қызмет атқаратын тұқым жарнақтарының сору беті үжен болып келеді. Мысалы, кокос пальмасының тұқым жарнағы сорушы мүше (гаустория) қызметін атқарады.

3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).

Қоректік заттардың жоғарыдағыдай жолдармен ұрыққа өтуінен оның барлық бөлімдерінің клеткатары бөлініп, олардың сандары артады, көлемдері ұлғаяды. Соның нәтижесінде тұқымның қабығы жарылады. Микропиле саңылауы арқылы ең алдымен ұрық тамыршасы бой көрсетеді. Үрық тамыршасы топыраққа бекініп, су және оңда еріген минералдық заттарды қабылдай бастайды. Қос жарнақтылардың басым көпшілігінде, мысалы, үрме бұршақтың (фасольдын) өскінінде ұрық тамыршасынан бұтақтанбаған кіндік тамыр өсіп шығады. Ал бидай өскінінде шамамен 3, арпада 5-7, қара бидайда 4, жүгері мен тарыда 1-ден ұрық тамыршасы пайда болады. Өсімдіктердің басым көпшілігіңде ұрық сабақшасы (гипокотиль) доға тәрізді иіледі. Доғаның ұшы біртіндеп жазылып, жоғары қарай көтеріледі, топырақ қабаттарын жарып өтіп, тұқым жарнақтарын және бүршікті жер бетіне алып шығады. Соңдықтан бүршік жарақаттанбайды. Жер бетіне шыққан гипокотиль толығыман жазылып, тік бағыт түзеді. Сабақ ұзарып өсіп, алғашқы нағыз жасыл жапырақтар пайда болады. Тұқым жарнақтары жасыл реңге ие болып, органикалық заттарды ассимиляциялауға (фотосинтезге) қатынасады. Сөйтіп, өскін автотрофты қоректенуді бастайды. Бұл жер бетіндегі өсу деп аталады .

Сабақтың тұқым жарнақтарынан тамыр мойнына дейінгі аралығы тұқым жарнағының астыңғы қылтасы немесе гипокотиль деп, ал сабақтың тұқым жарнақтары мен алғашкы нағыз жапырақтары арасыңдағы аралығы тұқым жарнағының үстіңгі қылтасы немесе эпикотиль деп аталады. Гипокотиль қос жарнактылардың барлығында бірдей жақсы дамымайды. Мысалы, асбұршақта, еменде т.б. гипокотиль өте қысқа, соңдықтан, бұлардың тұқым жарнақтары жер бетіне шықпай, топырақ кабаттарында шіріп кетеді. Бұл жер астындағы өсу деп аталады. Астықтарға да жер астындағы өсу тән. Олардың өскініндегі тұқым жарнағы тұқымымен топыракта қалады да, топырақты жарып, жер бетіне бүршікті зақымданудан сақтайтын колеоптиль шығады. Бұдан кейін тұқым жарнағының түрін өзгерткен бөлігі болып табылатын алғашқы нағыз жапырақ колеоптильді жарып шығып, жоғары көтеріледі.

Сонымен, өскін дегеніміз — барлық вегетативтік мүшелері қалыптасқан, көлемі жағынан кіші, жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктердің белгілі бір жүйелік бірлігінің жас данасы (особь).

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

3.2 Дәріс