- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
Клетка қабықшасының қызметі, құрамы, құрылысы және құрамында жүретін өзгерістер;
Вакуольдер және клетка шырыны;
Клеткадағы эргастикалық заттар.
1.Өсімдіктер клеткалары қабықшамен қапталған. Клетка қабықшасының мәні механикалық және құрылымдық, су мен минералды элементтерді сіңіру мен өткізуге қатысады.
Құрамы:
Қаңқалы зат – целлюлоза. Оның жіптесін молекулалары өзара қатарласа микрофибрилдер негізін құрайды.
Матрикс – микрофибрилдер қабықшасының аморфты матриксіне батырылған (пектинді заттар және гемицеллюлозалар). Клетка қабықшасының негізін құруға Гольджи жиынтығы (аппараты), плазмалемма қатысады.
Қ
ұрылысы:
Орталық табақша
(клеткааралық зат-пектин)
Саңылау
(порлар)
Екінші
қабықша
Алғашқы қабықша
Алғашқы клетка қабықшасының соңғы (екінші) қабықшамен жабылмаған қус жерін саңылау деп атайды.
Клетка қабықшасының өсуі:
интуссусцепциялық – кеңейюі;
аппозициялық – қаптама.
Клетка қабықшасындағы өзгерістер:
сүректену – лигнинді сіңіруі;
тоздану (кутинделу) – субирин, кутин жинақталады;
шырыштану
минералдану
Сүректену – бұл қабықшадаға жасунықтың (целлюлозаның) ерекше көмірсу – лигнинді сіңіруі. Лигнин клетка қабырғаларына мол беріктік береді және сонымен қатар, созылымдық, майысқақтық қасиетін төмендетеді (жабындық және арқаулық ұлпалар).
Тозаңдану (кутиндену) – барысында клетка қабырғаларында май тектес суберин мен кутин деп аталатын заттар жинақталады. Мысалы, жабындық және қорғаушы ұлпалар клеткасында.
Сілемейлену (шырыштану) – негізінен эпидермистің сыртқы клеткаларында жүреді. Өсімдік клеткалары бөлетін шырын әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, тамыр оймақшасынан бөлінетін шырын тамыр ұшының топырақта өсіп жылжуын жеңілдетеді, тұқым қабығы бөліп шығаратын шырын өскіннің өсу су режимін жақсартып, оны құрғап қалудан сақтайды.
Минералдану – жабындық ұлпа клеткаларының құрамында кездесетін кремний, кальций, магний тұздарының жинақталуы (астық, қияқ және басқа тұқымдастарда).
II. Вакуольдер және клетка шырыны.
Вакуоль – клеткадағы денесі сулы, ерітіндіге толы, ірі көпіршіктер. Эмбриональды клеткаларда эндоплазмалық жүйенің ұсақ, кеңейген көбіктерінен көптеген шағын вакуольдер пайда болады. Бұлар ұлғая келе, бір-бірімен қосылып, клетканың үлкен бөлігін алып жататын, орталық вакуольге айналады.
Вакуль негізінен клетка шырынымен толтырылған. Ол әртүлі мақсаттарға пайдаланылады:
алмасудың оңай еритін аралық заттарын және алмасудың соңғы өнімдерін ерекшелеу үшін (глюкоза, фруктоза, алма, лимон және амин қышқылдары);
әртүрлі пигменттерді (антоцин, флавондар) немесе уландырушы полифенолдарды, алколойдтарды (никотин, анабазин, морфии, кокаин, кофеин, хинин) демек экскреттерді жинақтайтын орын;
клетканың суды сіңіру барысында, осмостық және тургорлық қысым қалыптасады, ол өз кезегінде клетка қабықшасын кере созып, өсімдіктің сүректенбеген бөлімдеріне беріктік қасиет беру үшін.
Суды, еріген заттарды мембраның бір бағытта таңдамалы өткізуін – осмос деп атайды.
Клетка шырынына сіңірілген су, қабырғаны бойлай орналасқан протопластқа қысым түсіріп, клетка қабықшасын керіп, ісінген қалыпқа келтіреді. Осы құбылысты – тургор деп атайды.
Осмостық қысым – клетка қабықшасының ішкі жағынан сыртқа қарай, яғни созылмала қабықшаны одан әрі кере түсуге бағытталған. Бұған көрсетілген қарама-қарсы өтетін қысым – тургорлық қысым деп аталады.
Клетканың сорушы күшін келесі формуламен анықтайды:
С = О – Т, мұнда С – сорушы күш, О – осмостық, Т – тургорлық қысым.
