- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
Ядроның құрылысы;
Биологиялық мембрананың құрылысы;
Клетка цикілі: митоз, цитокинез, интерфаза.
Ядро – екі мембраналық органелла.
Ядроның құрылысы:
Ядро қабықшасы (екі мембранадан);
Хроматин;
Ядрошықтар;
Ядро шырыны;
Ядроның химиялық құрамы:
30% - ДНҚ,РНҚ.
70% - ақуздар (протеидтер).
Цитоплазманаң көлемі 1 / 1 ( Меристемалар)
Ядроның көлемі 2 3
1 / 1 (Басқа ұлпалар)
20 50
Ядроның сыртқы пішіні – көбінесе домалақ болып келеді.
Клеткалар көбінесе бір ядролы болады.
Ядронық қабықшасы – екі мембранадан және перинуклеарлық кеңістіктен тұрады. Қабықшасында порлар болады (бірақ тесік емес).
Хроматин – ДНҚ молекуласынан тұрып, хромосомаларды түзеді. Осы хромосомалар митоздың метафазасында көрінеді.
Ядрошықтардың сан көлемі әртүрлі. Ядрошықтар рибосомалық РНҚ-ны синтездейді және рибосоманың негізі болып келеді.
Ядро шырынында ферменттер, РНҚ, ақуыздар тағы басқа органикалық заттар болады. Ядроның шырыны қышқыл реакциялы болып келеді.
Биологиялық мембраналар – жұқа қабаттан тұрып, тұйық болып келеді (олардың бастапқысы мен соңғысы болмайды).
Химиялық құрамы:
Липидтер (майлар) – 40%
Ақуыздар - 60%
Мембрананың құрылымы:
1– теориясы: 1931ж Давсон, Даниелли.
Мембраналар 3-қабаттан тұрады: сыртқы қабаты ақуыздан, олардың ортасында липидтер орналасады. Липидттердің молекулалары бимолекулярлық қабат құрайды.
2 – теориясы: 1972ж Синдер, Никольсон. Мембрана мозаикалық құрылым тәрізді. Ақуыз молекулалары липидтер қабатының үстінде бос қозғалыста болады.
Интерфаза – клетканың бөлінер алдындағы дайындық кезеңі.
Митоз – клетка ядросының бөліну процестері.
Цитокинез - клетканың денесі ортасынан қабысып екіге бөлініп, екі жас клетканың пайда болу кезеңі.
5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
I. Цитоплазма – клетканың құрамды бөлігі. Цитоплазма біршама жабысқақ, қоймалжың, түссіз зат.
Цитоплазма көптеген компоненттерден тұратын күрделі химиялық жүйе. Оның құамында: су-75-86%, ақуыздар-10-20%, липидттер-2-3%, көмірсулар- 1-2%, минералды тұздар-1% болады.
Цитоплазма үш қабаттан тұрады:
Плазмалемма – бірқалыпты жағдайда плазмалемма клетка қабығына тығыз жабыса орналасады. Оның негізгі қасиеті – сыртқы ортамен клеткадағы зат алмасуды реттейді.
Тонопласт – орталық вакуольді қоршайды (вакуоль мембранасы)
Гиалоплазма – су мен көптеген бейорганикалық заттардың ерітіндісінен, ферменттерден, әртүрлі ақуыздардан тұрады. Гиалоплазма – зат алмасудың көптеген аралық өнімдердің диффузияланатын ортасы және аса маңызды алмасу құбылыстары (гликолиз, липидтердің синтезделуі) жүретін орта болып келеді. Жас клетканың цитоплазмасының құрамында гиалоплазма көлемі үлкен орын алады, ал жетілген (кәрі) клеткаларда оның үлесі өте аз.
Пластидтер.
Өсімдік клеткасындағы барлық пластидтер жиынтығын пластидома деп атайды.
Атқаратын қызметіне, түсіне қарай олар негізгі үш түрге бөлінеді:
хлоропластар – жасыл түсті;
хромопластар – сары, қызғылт сары немесе қызыл түсті;
лейкопластар – түссіз.
Хлоропластар – оның негізгі қызметі-құрамындағы пигменттері фотосинтез процесіне қатысады, күн сәулесін сіңіреді.
Жоғарғы сатылы сатыдағы өсімдіктер мен жасыл балдырларда - 70% хлорофил а пигменті (көк жасыл түсті), 30% хлорофилл в пигменті (сары-жасыл), ал балдырларда – с, д хлорофиллі болады.
Хлоропластар күрделі ішікі құрамнан тұрады:
сыртқы мембрана (қабықша);
ішкі мембрана тилакойдтар мен граналарды құрайды;
строма;
р
ибосомалар
ақуыздарды
синтездемейдіД
НҚ
Мембранасында – фотосинтездің жарықтық реакциясы (күн сәулесінің химиялық энергияға айналуы нәтижесінде судың ыдырауы), ал стромада – фотосинтездің қараңғылық реакциясы жүреді (көмір қышқыл газының тұрақталуы мен көмір қышқыл газының (СО2) фиксациясы).
Лейкопластар – бұл ең ұсақ пластидтер. Кәдімгі клеткада лейкопластар ядроның маңайына топтасады. Лейкопластардың айырмашалығы, бұларда ішкі мембраналық жүйе нашар дамыған.
Лейкопластардың физиологиялық мәні, ол крахмал, май және ақуыздарды қайта синтездеу. Синтездеу өнімінің табиғатына қарай лейкопластар үшке бөлінеді:
амилопластар (крахмал);
олейопластар (майлар);
протейнопластар (ақуздар).
Хромопластар – гүлдердің, жемістердің, жапырақтардың және кейбір тамырлардың сары, қызғылт-сарғыш, қызыл түске боялуы, олардың клеткада хромопласт пигменттерінің – каротин мен ксантофилдің болуына байланысты.
Хлоропластардың маңызы – бұл жәндіктер мен құстардың, жануарлардың назарын аударып, гүлдердің тозаңдануын, жемістердің таралуын қамтамасыз етеді.
Хлоропластар
Лейкопластар
Хромопластар
Эндоплазмалық тор – түтік тәріздес немесе жалпақтау болып келеді, оның торындағы цистерналары бүкіл цитоплазманы бойлай, ядроны қоршап, оның қабықшасын қалыптастырады.
Эндоплазмалық тор – морфологиясы мен қызметіне қарай екі түрге бөлінеді:
гранулярлы (кедір-бұдырлы) – рибосомалар болады;
агранулярлы (тегіс) – рибосомалар болмайды
Гранулярлы ретикулум клеткада біршама маңызды қызмет атқарады: ақуыздарды синтездейді (ферменттерді), оларды цистернаның қуысына жинақтайды, клеткадан бөліп шығарады, бір клеткадан екінші клеткаға тасымалдайды, вакульге, лизосомаға, микроденеге, диктосомаға бастама береді.
Агранулярлы ретикулум – эфир майларын, шайырларды және каучукты көп бөліп шығаратын өсімдіктерде, оларды синтездеуге және оларды клетка ішінде тасымалдауға қатысады.
Гольджи жиынтығы. Құрылысы:
Диктиосомалар – 5-7 дөңгелекті цистерналардан;
Гольжи көпіршектерінен тұрады.
Гольджи жиынтығының қызметі – полисахаридтердің синтезі, жинақталуы және бөліп шығаруы.
Митохондриялар - өсімдік клеткасындағы барлық митохондриялар жиынтығын хондросома деп атайды.
Қрылысы:
Сыртқы мембранадан;
Ішкі мембрансынан түзілетін кристалардан;
Матрикстен;
Рибосомалардан;
ДНҚ-дан;
Қызметі – АТФ синтезі.
Лизосомалар – ферменттермен толтырылған 0,5-2 мкм көпіршіктер. Қызметі – биологиялық макромолекулалардың лизисі (ыдырауы).
Сферосомалар – маймен толтырылған домалақ көпіршіктер.
Микроденелер (пероксисомалар) – 0,2-1,5 мкм бір мембраналы көпіршіктер. Қызметі – майларды қантқа айналдырады, фототыныс алу (жарықтық тыныс алу) сутегінің пероксиді пайда болады, сондықтан оларды пероксисома деп атайды.
