Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

1. Жемістің құрылысы

Қосарынан ұрықтану жүріп, гинецейдегі өзгерістерден кейін жатынның қабырғасынан жеміс, ал тұқым бүрінен тұқым жетіледі. Жеміс тұқымды (тұқымдарды) сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі болып табылады.

Жеміс, жеміс серіктерінен және тұқымнан тұрады. Тұқым барлық өсімдіктерде пісіп жетілгенге дейін жеміс серіктерінің іш жағыңда (онымен жабысып) сақталады, ал пісіп жетілген соң өсімдіктердің біраз бөлігінде жеміс серігі қақырап, тұқым сыртқа шашылады. Осыған байланысты жемістер қақырайтын және қақырамайтын деп бөлінеді.

Жеміс серігі үш қабаттан тұрады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий.

Экзокарпий — жеміс серігінің ең сыртқы қабаты. Ол жатын қабырғасының сыртқы эпидермасынан пайда болады. Бұл өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі түсті, жылтыр, түкті болып келеді.

Жеміссерігінде ішкі қабат - эндокарпийді ажырату болады. Кейбір жағдайларда ортадағы қабат - мезокарпий де жақсы керінеді. Үш аймақтың бәрі де көбіне сүйектіжемісте - жүқа қабықша экзокарпий, етті жэне шырынды мезокарпий жэне қатты ағаш тэрізді эндокарпий анық керінеді. Түқымның пісуіне дейін жеміссерік оларды кеуіп кетуден жэне механикалық зақымданудан сақтайды.

Консистенциясы бойынша жеміссерігі шырынды жэне қүрғақ та болуы мүмкін. Осы негізде жемістерді шырынды жэне қүрғаққа таза жасанды түрде бөледі. Шырынды жемістерді өз кезегінде көптүқымды жэне даратүқымды деп бөледі. Қүргақтарды ашылатын жэне ашылмайтын етіп бөледі.

Жемістің пайда болуында басты рөлді гинецей атқаратындықтан, жемістердің эволюциялық жіктелуінің негізгі болімшелерін гинецейдің белгілеріне қарай қүрған дүрыс болады. Осыған байланысты жемістерді екі негізгі топқа бөледі: апокарпты жэне ценокарпты. Ал соңғысы өз кезегінде әрі қарай синкарпты, паракарпты және лизикарптыға бөлінеді.

  1. Апокарпты жемістер.

Апокарпты жемістер көптеген мөлшердегі өзара жабыса өспеген жемісшелерден түрады және эволюциялық жағынан алғанда, қарапайым, мысалы магнолиялар, сарғалдақтылар т. б. сияқты, гүлді есімдіктер түқымдастарына тән болады.

Гүлді өсімдіктердің апокарпты жемістері типінің ең қарапайым, бастапқы түрі көпжапырақша болып табылады. Жапырақша тәрізді жеміс - бүл қүрғақ, кептүқымды жеміс, бір жағынан (бүйірінен) ашылады. Көпжапырақша магнолия, сарғалдақтар (азиялық шомылғыш), тобылғы туыстастарына (раушангүлділер түқымдастары) тән.

Озгеру нәтижесінде жапырақ тәрізді жемістегі түқымдар саны бірге дейін болғанда - көпжаңгақша пайда болды: әр жемісше-жаңғақта бір жалғыз түқым болады. Жаңғақша - бүл қүрғақ, біртүқымды ашылмаған жеміс. Көпжаңғақша жемісі көптеген сарғалдақтар (сарғалдақ), раушангүлділер (гравилат, қазтабан) түқымдастарының өкілдеріне тән.

Көпжаңғақшаның ерекше көптүрлілігінің бірі булдіргенніц жемісі болып табылады. Осы бір шырынды жемістің негізін қатты өсіп кеткен етті түйін күрайды, оның бетінде көптеген қүргақ жаңғақшалар орналасқан.

Көпжаңғақшаның тағы бір түрі ценородия деп аталатын, итмүрынның жеміс болып табылады. Онда тостаған тәрізді иілген етті өс - гипантия бар, оның төменгі белігіне көптеген жаңғақшалар бекітіледі.

Дегенмен де кепжаңғақшаның өте бір ерекше түрі лотос жемісі болып табылады. Лотостың гүлтүғыры жайылып өскен, және әрбір жемісше ерекше тереңдікке батырылған.

Бүршаққап. Жапырақшадан бүршаққаптың ерекшелігі, көптүқымды бұршаққап, екі жақтауға бөлініп, екі жағынан да ашылады. Жақтаулары тұқымдарын тастай, тез ширатылады. Бұршаққаптың жемістері бұршақ тұқымдастары өкілдеріне тән (сиырбұршақ, атбұршақ, таспалар т. б.).

Қүрғақ көпжаңғақшалар негізінде эволюция процесі барысында шырынды жеміс көпсүйектіжеміс пайда болды. Жемістің бүл түрі кейбір раушангүлділерге (таңқурай, қожақат) тән. Сүйекшелер санының бірге дейін өзгеруінің нәтижесінде бірсүйекті жемістер (шабдалы, өрік, шие, кішкене шие) пайда болды.

3. Синкарпты жемістер. Эволюция процесінде бірте-бірте жапырақша тәріздес жемістер өздерінің бүйірлік қабырғаларымен жабысып өседі. Бірақ кейбір өсімдіктерде бүл жабысып өсу толық болмайды: жапырақша тәріздес жемістердің жоғары бөлігі бос қалады (жабыспай). Мүндай қүрылымды жемістер синкарпты жемістердің ең қарапайым нұсқалары болып табылады және ол синкарпты көпжапырақшалар деп аталады (чернушка).

Жемісжапырақшаларының толық жабысып өсуінде типтік синкарпты қауашақ пайда болады. Оның ерекшелігі көпүялылықтығы. Синкарптық қауашақ жоғары (қызғалдақ, кандық), яғни жоғары түйіннің негізінде қалыптасқан, және төменгі (күрең от) болуы мүмкін.

Қүрғақ синкарптық жемістің көптүрінің бірі салпыжеміс болып табылады, ол шатыргүлдер түқымдасының көптеген өкілдеріне тән.

Біртүқымды синкарпты жеміс жаңгақ (ақ қайың, орманжаңғақ) жалған мономерлік гинецейдің негізінде пайда болған. Оның ең өзіндік түрі еменнің жемісі - еменжаңгақ болып табылады.

Шырынды синкарпты жемістердің түрлері өте көп. Жоғары синкарптық жидек - картопта, қызанақта, жүзімде, қарғакөзде болады. Төменгі синкарптық жидек үшқатта, итбүлдіргенде, бананда байқалады.

Шырынды синкарпты жемістерге синкарпты сүйекті жемістер (аю бадам, шәңкіш, итшомыр, кофе) жатады. Шырынды синкарпты жемістердің арасында ерекше орынды алма жемісі алады (алма, алмүрт, беже), етті бөлігінің шыгу тегі күрделі және әрі қарай өскен гүлтүтіктерінен шыққан болуы мүмкін. Пергамент тәрізді «кемірігінің» қүрылымы бойынша, бүл жеміс 5- өзара жабысып өскен жеміс жапырақшаларынан түратынына көз жеткізуге болады.

Гесперидия деп аталатын цитрус түқымдастарының жемістерінің (апельсин, лимон) өзіндік ерекшеліктері бар, олардың синкарптық шығу тегі жәй көзге де көрінеді - олар бөлікшелерге (доля) бөлінген.

Анардың жемісі де өте ерекше (гранатина), үялары ірі шырынды тұқымдармен толтырылған, қабығы лағыл түсті.

Синкарпийлердің ерекше санаттарын бөлшектенген жемістер деп аталатындар қүрайды, олар, сәйкестік бөлек жемісжапырақшалары бар, қалқалар (мерикарпий) бойынша ыдырайды. Ол үйеңкінің қосқанаты, және жауылшалар мен еріндігүлділердегі төртжаңғақты жемістер.