- •3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •Ботаника бөлімдері:
- •Протопласт:
- •Протоплазмалардың туындылары:
- •Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.
- •5 Сұрақ: Клетка протопластісі.
- •Пластидтер.
- •6 Сұрақ: Протопласт туындылары.
- •II. Вакуольдер және клетка шырыны.
- •III. Жасушадағы эргастикалық заттар.
- •Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).
- •Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.
- •1 Сұрақ: Арқаулық (механикалық) ұлпалар.
- •2 Сұрақ : Өткізгіш ұлпалар: ксилема, флоэма, өткізгіш шоқтар.
- •Ксилема
- •1.Тұқымның құрылысы.
- •2. Тұқымның өнуі.
- •3. Өскіннің құрылысы (Рlanula).
- •Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.
- •Тамыр жүйесінің классификациясы.
- •IV сұрақ Тамырдың соңғы құрылысы.
- •Тамырдың даму сатылары
- •V сұрақ Тамырлардың түрлене өзгеруі (метаморфоз).
- •Тақырыбы: Өркен. Бүршік.
- •Өркеннің негізгі атқаратын қызметтері:
- •Өркеннің бөліктері:
- •А) Құрылысына қарай
- •IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:
- •V сұрақ. Бүршіктердің типтері.
- •1. Сабақ морфологиясы
- •2. Сабақтың анатомиялық құрылысы
- •3. Сабақтың екінші жуандауы
- •4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория
- •I. Өркеннің әртүрлілігі.
- •II. Өркеннің жерасты түрленуі.
- •III. Өркеннің жер бетінде түрленуі.
- •Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.
- •Жапырақ - өркеннің бүйірлік мүшесі.
- •2.Жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдері
- •3.Жапырақтың морфологиясы
- •4.Жапырақтардың әртүрлілігі
- •5.Жапырақтың анатомиялық құрылысы:
- •Жапырақтың онтогенезі.
- •7. Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы.
- •1. Гүлшоғырлар морфологиясы.
- •2. Гүл шоғырының жүйесі
- •Тақырыбы: Гүл
- •1. Жемістің құрылысы
- •Апокарпты жемістер.
- •4. Паракарпты жемістер
- •5. Лизикарпты жемістер
- •Өсімдіктерге сыртқы орта жағдайларының әсері
- •Өсімдіктердің ылғалды байланысты экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары
- •Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтары
Тақырыбы: Гүл
Сұрақтар:
Гүлдің морфологиясы
Андроцей, гинецей.
Жабықтұқымды өсімдіктердің ұрпақ шығару циклі.
Тозандану және ұрықтану.
Гүлдің шығу тегі (СӨЖ)
Түйінді сөздер: гүл, гүлсерігі, тостағанша, күлте, аталық, андроцей, аналық, гинецей, жеміс жапырақша, актиморфты гүл, зигоморфты гүл.
Гүлдің морфологиясы.
Гүл – оркеннің төбелік және бүйірлік түзуші ұлпаларынаң шығатын споралы, жынысты, маманданған репродуктивті мүше.
Гүлдер өздерінің құрылысы, түсі және мүшелері жағынан таңқаларлықтай алуан түрлі. Олардың диаметірі – 1 мм ден 117 см-ге дейін болуы мүмкін.
Гүл бүршігі бутоннан (ашылған гүл) және оны тығыз қоршайтын бүршік жамылғысынан тұрады. Бутондағы гүлдің жамылғылары және мүшелерінің бір-біріне қатысты орналасуын жапырақтың қабысуы деп атайды.
Жапырақ қабысуының типтері:
жарма (створчатое)
тін тірескен (свернутые)
черепица тәрізді.
Гүлдің құрылысы:
Гүл жапырағы
Гүл сағағы
Тостағанша асты
Тостағанша
Гүлтұғыр
Стаминодий
Күлте жапырақша
Аталық
жіпше
тозаң
Аналық:
аузы
мойны
жатын
Тұқым бастама
1.Бүйірлік гүл, гүл жапырақтың қолтығынан шығады.
Төбелік гүл
Гүлсағақ қысқарған немесе гүл қондырмасы деп аталады.
Гүлдің бөліктері стерильді және фертильді бөлік болып бөлінеді. Оларға аталақ және аналық жатады.
Кейбір гүлдерде, гүлтұғырының, аталықтың және гүл серігінің төменгі бөліктері тұтасып бірігуінің нәтижесінде ерекше құрылым пайда болады, оны гипантий деп атайды (раушан тұқымдас).
Гүлтұғырында гүлдің мүшелері шеңбер сияқты немесе спираль (оралма) тәрізді орналасады. Оның біріншісі цикілді гүл, ал екіншісі ацикілді гүл деп аталады.
Көптеген өсімдіктердің гүлдерін симметриялық ерекшеліктеріне қарай, өсі арқылы өтетін тік жазықтыққа, ең аз дегенде екі бағытта теңдей бөлуге болады. Бұл дұрыс немесе актиноморфты гүлдер болып есептеледі.
Бунақденелілер (насекомдар) арқылы тозаңдануға бейімделуі процесінде актиноморфты гүлдерден зигоморфты гүлдер пайда болады. Оларды тең етіп екіге жарғанда бір ғана симметрия жазықтығын жүргізуге болады (бұршақ тұқымдас).
Толық гүл - тостағанша, күлте, аталық, аналық;
Толық емес гүл – айтылған гүл мүшелерінің біреуі немесе көбі болмайды;
Қосжынысты гүл – гүлде аталық та, аналық та болады;
Даражынысты гүл – гүлде тек қана аталығы немесе аналығы ғана болады.
Егерде өсімдіктің бір индивидінің өзінде бір жынысты гүлдер кездесетін болса, онда ондай өсімдікті бір үйлі деп атайды (жүгері, емен). Ал егер өсімдіктің аталық және аналық гүлдері әртұрлі индивидтерде болса, онда ондай өсімдіктерді қос үйлі деп атайды (тал, терек, т.б.).
Гүл серігі.
1.Ахламидті (жалаңаш) – гүлсеріктері жоқ (тал, шаған);
2.Гаплохламидті немесе монохламидті – гүл серігінің жапырақшалары тек бір шеңберге ғана орналасқан және көбінесе олар тостағанша тектес болып келеді (қарағаш, қалақай);
3.Гетерохламидті (толық) – гүл серігі қосарлы, күлтелі және тостағаншалы (қалампыр);
4.Гомохламидті (жай) – гүл серігінің жапырақшалары бірдей және өте жиі, спираль тәрізді орналасқан, күлтеше тектес боялған немесе тостағанша тектес (лалагүл), демек гүл серігі қарапайым, дара.
2. Гүлдегі аталықтың жиынтығын андроцей (андрос-еркек, ойкос- үй) деп атайды. Көптеген өсімдіктегі гүліндегі аталықтың саны оншадан көп емес. Мысалы: күрделігүлділерде – 5, лалагүлділерде – 6, бұршақ тұқымдастарда – 10.
Тозаңқап (тозаңдық)- 2
Аталық жіпше
Тозаңқаптың әрбір жартысы ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы – микроспорангий деп аталады, оларда аталық тозаңдар – микроспоралар түзіледі.
Бір немесе бірнеше аналықтар жеміс жапырақшаларын құрастыратын жиынтығын гиницей (гине- әйел) деп атайды.
Аналық аузы – тозаң қабылдайды;
Аналық мойны;
Аналық жатыны:
а) үстіңгі жатын;
б) ортаңғы
в) астыңғы
Тұқымбүршіктері жатын қабырғасының ішінде жатады. Жатынның тұқымбүршігі жабысқан ұлпасын тұқымбүршік кіндігі немесе плацента деп атайды.
Аналық жатын қуысында бір немесе бірнеше ұя болуы мүмкін. Гинецей типтері:
1. Апокарпты - әрбір жеке жемісжапырақшалар шеттері тұтасып, бірігіп кетеді. Жемісжапырақшалар = аналық.
2. Ценокарпты – аналық бірнеше жемісжапырақшаларының шеттері тұтасып кетеді.
3.Синкарпты - әрбір жемісжапырақшалары тұтасқанда тұйық ұя құралатын болады. Ұя саны = аналық саны.
4.Паракарпты – жемісжапырақшалары тек қана өздерінің кенерлерімен тұтасып және бір ғана жалпы жатын қуысын түзеді.
5.Лизикарпты – синкарпты жатынның қабырғалары жарым-жартылай ереді, ал жатынның ортасында жемісжапырақшаларының плацентарлары бар шеттерінен пайда болған бағана қалады. Схема1.
Тұқымбүршігі:
Интегументтер
Халаза
Нуцеллус
Фуникулус
Микропиле
3. Микроспорогенез – микроспоралардың микроспорангилерде немесе тозаңқапта пайда болу процесі.
Микрогаметогенез – микроспоралардың аталық гаметофитке немесе тозаң дәндеріне дамуы.
Схема:
Мегаспорогенез – нуцеллустағы (мегаспорангидегі) мегаспораның түзілу процесі.
Мегагаметогенез – мегаспораның аналық гаметофитке дамуы.
Схема:
4. Тозаңқап пісіп ашылғаннан кейін, ондағы тозаңның (микроспораның) аналық аузына келіп түсуін тозаңдану деп атайды.
Тозаңдану өздігінен тозаңдану және айқас тозақдану деп екіге бөлінеді.
анемофилия (жел);
орнитофилия (құс);
гидрофилия (су);
энтомофилия (бунақденелілер).
Аталық жыныс клеткасы (спермия) мен аналық жұмыртқа клеткасының бір-бірімен қосылып зигота пайда болуын ұрықтану деп атайды.
Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.
№4.3 Дәріс
Тақырыбы: Жынысты көбею.Жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік цикілі.
Түйінді сөздер: Хологамия, изогамия, гетерогамия, оогамия.
Жынысты көбею кезінде гаметалардың қосылуынан зигота пайда болады. Ядролардың қосылуынан ұрықтану жүреді. Мұнда гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады да хромосомалары қосылмайды. Зигота ядросында хромосома жиынтығы диплоидты болып келеді. Диплоидты зигота хромосомасында әр түрлі ұрпақтың тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігеді. Жынысты жолмен көбейген кезде, ұрпақтарда тіршілікке бейімділігі, төзімділігі артады.
Жынысты көбеюдің түрлері:
Хологамия;
Изогамия;
Гетерогамия;
Оогамия;
Халогамия (грекше «холос» - тұтас; «гамео» - некелесу). Кейбір бір клеткалы қатты клетка қабықшалары болмайтын балдырларда (мысалы, Дуналиелла) тіршілігінің белгілі бір кезеңінде, бір клеткалы организмдер гаметаларының қызметін атқарып, өзара қосылады. Қосылған екі клетка сырт көрінісі бойынша бірдей.
Өсімдіәктердің арнаулы мүшесінде – гаметангийде гаметалар дамып жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангиі бір клеткалы, ал жоғарғы сатылы өсімдіктерде – көп клеткалы.
Изогамия (грекше «изо» - тең), мұнда қосылатын гаметалар пішіні мен көлемі жағынан бірдей, ал физиологиялық ерекшеліктері жағынан айырмашылықтары болады. Аналық гаметалар «+», ал аталық гаметалар «-» таңбасымен белгіленеді. Изогамия балдырларды және кейбір саңырауқұлақтарда кездеседі.
Гетерогамия (грекше «гетерос» - әр түрлі, өзгеше) жынысты көбею кезінде қосылатын гаметалардың пішіні, көлемі жағынан әр түрлі. Аналық гамета аталықтан ірі болады және баяу қозғалады.
Оогамия түріндегі гаметалардың біреуінің көлемі үлкен, қор заты мол, талшықсыз, қозғалмайтын болып келеді. Оны жұмыртқа клеткасы немесе аналық гамета деп атайды. Екінші гаметаның көлемі кіші, талшықтары арқалы қозғалады, ядросы ірі, цитоплазмасы аз болады. Бұл – аталық гамета немесе сперматозойд деп аталады. Аталық гаметаны – спремия деп атайды.
Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жұмыртқа клеткасы пайда болатын гаметангийлар оогонийлар (грекше оон – жұмыртқа, генес- туу, шығару) деп, ал жоғарғы сатыларда архегонийлар (грекше архегонес – алғашқы, бастапқы) деп аталады. Аталық гаметангийлар екеуінде де антеридий (антрес – гүлденген) деп аталады.
Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.
№4.4 Дәріс
Тақырыбы: Жемістер.
Жемістің құрылысы
Апокарпты жемістер
Синкарпты жемістер
Паракарпты жемістер
Лизикарпты жемістер
Түйінді сөздер: жеміс, апокарпты жемістер, ценокарпты жемістер, лизикарпты жемістер, паракарпты жемістер.
