Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

2. Гүл шоғырының жүйесі

Жабық тұқымды өсімдіктер гүл шоғырының эволюциялық бағытын толық бейнелейтін біртұтас жүйесін жасау мүмкін емес. Өсімдіктердің көптеген ірі табиға топтары гүл шоғырының ерекше эволюциялық бағыттарымен сипатталады. Қәзіргі кезде негізгі екі бағыт қалыптасқан, оның өзінде жасаңдылық басым. Бірінші бағытта жүйелеуге гүл шоғырының өсімдіктер сабағыңда орналасуы негізге алынған. Екінші бағыт өркеннің бұтақтануы мен гүлдердің жетілуіне негізделген. Бұтақтану типтеріне қарай гүл шоғырын моноподийлік немесе ботрикалық (бүйір гүлді, анықталмаған, рацемозды) және симподийлік (жоғарғы гүлді, анықталған, цимозды) деп ажыратады.

Ботрикалық гул шогырының бұтақтануы моноподийлі өсуі шектелмеген, бүйірлік (жанама) бұтақтануы жиі. Мұнда гүл шоғырының негізгі өсі айқын байкалады және жеке гүлдердің ашылуы негізінен ұшына қарай, яғни акропетальды жүреді.

Симподийлік гул шогырының бұтақтануы әрі өсуі шектелген, бүйірлік бүтақтануы сиректеу.

Ботрикалық гүл шоғырынан айырмашылықтарының бірі — гүл шоғырының негізгі өсі анық байқалмайды немесе жалған гүлдері ұшынан негізіне қарай, яғни базипетальды немесе ортасынан шетіне қарай ашылады.

Ботрикалық гүл шоғырлары жай және күрделі деп бөлінеді. Жай ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанбайды, гүлдер гүл шоғырының негізгі өсінде орналасады.

Күрделі ботрикалық гүл шоғыры бұтақтанады, гүлдер негізгі өстен жетілген бүйірлік бұтақтарда орналасады.

Жай ботрикалық гүл шоғырлары төмендегідей:

1) Шашақ гүл. Мұнда гүл шоғырының негізгі өсі жақсы жетіледі. Оңда орналасқан жеке гүл сағақтарының ұзындығы шамамен бірдей. Гүл сағақтары өсімдік түрлеріне байланысты кейбіреулерінде гүл жапырақтарының қолтығынан, жағдайда оның біреуі ұрықтың алғашқы клеткасынан қалыптасады. Кейде бір тұқым (маңдарин) ішіңдегі эбриоңдар саны 20-ға жетеді, бұлардың көпшілігі нуцеллус клеткаларынан ұрықтанбай-ақ (апомиксис) пайда болады. Мұңдай ұрықтар нуцеллярлы эмбриондар делінеді.

Партенокарпия. Жемістің тұқымсыз дамуы партенокарпия деп аталады. Партенокарпия кезінде тұқымсыз жеміс ұрықтануға немесе ұрықтанбауға байланыссыз өтуі мүмкін. Партенокарпиялы жемістерге жүзімнің (мейіз) сорттары, құрманың тұқымсыз жемістері, тұқымсыз алмұрт, інжірдің тұқымсыз жемістері жатады. Партенокарпты жеміс беретін өсімдіктер тек вегетативті жолмен ғана көбейеді.

Партенокарпияның екі түрі бар: вегетативті және үдеткішті (стимулятивті). Бірінші түріңде жеміс тозандануға дейін немесе тозаңсызданусыз (тұқымсыз алмұрт) пайда болады. Үдеткішті партенокарпияны аралық ауыз үдеткіштер (стимуляторлар) арқылы қолдан тітіркендіріп тудырады. Үдеткіш ретінде пісіп-жетілген туыстарының тозаңы жиі қолданылады. Мысалы, алма аналық аузьш алмұрт тозаңымен, бұрышты картоп тозаңымен, қара өрікті өрік тозаңымен және тағы сол сияқты тозаңдандырады. Партенокарпияны аналық аузын химиялық реактивтерді, әлсіз электр тогы, рентген сәулелері және тағы басқа да тітіркендіргіштерді пайдаланып туғызуға болады.

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

4.1 Дәріс

Тақырыбы: Жыныссыз көбею. Споралы өсімдіктердің тіршілік цикілі.

Түйінді сөздер: көбею, вегетативті көбею, жыныссыз көбею, спорангий, зооспорангий, споралар, зооспоралар.

Жыныссыз көбею споралары немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралар (грекше spore – тұқым) құрлық өсімдіктеріне тән, олар өз бетінше қозғала алмайды, салмақтары өте жеңіл болғандықтан, ауа арқылы таралады. Зооспоралар ( грекше «zoon» - жануар, «zoospore» - қозғалатын спора) суда, ылғалды топырақта өсетін өсімдіктерге тән. Споралар арқылы төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігі және жоғары сатыдағы мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділер көбейеді. Өсімдіктерде споралардың пайда болуын споралану деп атайды.

Споралар митоз (митоспоралар) немесе мейоз (мейоспоралар) жолымен пайда болады. Митоспоралар балдырларға ғана тән, ал мейоспоралыларға жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Спора және зооспоралар бір клеткадан, сирек екі клеткадан тұрып, пішіндері: шар, элепис немесе цилиндр тәріздес болып келеді. Клеткалары көбінесе оларда гаплойд ядролы, кейбір өсімдіктерде ғана диплоидты немесе дикарионды болып келеді. Споралар цитоплазмасы қоректік заттарға, әсіресе май мен витаминдерге бай. Спора қабықшасы саңылауы болғандықтан, кутин мен балауыз сіңіп, қалыңдай түседі.

Спора мен зооспоралар қолайлы жағдайға түскеннен кейін одан жас өсімдік пайда болып, оны жыныссыз көбею деп атайды.

Споралар пайда болу орнына қарай, эндоспоралар және экзоспоралар деп бөлінеді. Эндоспоралар арнаулы орындарда (мүшелерде, ал экзоспоралар өсімдік денесінің бетінде) жетіледі. Эндоспораларға сәйкес зооспоралар пайда болатын клеткалар немесе мүшелер спорангий және зооспорангий деп аталады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде спорангий бір клеткалы мүше, оның клетка құрамындағы заттар бөліне келіп, споралар жетіледі, спора санының артуына қарай спорангий қабықшасы жарылып, споралар сыртқа шығады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде спорангий көп клеткалы мүше, оның сыртын бірнеше қабат қабықша қаптап тұрады. Жас спорангий ішінде спорогенді ұлпа қалыптасады, оның клеткаларының мейоз жолымен бөлінуінен мейоспоралар пайда болады.

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

4.2 Дәріс