Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

3. Сабақтың екінші жуандауы

Егер прокамбий алғашқы өткізгіш ұлпалардың пайда болуына тұтастай жұмсалса екінші жуандау болмайды, ал егер меристемалық қызмет етуші қабат қалып қойса, онда ол уақыт өткенде камбийге айналады және екінші жуандау басталады.

Екінші жуандауда, сыртқа екінші флоэма қабатын, іште екінші ксилема қабатын сала, камбий жасушалары белсенді жұмыс істейді.

Яғни ұлпалардың дамуында толық инверсия жүреді .

Бір мезгілде камбийлік белсенділіктің пайда болуының басталуымен жамылғы ұлпаларда да өзгерістер жүреді. Эпидерма, оларды іштен тірейтін, өсіп келе жатқан ұлпалардың қысымын көтере алмайды, ол үзіліп, салбырап қалады. Феллоген өз жұмысын бастайды (сүректік камбий). Эпидермиске ауысуға екінші жамылғы ұлпа перидерма келеді.

4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория

Өткен жылдың аяғында-ақ фон Мольдің, де Бари және ең бастысы Сакстың еңбектерінің нәтижесінде, өсімдік сабағы үш ұлпа жүйесінен тұрады деген болжам туды: жамылғы ұлпалар, негізгі паренхима және паренхимаға батырылған өткізгіш шоқтар.

Бірақ бұндай мүшелеу тұрғысынан сабақтың әртүрлі типтерін сипаттау және жүйелеу қиынға соғады, олардың эволюциялық қалыптасуын айқын тұжырымдау да мүмкін болмады.

Бұл қиыншылықтар француз ботанигі Ван-Тигель негізгі белгілерін өрнектеген, стелярлық теориямен жеңілген еді.

Ван-Тигель стела деп, перициклмен шектелген, өткізгіштік, арматуралық жэне паренхималық ұлпалардың жиынтығын белгіледі. Алдында осы бір таза сипатталған түрдегі түсінік тамыр үшін енгізілген болатын, одан кейін оны сабаққа да таратты.

Әртүрлі типтік стелярлық құрылымды зерттеу жоғары сатылы өсімдіктер эволюциясының жолын түсінуге үлкен қызыгушылық жасайды.

Стеланың ең қарапайым типі, өткізуші ұлпа тұтас массаны тудыратын, және ксилемадан түратын, орталық ядро флоэмамен толық қоршалған түрі болып табылады. Мұндай стела протостела деп аталады. Протостела құрылымы бойынша қарапайым ғана емес, эволюция процесінде стеланың басқа да барлық түрлері шыққан бастапқы тип болып табылады. Ол риниофиттер мен көптеген құрып біткен формаларға тэн болды. Қазіргі флорада кейбір плаундар мен папоротниктерде протостела болады.

Протостеланың өте қарапайым формасы гаплостела болып табылады. (грекше гаплос - қарапайым), ол флоэма цилинрдрімен қоршалган, алғашқы ксилеманың орталық шоғынан тұрады. Дұрысырақ формасы актиностела болып табылады (актинос - сэуле), онда сэуле түріндегі (көлденең кесіңдісінде жұлдыз түрінде болады) ксилеманың радиалдық төмпешігі болады.

Актиностелаға ауысу кезінде флоэма мен ксилемада, айналадағы тірі үлпалармен жанасатын үлкен беттері болады, ол заттардың өте жақсы өтуіне мүмкіндік жасайды.

Эволюция процесінде протестела сифоностелаға бастау береді (грекше сифон - түтік). Сифоностела түтікті құрылымды, онда өзек пайда болады. Сифоностеланың пайда болуы өте ірілеу организмдердің тіршілік етуіне мүмкіндік жасады. Арматуралық ұлпаның рөлін атқаратын, ксилема, сабақтың шетше ауысып, мұндай түтікті конструкцияны жасауы сабақты одан да берік етеді. Сифоностеланың әр түрлі типтері папоротниктерге тән.

Стеланың әрі қарай күрделіленуі папоротниктерде ірі жапырақтардың пайда болуымен байланысқан (эволюцияның макрофильді желісі). Сифоностела жеке бөлшектерге бөлінеді. Белінудің нәтижесінде папоротниктер диктиостеласы (грекше диктион - тор) және түқымды өсімдіктердің эустеласы (нағыз стела) пайда болады. Стела эволюциясының соңғы буыны (звеносы) атактостела (грекше а-жоқ, тактос-тәртіп). Ол біржарнақтыларға тән. Эустеладан, өткізуші шоқтарында камбийдің болмауымен ерекшеленеді. Өткізуші шоқтардың өзі барлық көлденең кесіндіде тәртіпсіз шашылған сияқты жатады.

Әсіресе тамырдың стеласының эволюциясын ерекше атап кетуге болады. Сыртқы түріне қарғанда, ол өркеннің актиностеласына ұқсайды. Бірақ та оның тек жеке шоқтарға сәйкес келмейтінін, органның барлық өткізгіш үлпасының жиынтығына сәйкес келетіні есте болу керек.

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

3.5 Дәріс

Тақырыбы: Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі.

  1. Өркеннің әртүрлілігі;

  2. Өркеннің жерасты түрленуі;

  3. Өркеннің жер бетіндегі түрленуі.

Түйінді сөздер: біржылдық өсімдік, екіжылдық өсімдік, көпжылдық өсімдік, ағаш, бұта, шөп.