Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

IV сұрақ. Бұтақтанудың типтері:

Өркен ұзындыққа әдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде өседі. Даражарнақты өсімдіктердің өркендері қыстырма меристемалардың белсенділігінің нәтижесінде ұзарып өседі.

  1. Моноподиалдік бұтақтану - өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өседі;

  2. Симподиалдік бұтақтану - көп өсімдіктерде төбелік меристема аз уақыт өмір сүреді, әдетте бір ғана вегетациялық кезең бойынша тіршілік етеді. Келесі маусымда өркеннің өсуі жақын орналасқан бүйірлік бүршіктің есебінен жалғасады.

  3. Түптену - өркеннің ең үлкен бұтақшалары, оның тек түп жағынан кетеді. Бұтақшалар өркеннің жерге жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл бөлігін түптену аймағы деп атайды.

V сұрақ. Бүршіктердің типтері.

Бүршік дегеніміз – буынаралықтары өте қысқарған, түрі өзгерген, демек метаморфозданған өркен.

Бүршік құрамында остік сабақ, оның өсу конусы (төбесі, ұшы) бірін-бірі жаба орналасқан бірнеше жас жапырақтары болады. Көпшілік жағдайда бүршіктегі жапырақшалар біршама қатты, түсі, түрі өзгерген қабыршақтар. Қабыршақтар негізінен, бүршіктің өсу конусының меристемасын қорғаудан, әсіресе көктемдегі құбылмалы температурадан сақтайды. Қабыршақтары бар бүршіктер жабық деп аталады (ақ қайың, жөке, емен т.б.).

Ашық немесе жалаңаш бүршікте қабыршақтар пайда болмайды. Ашық бүршік көптеген тропикалық және субтропикалық ағаштарда, цитрус тұқымдастарына тән.

Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай келесі бүршіктер болады:

  1. Генеративті бүршігі – көлемі ірі болып, қысқарған өркенде гүл немесе гүлшоғыры шығады;

  2. Вегетативті бүршігі – жапырақ немесе өркен өсіп шығады;

  3. Вегетативті-генеративті бүршігі – бұршіктен вегетативтік метамерлер және гүл немесе гүл шоғыры өсіп шығады (мамыргүл).

Сабақта орналасу ретіне қарай бүршіктер келесі түрлерге бөлінеді:

  1. Төбе бүршік - өсіп келе жатқан өркеннің дәл ұшында болады да, оның клеткаларының көбею нәтижесінде өсімдіктің негізгі өркендері бойлай өседі;

  2. Жанама бүршіктер:

А) Қолтық - өсу конусында жас жапырақшалар қолтығынан экзогенді жолмен пайда болады. Жапырақ қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер орналасуы мүмкін. Олар орналасуына қарай:

  • сериалы (лат. сериес-қатар) – бір қолтықтан бірнеше бүршік дамиды да, бірінің үстіне бірі орналасады (грек жаңғағы, ақ қараған);

  • коллатералды (лат. кол-бірге, латералис-бүйірлі) немесе бүйірлес бүршік – қолтықтан шыққан бүршіктер өз ара бүйірлесе орналасады (алхоры);

  • биколлатералды – жазықтықта, таспалы екі қатарды өзара бүйірлесе орналасады.

  • Айналмалы – бунақты бүршік – олар бір буын деңгейінде сабақты айнала орналасады (қара өрік);

Б) Қосалқы немесе адвентивті бүршік (лат. адвентикус-кездейсоқ) - өсу конусының меристемасынан емес, қалыптасқан ересек сабақтан эндогенді жолмен дамиды, вегетативтік көбеюге қатысады;

В) Қысқарған бүршік – сүректі өсімдіктерде күзге қарай пайда болып, қыстап , тек келесі көктемде өркендейді;

Г) Бұйыққан бүршік – жылдар бойы өспей, өзінің өсу қабілетін жоғалтпай, өзіне қолайлы кезеңде өсуге, өркендеуге бейімделген және сабақ ұлпаларына көмілген бүршіктер. Бұйыққан бүршіктің өсу конусы жыл сайын біраз мөлшерде жаңа метамерлерді қалыптастырады да, оның сыртқы қабыршақты жапырақшалары біртіндеп түседі, ал бүршік өсінен баяу өсуі байқалады.

III. Бүршіктің ылғалды камерасында өркеннің меристемалық төбесі – апекісі (лат. апекс-төбесі, өсу нүктесі) болады.

VI сұрақ. Өркеннің меристемалық төбесінің құрылысы.

I. Өркен – бойында сабақ, жапырақ және бүршік орналасқан, өсімдіктің негізгі мүшесі. Өркеннің барлық құрамды бөлшектері біртұтас түзуші ұлпа шоғырынан пайда болады да, бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.

Өркеннің остік арқауы – сабақтың жапырақ шыққан жерін буын, екі буын арасын – буын аралығы деп атайды. Буыннан шыққан жапырақ пен жоғары өсетін сабақ арасындағы бұрыштық кеңістікті - жапырақ қойнауы деп аталады. Өркен бойындағы буын және буынаралықтар белгілі ретпен өсу бағытына қайталанады да, өзара ұқсас құрылымды бөлімдер – метамерлер түзеді (грекше мета- бірлесе, бірге, мерис- бөлігі, сабағы). Өркеннің мұндай құрылым бөлігі, буынан, буынаралықтан, жапырақтан, қолтық бүршіктен құралған, жекеленген метамерлер. Демек, өркен метамерлік құрылымды жүйе.

Сабақтың негізінен арқаулық, тасымалдаушы, жерасты бөлігін жер үсті бөліктерімен өзара байланыстырушы қызметін атқарады. Сабақ өсімдіктің денесін жоғары көтеріп тұру, жапырақта пайда болған органикалық заттардың ерітінділерін тамырға қарай, ал тамырдың топырақтан сіңірген су мен минералды тұздарды жапыраққа қарай өткізу қызметтерін атқарады. Көп жағдайда сабақ, қорлық заттарды жинақтаушы және вегетативтік көбею мүшесі де бола алады.

Өсімдіктің алғашқы өркені ұрықтық өркенінен өсіп шығады, оның гипокотилі, тұқым жарнағы және бүршігі болады. Ұрықтың бүршігі орналасуы жағынан төбелік бүршік болады, ол өркеннің ұзына бойы өсу қабілетін жоғалтпайды. Жанама бүршіктен жанама өркендер пайда болып, бұтақтанып, өркендер жүйесі қалыптасады.

11. Апекс - өркеннің барлық мүшелерінің және ұлпаларының қалыптасуын қаммасыз ететін, белсенді жұмыс атқаратын өсу орталығы. Апекстің түрақты жаңалауының қайнар көзі, ол оның төбелік меристемасының инициальді (лат. инициалис- алғашқы) клеткалары.

Тұқымды өсімдіктердің апексі көп клеткалы меристема алқабынан тұрады. Ол клеткалар көлемі, пішіні, бөліне жылдамдығы мен бағытына қарай әр түрлі болып келеді. Э. Фостер (американ ғалымы) теориясы және А. Шмид (неміс ғалымы) туника және корпус теориясы.

Протодерма Эпидерма

Туника Прокамбий Шоқ

А пекс Ассимиляциялық паренхима

Корпус Қорлық ұлпа

Арқаулық ұлпа

Ганштейн – гистогендер теориясы

Дерматоген Эпидерма

И нициальді клеткалар Периблема Алғашқы қабығы

Плерома Орталық цилиндр

Демонстрациялық материал: кестелер, суреттер.

3.4 Дәріс

Тақырыбы: Сабақ - өркеннің осі. Сабақтың анатомиялық құрылысы.

1. Сабақ морфологиясы.

2. Сабақтың анатомиялық құрылысы

3. Сабақтың екінші жуандауы

4. Стела және оның типтері. Стелярлық теория

Түйінді сөздер: сабақ, стела, протостела, сифоностела, эустела.