Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АМ лекции каз исправленные.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
368.13 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-техникалық факультеті

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Пәні: Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы

Мамандығы: 5В011300 «Биология»

Құрастырушы: химия және биология кафедрасының доценті, б.ғ.к.

А.С. Бахтаулова

Талдықорған 2012

Мазмұны:

1. №1.1 Дәріс Тақырыбы: Өсімдік клетканың құрылысы. Протопласт және протопласт түындылары.

2. №2.1 Дәріс Тақырыбы: Ұлпалар. Ұлпалардың жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар (меристемалар).

3. №2.2 Дәріс Тақырыбы: Арқаулық (механикалық) ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар.

4. №3.1 Дәріс Тақырыбы: Туқым және өскін.

5. №3.2 Дәріс Тақырыбы: Тамырдың морфологиясы және анатомиясы.

6. №3.3 Дәріс Тақырыбы: Өркен. Бүршік.

7. №3.4 Дәріс Тақырыбы: Сабақ - өркеннің осі. Сабақтың анатомиялық құрылысы.

8. №3.5 Дәріс Тақырыбы: Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі.

9. №3.6 Дәріс Тақырыбы: Өркеннің бүйірлік мүшесі - жапырақ.

10. №3.7 Дәріс Тақырыбы: Өркеннің ерекше түрі - гүлшоғырлар

11. №4.1 Дәріс Тақырыбы: Жыныссыз көбею. Споралы өсімдіктердің тіршілік цикілі.

12. №4.2 Дәріс Тақырыбы: Гүл

13. №4.3 Дәріс Тақырыбы: Жынысты көбею.Жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік цикілі.

14. №4.4 Дәріс Тақырыбы: Жемістер.

15. №5 Дәріс Тақырыбы: Өсімдіктер экологиялық топтары

Дәрістер жиынтығы

1.1 Дәріс

Тақырыбы: Өсімдік клетканың құрылысы. Протопласт және протопласт түындылары.

  1. Ботаника пәні, оның бөлімдері.

  2. Цитология. Өсімдік клеткасының зерттеу тарихы.

3. Өсімдік клетканың құрылысы.

4. Ядроның құрылысы. Клетка цикілі.

5. Клетка протопластісі.

6. Протопласт туындылары.

Түйінді сөздер: цитология, клетка, протопласт, органелла, протоплас туындылары, морфология, анатомия.

Сұрақ 1:

Өсімдікті зерттейтін ғылымды – ботаника деп атайды (ботанэ – жасыл шөп).

Ботаника бөлімдері:

  1. Цитология (клеткалар);

  2. Морфология:

А) гистология (ұлпалар);

Б) органография (мүшелер).

  1. Систематика (өсімдіктердің әртүрлілігі);

  2. Экология (табиғат ортасымен қарым-қатынас);

  3. География (өсімдіктердің жер бетіне таралуы).

Сұрақ 2:

Цитология - өсімдік клеткасын зерттейтін ғылым.

Қажетті құралдар – жарық микроскопы және электрондық микроскоп.

Өсімдік клеткасының зерттелу тарихы:

1665 ж 1671ж 1791ж 1831ж 1838-39жж

Р .Гук Мальпиги Компаретти Р.Браун Шван, Шлейден

Грю

Тоз - клетка Цитоплазма хлоропластар Ядро клетка

қабықшасы теориясы

Клеткалардың сыртқы пішіні (формалары) 2-ге бөлінеді:

  1. паренхималы – ені мен ұзындығы бірдей;

  2. прозенхималы – ұзындығы енінен 4-есе ұзын болады.

Клетканың көлемі:

10-100 мкм 1мкм = 0,001мм

Сұрақ 3:

Бір клетканың органелаларының жиынтығы – протопласт деп аталады.

  1. Протопласт:

  1. П лазмалемма – сыртқы мембрана;

  2. Тонопласт – ішкі мембрана;

  3. Эндоплазмалық ретикулум (тор)

а) гранулярлы

б) агрянулярлы

  1. Г ольджи жиынтығы (диктиосома); Бір мембраналылар

  2. Сферосомалар;

  3. Лизосомалар;

  4. Микроденелер;

  5. Р ибосомалар; - мембранасыз

  6. Гиалоплазма;

  7. М итохондриялар; Екі мембраналылар

  8. Пластидтер;

  9. Ядро.

  1. Протоплазмалардың туындылары:

  1. Қоректік заттар (көмірсулар, ақуыздар, липидтер);

  2. Физиологиялық активті (белсенді) заттар (витаминдер, ферменттер, фитогормондар);

  3. Зат алмасулардың соңғы азықтары;

  4. Клетканың қабықшасы (Са (кальций) оксалаты).

Сұрақ 4