- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
«Президент. Билік. Халық» тақырыбына презентация дайындаңыз.
«Қазақтың билік айту дәстүрі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізіңіз.
Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
2-сабақ
Кім сақ болса, сол үстем болар.
Ж.Баласағұн
Тәртіпке бас иген адам құл болмайды,
Тәртіпсіз ел болмайды.
Б.Момышұлы
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыз.
Қауіп-қатерден қорғану деген не?
Жеке адамның қауіпсіздігі деген не?
Ұлттық құндылықтарға нелер жатады?
Сіздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істегіңіз келе ме?
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы не білесіз?
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
2-тапсырма.
Ұлттық қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, қоғамдық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздік жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады.
Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мысалы шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтарды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани баса көктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа.
Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына әсер ететін қауіп-қатерден қорғануы. Ұлттық қауіпсіздік мәселесін шешу мемлекет пен қоғамның басты стратегиялық басымдығы болып табылады. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігі еліміздің Ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болып есептеледі.
1992 жылы 13 шілде күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі жағдаймен тығыз байланысты болды. Барлық реформалардың басты мақсаты – Комитетке жүктелген міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау болды. Қазір еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті – кез-келген қатер мен сынаққа шұғыл жауап бере алатын икемді, әрі жоғары білікті арнайы қызмет.
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
Сөздік
азаматтық қоғам гражданское общество
басымдық приоритет
баса көктеу проявляя нахальство, бесцеремонность
қағидат правило
қауір-қатер опасности, угрозы
қоғамдық қатынастар общественные отношения
құқықтық мемлекет прававое государство
мүдде интерес
өмірлік мүдде жизненный интерес
саяси әрекет политическое действие
саяси құрылым политическая структура
тыңшылық шпионаж, разведка
ұлттық мүдде национальные интересы
ұлттық қауіпсіздік национальная безопасность
ұлттық құндылықтар национальные ценности
халықаралық құқық международное право
