Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
646.77 Кб
Скачать

Нөмірлер

Стандарт нөмірінің бағасы 14 000 теңге

Қосымша адамға 2000 теңге

Нөмірде:

Екі кісілік кереует, LG теледидары, LG кондиционері, тоңазытқыш, спутниктік ТВ, ғаламторға шығу мүмкіндігі (WI-FI), халықаралық желіге тікелей шығатын телефон, монша бұйымдары, тəпішкелер, үтік (тапсырыс бойынша), дəрі қобдишасы (тапсырыс бойынша), фен, сейф.

Нөмір ақысына кіреді:

Тұрақ, таңғы ас, WI-FI, əуе жəне теміржол билеттерін тегін жеткізу.

Жартылай люкс нөмір құны – 18 000 теңге

Екі бөлмелі нөмірде:

Екі кісілік кереует, диван, үстел, LG теледидары, LG кондиционері,тоңазытқыш, спутниктік ТВ, ғаламторға шығу мүмкіндігі (WI-FI), халықаралық желіге тікелей шығатын телефон, монша бұйымдары, халат, тəпішкелер,үтік (тапсырыс бойынша), дəрі қобдишасы (тапсырыс бойынша), фен, кір жуу қызметі, сейф.

Нөмір ақысына кіреді:

1) Тұрақ 2) Таңғы ас 3) WI-FI

4) Əуе жəне теміржол билеттерін тегін жеткізу

Сөздік

ақпарат қағазы информационный лист

дәрі қобдишасы аптечка

жоғары класты мейрамхана ресторан высшего класса

қала келбеті вид города

қонақүй гостиница, отель

қонақтарды тіркеу регистрация гостей

мәлімет сведения; информация

мәслихат-залы конференц –зал

монша бұйымдары банные принадлежности

техникалық қызмет техническое обслуживание

тұрмыстық қызмет бытовое обслуживание

халықаралық желі международная сеть

іскерлік кездесу деловая встреча

ЖАЗЫЛЫМ

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

Сұрақтар

Жауаптар

Сарайшық қонақүйі туралы ақпаратта не жазылған?

«Қазақстан» қонақүйі қай қалада және қай жерде орналасқан?

Қазақстан» қонақүйі қонақтарға қандай қызметтер көрсетіледі?

«Қазақстан» қонақүйі жылына қанша адамға қызмет көрсете алады?

Қай қонақүйде іскерлік кездесулер өткізуге арналған мәслихат залдары бар ?

Грамматикалық тақырып: Бұйыру қатынасын білдіру амалдары.

I -айын/- ейін/- йын/ - йін I - айық/- ейік/- йық/- йік

II – – II -ыңдар/-іңдер/-ңдар/-ңдер

II - ыңыз/- іңіз/-ңыз/-ңіз II - ыңыздар/- іңіздер/ -ңыздар/-ңіздер

III -сын/ -сін III - сын/ - сін

Мысалы:

Мен барайын, келейін. Біз оқыйық, барайық.

Сен бар, кел. Сендер оқыңдар, барыңдар.

Сіз барыңыз, келіңіз. Сіздер оқыңыздар, барыңыздар.

Ол барсын, келсін. Олар оқысын, барсын.

ЖАЗЫЛЫМ

8-тапсырма. Сөйлемдерге тиісті бұйрық райдың жұрнақтарын қойып жазыңыз.

Сіз Алматы қаласындағы қонақүйлер туралы ақпаратты жібер... . Осылардың ішінен ұнаған қонақүйді таңда... . Ол маған алдын ала хат жазып жібер... . Мен сол қонақүйге тапсырысты ертерек бер... . Конференцияға келетін күндеріңізді нақтылап тағы жаз... . Сізден жауап күт... . Олар жиналысқа кел... . Қонақүйде іскерлік кездесулер өткіз... . Теміржол билеттерін тегін жеткіз... . Іссапарға бар... . Кәсіпкерлерді қонақүйге орналастыр... .

АЙТЫЛЫМ

9-тапсырма. Іссапарға баратын болдыңыз. Қонақүйден ақпараттар алу үшін қандай сұрақтар қояр едіңіз? Сіз үшін төмендегі сұрақтардың қайсысы маңызды.

1. Қонақүй қай жерде орналасқан?

2. Қонақүй қаланың орталығында ма?

3. Қонақүйдің қызмет көрсету деңгейі əлемдік талапқа сай ма?

4. Қонақүйдегі стандарт нөмірінің бағасы неше?

5. Қонақүйде мейрамхана бар ма?

6. Жиналыстар, семинарлар өткізуге арналған мəслихат залы бар ма?

10-тапсырма. Оқыңыз.

1.

– Сəлеметсіз бе!

– Сəлеметсіз бе! Сіздерден бір бөлме алсам деп едім.

– Сіз алдын ала бір бөлмеге тапсырыс бердіңіз бе?

– Жоқ.

– Өкінішке қарай, бізде барлық бөлмелер бос емес.

– Қалада басқа қандай қонақүйлер бар?

– «Алтын адам», «Сұңқар» қонақүйі бар.

– «Алтын адам», «Сұңқар» қонақүйі жақын маңда ма?

– Иə, осы жерге жақын.

2.

– Маған қай нөмірді бересіз?

– Сізге сексен жетінші нөмірді беремін.

– Бір күндік төлемақы қанша?

– Он екі мың теңге.

3.

– Бізге екі люкс нөмірі қажет.

– Сіздер мұнда қанша күнге тоқтадыңыздар?

– Үш күн боламыз.

– Төлемақыны қазір төлейсіздер ме?

– Иə, қазір. Төлемақыға не кіреді?

– Таңертеңгі ас.

– Қонақүйде қандай қызмет түрлері бар?

– Қонақүйде мейрамхана, бассейн, монша бар. Сонымен қатар кір жуғызуға,

киімді үтіктетуге болады.

– Бассейн қайда орналасқан?

– Бассейн бірінші қабатта орналасқан.5 5.ұ

4.

  • Сəлеметсіз бе! Бұл «Қазақстан» қонақүйі ме?

– Сəлеметсіз бе! Иə, «Қазақстан» қонақүйіне хабарласып тұрсыз.

– Кешіріңіз, мен Астанадан телефон соғып тұрмын. Мен бір бөлмеге тапсырыс берейін деп едім.

– Неше күнге?

– Бес күнге.

– Аты-жөніңізді айтыңыз. Ақпарат қағазын толтыруым қажет.

– Аты-жөнім Жəнібек Мұратұлы Ыдырыс.

– Қашан келесіз?

– Он екінші мамырда келемін.

– Жақсы, Сіздің аты-жөніңізді, келетін күніңіз жайлы мəліметті толтырдым.

Алаңдамаңыз. Келіңіз. Күтеміз.

– Жақсы, рақмет.

– Сау болыңыз!

– Сау болыңыз!

Сұ. ÎС

11-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.

Сұхбаттарда не жайлы айтылады?

АЙТЫЛЫМ

12-тапсырма. Сіз Алматы қаласына іссапарға баратын болдыңыз. Алматыда «Алматы» қонақүйіне тоқтайсыз. Қонақүйге телефон соғып, нөмірге тапсырыс беріңіз. Қонақүйдің қызмет түрлерін біліңіз. Сұхбат құраңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]