- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •Бөж тапсырмалары
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
-
– (Ы) НШЫ – (I) НШI
Сұрақтары:
НЕШІНШІ? ҚАНШАСЫНШЫ? ҚАЙ?
Үлгі:
1 – Бiр + iншi 6 – Алты + ншы
2 – Екi + ншi 7 – Жетi + ншi
3 – Үш + iншi 8 – Сегiз + iншi
4 – Төрт + інші 9 – Тоғыз + ыншы
5 – Бес + iншi 10 – Он + ыншы
Жиырма + сы + ншы
1974 жыл – Бір мың тоғыз жүз жетпіс төртінші жыл.
1991 жыл – Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл.
2000 жыл – Екі мыңыншы жыл.
2006 жыл – Екi мың алтыншы жыл
2017 жыл – Екі мың он жетінші жыл.
ЖАЗЫЛЫМ
7- тапсырма. Цифрмен жазылған сан есімдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз. ( 11 700, 90000, 38%, 132,7, 6,5)
8-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді орын тәртібіне сәйкес орналастырыңыз.
2012 / құрады / көлемі / долларын /сауда/ елдің/ айналымы / 132,7 млрд. /АҚШ/ сыртқы / жылы |
Жаһандық/ экономикалық/ айналымының / сыртқы /сауда /салдарынан / көлемі/ 34% /төмендеген /дағдарыс |
Сыртқы / өсті / үлесі / экспорт / айналымындағы / сауда |
Европа/өмір/мың/банкноттарында/орта/елдерінің/26/бактерия/есеппен /сүреді /екен |
Күнделікті / қағаз /жүретін / қалтамызда /ақшаның / бірге /пайдасымен /зияны/ да / көп /екен |
Экспорттың / минералдық / құрайды /75% / жалпы /өнімдер/ көлемінің |
ТЫҢДАЛЫМ-ОҚЫЛЫМ
9-тапсырма. Мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріңіз.
Саудагерде дос болмас.
Саудагер – қасық, ел – теңіз.
Саудагер есепке байиды.
Пұлсыз берді, құнсыз алды.
Базар – бай, алушы – кедей.
Саудада достық жоқ,
Сәлемде борыштық жоқ.
АЙТЫЛЫМ
10-тапсырма
Отбасылық бюджет қалай басқарылады?
Отбасы бюджетін қалай тиімді етуге болады?
Отбасылық бюджетті құрып үйрену қажет пе?
Қазіргі көптеген адамдар алатын жалақыларының жаман емес болуына қарамастан жасаған шығындарының орнын толтыра алмай жатады. Себебі...
Біреулер егер шығыны табысынан асып жатса, немесе табысы жетпей жатса, отбасы бюджетін үнемдеп көбейту туралы ойланудың не қажеті бар деп есептейді. Осыған қалай қарайсыз?
Өзіңізді қаржылық сауаттылығым бар деп есептейсіз бе?
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
11-тапсырма.
Дәстүрлі түрде бюджеттің үш түрі бар деп саналады: бірлескен, бірлескен-жеке және жеке бюджет. Бюджеттің түрін таңдауда отбасы мүшелерінің барлығының пікірі ескерілуі тиіс. Әйтпесе кикілжіңдер туындауы мүмкін. «Бюджет» сөзі тікелей аударғанда «әмиян» деген сөзді береді. Тұрмыстық деңгейде бұл сөз ақша шығыстары мен кірістерін есепке алуды білдіреді. Бюджет екі бөлікке бөлінеді – кіріс және шығыс. Қаржылық әл-ауқатқа жетудегі ең маңызды қадам – іс жүзіндегі жасалынған шығындардың көлемін анықтау. Біріншіден, отбасының барлық шығындарын анықтап, оларды топтасыра білу қажет: қажетті шығындар мен уақытша шығындар. Кейініректе бірінші санаттың шығындарынан азықтану, коммуналдық қызметтер, көлік, балаларды оқыту сияқты отбасылық бюджеттің негізгі көрсеткіштері қалыптастырылады. Уақытша сипаттағы шығындарға жоспарлы (аяқ-киім жөндеу, туыстарға сыйлық алу, күтпеген жағдайлар) және уақытша «көңіл-күйді көтеретін» жоспарланбаған шығындар жатқызылады. Шығындардың соңғы аталған түрлерін біртіндеп қысқарта бастау қажет. Егер шығындарды қысқартпаса, отбасылық бюджетке орны толмайтын нұқсан келеді. Сіз өз шығындарыңызды нақты білетін болсаңыз, сіз өз бюджетіңізді жоспарлап үйренесіз. Соның нәтижесінде әрқашанда бір соманың қалуын қамтамасыз ететін боласыз. Отбасылық бюджетті жоспарлау мәселелерін зерттеумен айналысатын аналитиктердің көпшілігінің пікірінше, шығындар мен кірістерді жүйелі түрде есепке алу шығындардың 20%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл сома жылына отбасының екі айлық жалақысын құрауы мүмкін. Бұл қаражаттарды үнемдей алсаңыз, оны сіз адал еңбекпен таптыңыз деуге тұрады. Себебі үнемделген теңге еңбек етіп тапқан теңгеге тең болады. Бұл ақшаны сіз тиімді түрде инвестициялап, келешекте қандайда бір табысқа қол жеткізе аласыз. Тағы бір пайдалы кеңес – кез келген табысыңыздың 10-20%-ын сақтап қойыңыз. Осылайша, сіз өз ақша қорыңызды жинақтайсыз. Бұл соманы мысал үшін депозитке сала отырып, сіз, біріншіден, күтпеген шығындар туындаған кезде өз қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етесіз. Екіншіден, бұл ақшалар енді өз бетінше жұмыс жасап сізге табыс әкелетін болады. Сондай-ақ, өз ақшаларыңызды жинақтай отырып, сіз жоспарлы түрде, отбасы бюджетіне нұқсан келтірмей, жеке қаржылық жоспар көмегімен өз қаржылық мақсаттарыңызға жете аласыз. Жеке қаржылық жоспарды құрудағы соңғы қадам – мақсатқа жету жолдарын анықтау. Бұл кезеңде «Қанша ақша қалдырып тұру қажет?», «Ақшаны қайда салуға болады?» және «Қашан бастау қажет?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет. Өз бюджетіңіз бен жеке қаржылық жоспарыңызды басқару идеясынан бас тартудан бұрын келесі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
1. Сіздің отбасыңыз жыл сайын құрылатын бюджетті ұстанады ма?
2. Сіздің отбасыңыз жыл сайын азық-түлікке, киімге және тұрғын үй үшін қанша ақша жұмсайтынын білесіз бе?
3. Бүгінгі күн, ағымдағы апта, ай, жылға қойған қаржылық мақсаттарыңыз бар ма?
Сұрақтардың кемінде біреуіне теріс жауап берсеңіз, өз қаржыларыңызды басқару мен бақылау туралы ойланатын уақыт келді деген сөз. Отбасы бюджетін басқару деген – жеке өнер. Негізі бұл – әдетте бір ай мерзіміне құралатын отбасының ақшалай шығыстары мен кірістерін реттеуге бағытталған жоспар. Сіздің келешектегі әл-ауқатыңыз кірістер мен шығыстарды басқара алуыңызға тәуелді болады.
Ж. Мазембаева
Сөздік
әл-ауқат благосостояние, материальное положение;
бас тарту отказаться от чего-л.
кикілжің недоразумение, ссора
кіріс прибыль, доход
нұқсан вред, убыток, урон;
теріс неправильный; неверный;ошибочный;
шығын расходы, издержки, затраты, убытки урон;
шығыс экон. расход, расходы
ЖАЗЫЛЫМ
12-тапсырма. Кестеге өз қаржылық жоспарыңызды, мақсаттарыңызды жазыңыз.
Жеке қаржылық жоспарым |
Менің мақсаттарым |
|
|
