Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
647 Кб
Скачать

Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:

Төл сөз жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.

Мысалы: «Автобус күтіп тұрмын», деді Омар.

Төлеу сөз жазушының (сөйлеушінің) біреудің сөзінің мазмұнын сақтап, бірақ өз сөзімен өзгертіп берген сөздері.

Мысалы: Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.

  1. Төл сөздің баяндауышы болып

тұрған етістік қай шақта, қай райда айтылуына қарай есімше түріне айналады да, табыс септігін қабылдайды.

Мысалы: «Мен судан қорқамын», – деді Аян. Аян өзінің судан қорқатынын айтты.

  1. Төл сөздің баяндауышы өткен

шақта немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, Төлеу сөзде ол есімше –қан/-кен, -ған/-ген жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі.

Мысалы: «Мен сабақта отырмын», – деді Асан. Аян сабақта отырғанын айтты.

  1. Егер төл сөз етістіктің келер

шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда есімшенің -атын/-етін, -йтын/-йтін жұрнақтарының табыс септігінде тәуелденуі арқылы беріледі.

Мысалы: «Ол ертең келеді», – деді Жарас. Жарас оның ертең келетінін айтты.

  1. Баяндауышы есім сөзден

немесе атау тұлғалы тұйық етістіктен болса, төлеу сөзге айналғанда олар екенін көмекші етістігімен тіркесіп беріледі.

Мысалы: «Кітап – білім бұлағы», деді атам. Атам кітаптың білім бұлағы екенін айтты.

  1. Төл сөздегі «де» көмекші

етістігі төлеу сөзде айт, сұра, ойла, талап ет, бұйыр, ескерт сияқты айту, ойлау мәнді етістіктердің біріне ауысады.

Мысалы: Әкесі «үйге кел», деді. Әкесі оған үйге келуін айтты.

ЖАЗЫЛЫМ

9-тапсырма. Сөйлемдерді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.

«Сақ жүрсең – тоқ жүресің» – деген ата-бабаларымыз. Ұлы Абай: «Адасқанның алды – жар, арты – соқпақ», – деп жазған. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қолымыздан қайрат, санамыздан ақыл кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ», – деді. Ақын Қадыр Мырза Әлі: «Қор қылу да, құдай қылуда халықтың қолында», – деген екен. Ұлы адамдар: «Тілінен айрылған халық, міндетті түрде ұлттық қасиетінен де айрылады», – деді.

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

10-тапсырма.

Қазақ халқында билік айту дәстүрі ерте кезден қалыптасқан. Би дегеніміз – елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білген. Олар бүгінге баға беріп, болашақты болжап, әртүрлі мінез-құлықтарды айтқызбай-ақ білетін, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізе білетін қасиетті жандар болған. Ел мен елдің арасындағы даулы істерді шешу үшін нағыз көсем билерді елшілікке жіберген. Би қоғамдық маңызды мәселелерге араласып, ел мен ел арасындағы саяси мәселерді шешуде хан-сұлтандардың нағыз тірегі болған.

Билер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған. Билердің шешімі көпшіліктің көзінше, ашық аспан астында анық жария болып отырған. Ешқандай құпия, алдын ала келісу деген болмаған. Билер өздерінің шешімін «Ал, халайық, бұған не дейсіңдер, ризамысыңдар?!» деп көпшіліктің талқысына салып мақұлдатқан. Әділ билік айтумен халық жадында қалған қазақтың атақты билері: Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Есей би, Жанкісі би, Майқы би, Әнет би, т.б.

ЖАЗЫЛЫМ

11-тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңыз. Сұрақтарға өз пікіріңізді жазыңыз.

1. Бұрынғы заманның билері қандай болған?

2. Билердің қандай ерекше қасиеттері болған?

3. Билер шешімін халыққа қалай жеткізген?

12-тапсырма. «Қазақ тарихындағы көшбасшылар» тақырыбына эссе жазыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]