Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
646.77 Кб
Скачать

Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.

1. Жалғаулықты. Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйткенмен. Мысалы: Ол онымен тіл табысып кетерміз деп үміттеніп еді, бірақ оның ойлағаны болмады. Екеуі қосылып кейінгілерді күтпекші болып еді, бірақ мына жақтан оларды шақырып әкетті.

  1. Жалғаулықсыз. Мысалы: Мәмет екінші рет тағы атайын деп еді,

мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды. Қазір алыста болғанмен, осы үйдің алғашқы иесі сізсіз. Күні бойы қараса да, таба алмады. Күн көрісі біреуге байланысты бола тұра, ол жақсы ат мінуді, жақсы киім киюді ұнатады.

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Сөйлемге тиісті жалғаулықтарды тауып жазыңыз.

(бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де,).

1. Алма ұйықтауға жатты, ... ұйқысы келмеді. 2. Қазақстанның кен байлықтары соңғы 20 жыл ішінде көп зерттелді, ... әлі де зерттелетін жер көп. 3. Ол шетелде көп оқыды , ... тәжірбие жетіспейді. 4. Жергілікті маңызы бар автокөлік жол­дарын жөндеуге 6 миллиард теңге қаржы бөлді, ... жолдардың сапасы нашар. 5. Жол құры­лысы арқылы аяқталды, ... жұмысшылар айлықтарын аламай отыр.

5-тапсырма. Сұрақтар жазыңыз.

Сұрақтар

Жауаптар

Көлік жолдарының ұзындығы жөнінен АҚШ жетекші орын алады.

Жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.

Дүнижүзінде теміржолдың ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық.

Әуе көлігі ең күшті дамыған ел АҚШ.

Бұрын адамдар арба, күйме,шана сияқты көлік құралдарын пайдаланған.

АЙТЫЛЫМ

6-тапсырма. Төмендегі мәселелерге өз ойыңызды білдіріңіз.

а) Республикалық тас жолдардың экономикалық маңызы бар ма? Жолдарға соншама қаржы жұмсаудың мақсаты не? Сіздің ойыңызша...

ә) Қазақстанның аймақтардағы жолдардың жақсы болуы саяхатшылар мен қонақтар үшін маңызы бар ма? Маңызды себебі...

7-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын қалай түсінгендеріңізді айтыңыз.

Жүрместен бұрын,

Жолыңды байқа,

Киместен бұрын,

Тоныңды байқа.

Жолаушыны жол сынайды.

Жаяуға жол алыс.

Барар жол ұзақ болса да,

Қайтар жол қысқа болар.

Жол қадірін, жүрген білер.

Жақсы жол

Ұзақ та болса, жақын.

Жаман жол

Жақын да болса, алыс.

ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ

8-тапсырма.

Байланыс:

1) Әртүрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;

2) Пошта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарды таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салт атты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық жетістіктерге орай байланыс құралдары жетіле түсті. XVIII ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. XIX ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс пошта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Пошта байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметттері атқарылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді.

Байланыс құралдары қазіргі кезде ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы «телефон» дегеннің не екенін білмейді.

Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел АҚШ. Оның үлесіне 2/5 – сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады. Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.

ЖАЗЫЛЫМ

9-тапсырма. Сұрақтарға жауап, жауаптарға сұрақ жазыңыз.

Радио байланыс, телефон байланыс, Теледидар қосу, ұялы байланыс, интернет, ғарыштық байланыс, факс, телеграф, видеотелефон. (бейнетелефон)

Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім? Қай жылы?

Интернет кез келген компьютер-лермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі.

Қазақстанда теледидар 1958 жылдың 8 наурызынан бастап көрсетіле бастады.

Қандай бағдарламаларды, жаңалықтарды көресіз?

АЙТЫЛЫМ

10-тапсырма. Төмендегі мәселелерге өз ойыңызды білдіріңіз.

а) Көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл дұрыс па? Сіз бұған қалай қарайсыз?

ә) Ұялы телефон біреумен жолығуға, мәселелерді шешуге, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның, туыстың жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал деп есептейтіндер бар. Сіздің пікіріңізше, ...

б) Жастар тек ұялы телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Сіздің пікіріңізше, ...

в) Кішкентайлардың көпшілігі қалта телефонын тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге пайдаланады. Сондықтан балаларға ұялы телефон алып берудің қажеттілігі бар ма?

г) Кейбір адамдар өздерінің жұмысы ұялы телефонсыз бітпейтіндей көретін дәрежеге жетті. Осыған қалай қарайсыз?

Сөздік

байланыс связь

бәсекелес соперник, конкурент

белгі знак, обозначение;метка;

қада кол, шест;

қояншық эпилепсия

дабыл сигнал (тревоги)

желі линия

жүргінші проезжий, прохожий, путник

өнертапқыш изобретатель

прототип түптұлға, прототип

портативный шағын, ықшам, алып жүруге ыңғайлы; портативті

салт атты всадник (без груза)

телефон сымы телефонная проводка

ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ

11-тапсырма.

Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде, яғни 1947 жылы Bell Laboratories зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс тастады. Одан кейін уақыт өте келе көптеген өнертапқыштар қалта телефонының үлгілерін жасап көрді. 1973 жылы Motorola DynaTAC компаниясы ең алғашқы алып жүруге ыңғайлы ұялы телефонның түптұлғасын шығарды. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын. Жоғарыда айтқан ұялы телефонның салмағы 1,15 кг болған екен. Ал қазір мүлде басқаша.

Н. Нұрдәулетұлы.

ЖАЗЫЛЫМ

12-тапсырма. Сұрақтар жазыңыз.

Сұрақтар

Жауаптар

1947 жылы зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс білдірді.

Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді.

Өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

1973 жылы Motorola DynaTAC компаниясы ең алғашқы алып жүруге ыңғайлы ұялы телефон шығарды.

13-тапсырма. Сұрақтарға жауап, жауаптарға сұрақ жазыңыз.

Қояншық, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері – ұялы телефон.

Телефонмен сөйлескенде құлаққаппен (наушник) немесе дауыс көтергішпен (громкоговоритель) құлақтан алыс ұстап сөйлескені жөн, бұл айтарлықтай зиян емес.

Әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда.

Сіз өз денсаулығыңызды ойлайсыз ба? Ұялы телефонды қай кезде, қалай пайдаланасыз?

Ұялы телефонның зиянын біле тұра ұстайсыз ба? Не үшін?

Көлікте отырып телефонмен сөйлесу апатты жағдайларға алып келеді.

Көптеген елдерде көлікте телефонмен сөйлесуге қатаң тыйым салынған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]