Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
II БЛІМ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
646.77 Кб
Скачать

Бөж тапсырмалары

  1. « Қазақсатның көрікті жерлері» тақырыбына презентация жасаңыз.

  2. «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Көлік тасымалы – логистика. Байланыс

11 -сабақ

Жол жолға жалғасады,

Ел елге жалғасады.

Жол мақсаты – жету.

ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ

1-тапсырма.

Әлемді шарлаған экономикалық дағдарыстарға қарамастан, Қазақстан қоғамы өз дамуының жаңа кезеңін белсенділікпен бастады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев былтырғы жыл соңындағы «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында атап көрсеткеніндей, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің еңсе тіктеп, алға басуымыздың қуатты қозғаушы күшіне айналды. Мұнда тіршілік өзегі саналатын жол қатынасының маңызы зор. Осы орайда, астаналық өңірде қандай шаруалар атқарылып жатқаны жөнінде Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ерболат ЕРІМБЕТКЕ бірер сұрақ қойған едік.

Ерболат Мылтықбайұлы, алдымен жол құрылысының экономикалық серпілістегі маңызына тоқталсаңыз.

– Тіршілік атаулы жолдан бас­талатыны белгілі. Халқымыздың бұған қатысты қанатты сөздері де көп қой. Елбасымыздың стра­те­гиялық жоспарларымыздың жүзеге асуын сенімді көлік логис­тикасымен байланыстыруының маңызы зор. Қазіргі күні жол құры­лысы арқылы мыңдаған жұмыс орындары ашылып отыр. Мұның эко­номиканың өзге салаларын жетек­ке алып, жандандыратын тиім­ділігі бар. Мәселен, це­мент, металл, битум, машина, жаб­дық­тар өндірісі, жол бойы бизнесі, басқа да қызметтер қанат жайды. Заманауи автомагистральдар жолаушылар мен жүк тасымалын жеделдетумен қатар, халықаралық транзиттік әлеуетті күшейтті. Жолдар экономикалық қана емес, халықаралық интеграция, өзара достық пен мәдениеттің жар­шысы екендігі ақиқат. Замана­лық магистральдарымыз ел рухын көтеріп, жасам­паздық сезімдерді кү­шейтуде. Республикамыз соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған сапалық деңгейдегі заманауи күре жолдар, теміржолдар құрылысы ала­ңына айналды. Инвес­тиция­лық тар­тымдылық, индус­трия­лық-инно­вациялық қадам­дар­дың қуаттануын осы екпінді істер­мен байланыстырамыз. Қаржылық негізі мығым өңірлік жобалар ауқымы да кеңейе түсуде. Нақтылап айтсақ, 2016 жылы орталық-оңтүстік және орта­лық-шығыс тармақтарындағы «Ас­та­на – Теміртау» (25,6 млрд.т.), «Аста­на – Ерейментау – Шідерті» (11,8 млрд.т.) бағытындағы автомо­биль жол­дарының құрылысын қай­та жүр­гізуге мемлекет 37,4 мил­­лиард теңге бөліп отыр. Басқа ай­мақ­тарда да қызу жұмыстар жү­ріп жат­қанын өзіңіз де білесіз. Эконо­­микалық серпіліс, басқа да игілік­­тердің бой көтеруі қатынас мә­се­­лесінің маңыздылығын айқындайды.

Мақсат – ел тұрмысын жақ­сарту. Әйткенмен, кез кел­ген қар­жы қайтарымды қалай­ды, сұрауы бар. Бұл ретте, сіздер­дің инс­пекцияға жүктелер жауап­кер­шілік салмақты деп білеміз.

– Иә, экономика қайтарым­ға құ­рылады. Бұл заңдылық. Сондықтан, оның талаптарын орындау керек. Біздің мекемеге көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін сақтау және автомобиль жолдарының талапқа сай ұсталуын қамтамасыз етудің кешенді міндеттері жүктелген. Бүгінгі таңда Ақмола облысы ау­ма­­ғындағы республикалық маңыз­дағы жолдар 2260 шақы­рым­ды құрайды. Мұның 97 шақы­рымы цементті-бе­тонды, 1434,5 шақырымы ас­фальт­ті-бетонды, 633 шақырымы құм-шағалды, 59 шақырымы қиыр­шық тасты және 37 шақырымы топырақ жолдар. 2015 жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жол­дарын жөндеуге 6 миллиард теңге қаржы бөлініп, соның нәти­жесінде 84 шақырым жол жөнделді.

Б. Амалбек.

Сөздік

ахуал положение, состояние чего-л.;

әлеует потенция, возможность

заңдылық 1) законность; правомерность 2) закономерность

екпінді ударный, передовой

жасам­паздық созидательность

жүк тасымалы перевозка грузов

игілік­­ благо

қайтарым отдача, возврат

құм песок

қиыршық тас щебень

маңызды важный,значительный

мәдениет жар­шысы проповедник культуры

мығым 1) крепкий 2) решительно, твердый

талап задача, ответственность, требование;

серпіліс вдохновение

шағал щебень

Сөз мағынасы!

ақиқат — шындық

заманауи — қазіргі, осы заманғы

ЖАЗЫЛЫМ

2-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Көлік инфрақұрылымы, бәсекелестік, халықаралық көлік жолдары, өңірлер, экономикалық форум, көлік саласы, автокөлік жолы, автожол жобалары, жол құрылысы, жаңғырту.

3-тапсырма. Мәтінге сәйкес дұрыс ақпаратты белгілеңіз.

Ақпараттар

Дұрыс

Дұрыс емес

  1. Халқымыздың жолға қатысты қанатты сөздері көп.

  2. Тіршілік атаулы жолдан бас­талмайды.

  3. Жолдар экономикалық қана емес, халықаралық интеграция, өзара достық пен мәдениеттің жар­шысы.

  4. Ақмола облысы ау­ма­­ғындағы республикалық маңыз­дағы жолдар 2260 шақы­рым­ды құрайды.

  5. 2015 жылы автокөлік жол­дарын жөндеуге 6 миллиард теңге қаржы бөлінді.

  6. Замана­уи магистральдарымыз жоқ.

  7. «Жібек жолын» қайта жөндеді.

  8. Заманауи автомагистральдар халықаралық транзиттік әлеуетті күшейтті.

  9. Қазақстанның басқа ай­мақ­тарында да жол жөндеу жұмыстар жү­ріп жатыр.

  10. Автомо­биль жол­дарының құрылысын қай­та жөндеуге мемлекет қаржы бөлмеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]