- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдердің жасалу жолдары: Маған жарысқа қатыс+у керек (қажет). Менің университетке бар+у+ым керек(қажет). Мен бұл туралы айту+ға тиісті+мін. |
ЖАЗЫЛЫМ
6-тапсырма. Сіз жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа тұрдыңыз. Жауапкершілік мәнді сөйлемдер арқылы өз міндеттеріңізді жазыңыз.
Мысалы: Мен жаңа жұмыс орнында өз қабілетімді, біліктілігімді көрсетуге тиіспін.
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма.
Бір кедей күні бойы жұмыс істеп, қатты шаршайды. Бір арша ағашын әрең кесіп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екі жұмыртқа домалап түседі де, жарылып қалады. Біріншісінен бүркіттің балапаны шығады да, лезде өсіп, адам бойымен бірдей болады. Екінші жұмыртқадан алтын жүзік шығады. Бүркіт кедейге:
– Ей, адам, сен мені құтқардың. Мен саған мына алтын жүзікті сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзік. Бірақ жүзіктен бір-ақ рет тілек тілейсің. Тілегің орындалған соң, жүзігің жай жүзікке айналады. Сондықтан тілегіңді айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе, кейін өкініп жүрерсің, – деп бүркіт ұшып кетеді.
Егінші жүрегі жарылардай боп үйіне қайтады. Жолда зергердің дүкеніне соғып, жүзіктің қанша тұратынын сұрайды. Зергер:
– Екі алтындай болатын шығар,-дейді. Кедей қарқылдап күліп, жүзіктің сиқырлы екенін, оған ешбір баға жетпейтінін айтады. Зергер қара жүректі адам еді. Ол кедейді қоярда-қоймай қонаққа шақырады.. Үйінде ұйықтап жатқан егіншінің жүзігін ұрлап алып, соған ұқсас жай жүзік салып қояды Келесі күні кедей байғұс жөніне кетеді. Зергер есік-терезені мықтап бекітіп алып:
– Жүз мың алтыным болса, – деуі мұң екен, үстіне алтын жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлі қашады, бірақ есікті аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көміліп өледі.
Ал қайырымды егінші болса әйеліне жүзікті көрсетіп: – АллаҺ бізге рақым етті. Енді қалаған тілегіміз орындалады, – дейді.
Әйелі: – Біз жер тілейік. Егістікке жер жетпей жүр ғой, – дейді.
– Жоқ, бір жыл тырмысып еңбек етсек, жерді өзіміз-ақ сатып аламыз, – дейді күйеуі. Сол жылы өнімдері мол болып, жер сатып алады. Егіншінің әйелі:
– Енді жүзіктен ат пен сиыр тілейік, – дейді.
– Соны да жүзіктен сұраймыз ба? Тағы бір жыл ерінбей еңбектенсек, оған да қол жеткіземіз, – дейді кедей. Келесі жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелі тағы да:
– Бұрын сен аллаға жалбарынып, тілек тілеуші едің. Алла тілегіңді берді. Қазір патша боламын, зәулім сарайда тұрамын десең де, бәрі қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып тыныш отырмайсың ба? – дейді. Сонда егінші тұрып:
– Біз әлі жаспыз, өміріміз алда. Аллаһқа шүкір, бізде қазір бәрі бар. Жүзіктен бір тілек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кім куә? Бізді қандай сынақтар күтіп тұрғанын қайдан білеміз? – дейді. Олардың арасындағы келіспеушілік осымен бітеді. Кедейдің қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының біріне айналады. Жылдар тез өтіп жатады. Адал еңбекпен өмір сүрген егінші де өмірден өтеді. Жерлейтін кезде немерелерінің бірі қолындағы жүзікті шешіп алмақшы болады. Екіншісі оған қарсы болып:
– Атамыз өмір бойы бұл жүзікті қатты қадірледі. Өзі үшін аса қымбат ескерткіш болса керек, өзімен бірге кеткені дұрыс болар, – дейді. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзік егіншімен бірге көміледі.
Сөз мағынасы!
әрең — зордың күшімен, зорға, әзер
лезде — жылдам, тез
өкіну — опық жеу, қапы қалу
жүрегі жарылардай боп — қатты қуану
қарқылдап күлу — қатты күлу
қара жүректі — арам ойлы, залым, сұм
жанталасу — жанын салып тырысу
дүниеқоңыз — дүниежанды, дүниеқор
рақым ету — қайырымдылық жасау
бақуатты — тұрмысы жақсы, ауқатты
ЖАЗЫЛЫМ
8-тапсырма. Мәтінге тақырып таңдаңыз. Мәтін бөліктеріне ат қойыңыз. Мәтіндегі тірек сөдерді табыңыз. Зергер мен кедейге сипаттама беріңіз. Зергер мен кедейдің қасиеттеріне байланысты мақал-мәтелдер жазыңыз. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
АЙТЫЛЫМ
9-тапсырма. «Ыстық орындық» ойыны бойынша мәтін мазмұнын пысықтаңыз. Мәтін мазмұнын жақсы түсінген өзіне сенімді студент тақта алдындағы орындыққа отырады. Қалған студенттер мәтін мазмұны бойынша оған сұрақтар қояды.
АЙТЫЛЫМ
10-тапсырма. Өз ойыңызды білдіріңіз.
Ерді еңбек жеткізер.
Еңбегіңнен ел таныр.
Байлықтың атасы – еңбек, Анасы –жер.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Жаңбырменен жер көгерер, еңбекпенен ел көгерер.
АЙТЫЛЫМ
11-тапсырма. Сіз не дейсіз?
Адамды адам қылатын, тұлға қылатын – еңбек. «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» деген екен ата-бабамыз. Осы қағиданы өмірлік жолымда мықтап ұстанғанмын. Сонымен қатар өнер жолында маған батасын берген атақты композитор Арам Хачатурян: «Сен атақты музыкант боласың. Есіңде болсын, соған жетудің үш-ақ жолы бар, олар – еңбек, дарындылық және шыдамдылық» деген еді. Бүгінгі бар менің жетістігім сол төзімділік пен қажырлы еңбектің арқасында келген деп білемін, – дейді Айман Мұсаходжаева. Сіз не айтасыз?
ЖАЗЫЛЫМ
12-тапсырма. Ойды толықтырыңыз.
Ұлы Абай атамыз «Адам еңбегімен ардақты, мінезімен қадірлі» деген екен. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- . Мен де өз мақсаттарыма адал еңбегіммен жетсем деймін.
