- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстанның экономикасы» тақырыбындағы сұхбаттар мен мақалалар жайлы оқып, әңгімелеңіз.
2. Қазақстанның қазба байлықтары жайлы әңгімелеңіз.
Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
7-сабақ
Ұлттық валютамыз теңге – Тəуелсіздік символы.
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма.
БІЗДІҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА
1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енді. Бұл жас республиканың тарихындағы маңызды қадамдардың бірі еді. 15 қараша Ұлттық валюта күні. «Ұлттық валюта күні» еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кəсіби мерекесі. Қазіргі кезде Халықаралық валюта қорының талабы бойынша, банкноттардың түр-сипаты үнемі жаңарып отыруы керек. Өйткені банкнот ұзақ айналымда болса, жалған ақша жасау жиілеп кетуі мүмкін. Жыл сайын Халықаралық банкнот қауымдастығы əлемдегі ең үздік валютаны анықтайды. Халықаралық банкнот қауымдастығының 2000-нан аса мүшесі бар. Арнайы сайтта интернет арқылы дауыс беріп, жылдың үздік банкнотын таңдайды. Осы қоғамдастық «2011 жылғы ең үздік банкнот» атағын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотына берген болатын. Бұл – қазіргі кезде елдегі айналымда жүрген ең жоғары номиналды купюра. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «Қазақ Елі» сериясынан номиналы 5 000 теңгелік банкноты екінші рет «2012 жылғы ең үздік банкнот» атағын иеленді. 5 мың теңгелік банкнот 2011 жылы шыққан. Ал Түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берілген үшінші «2013 жылғы ең үздік банкнот» атағы тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы тарихи маңызды сәт болды. Өйткені, осы кезге дейін бірде-бір елдің ұлттық валютасы үш марапат алып көрген емес. Үздік валютаны таңдағанда банкноттың дизайны мен идеологиясына, техникалық сипаттамасына, қорғаныш жүйесіне ерекше мəн береді. Ең əдемі, ең сапалы үздік банкноттар жыл сайын анықталады. Əр жылдары басқа да елдердің ақшасы үздік деп танылған. Атап айтсақ, канадалық 20 доллар, Фарер аралының 1000 номиналды кроны, Шотландияның валютасы, Самоаның банкноты, Бермуд аралдарының ақшасы.
Сөздік
айналым оборот
әлемдегі в мире
ең үздік самый лучший
жеңімпаз победитель
дауыс беру голосовать
қауымдастық сообщество
қорғаныш жүйесі защитная система
маңызды важный, значительный
мән значение
жылнама ежегодник, летописть
сапалы качественный
таңдайды выбирают
техникалық сипаттамасы техническая спецификация
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Халықаралық банкнот қауымдастығы жыл сайын нені анықтайды?
2. Қай елдің ақшасы əлемдегі ең үздік валюта болды?
3. Халықаралық банкнот қауымдастығының қанша мүшесі бар?
4. Жылдың үздік банкнотын қалай таңдайды?
5. 2011 жылы қай банкнот үздік деп танылды?
6. 5 мың теңгелік банкнот қай жылы жеңімпаз атанды?
7. Ел тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылған теңгені атаңыз.
8. Айналымда жүрген ең жоғары номиналды купюраны атаңыз.
9. 5 мың теңгелік банкнот қай жылы шыққан?
10. Үздік банкноттарды таңдағанда қандай ерекшеліктеріне мəн береді?
11.. Халықаралық валюта қорының талабы қандай?
12. Банкноттар не үшін үнемі жаңарып отыруы керек?
13. Қандай жағдайда жалған ақша жасау жиілейді? òàáûңûç.
