- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Бөж тапсырмалары
1. Елімізде тойланатын кәсіби мерекелер жайлы әңгімелеңіз.
2. «Әлем елдерінің ұлттық мерекелері» туралы презентация жасаңыз.
Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
5-сабақ
Даңқ пен дәулетке мастанба,
ол бір орнында тұрмайды.
халық даналығы
Ізгі атымен ер алғысқа бөленеді.
Ж.Баласағұн
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Ой бөлісіңіз.
Қандай мемлекеттік марапаттарды білесіз?
Мемлекеттік марапаттар алған қандай азаматтарды білесіз?
Олар не үшін марапатталған?
Мемлекеттік марапаттарға ие болу үшін не істеу керек?
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары – Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі жетістіктері мен жауынгерлік ерліктері үшін марапаттары. Мемлекеттік марапаттарды шетел азаматтары да алуы мүмкін. Мемлекеттiк наградалармен марапаттауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi – «Алтын Қыран» орденi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi.
Алтын Қыран ордені – Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады. «Алтын Қыран» орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi «Алтын Қыран» орденiнiң иегерi болып табылады.
Халық қаһарманы атағы – Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. «Халық қаhарманы» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi – Алтын жұлдыз және «Отан ордені» тапсырылады.
Қазақстанның Еңбек Ері атағы – Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырылады.
«Алтын алқа» – жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген, ал, «Күміс алқа» белгісімен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар марапатталады.
1999 жылғы 26 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары туралы» заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның арнаулы заңына сәйкес «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышынан» басқа құрметті атақтардың орнына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы белгіленді. Бұл құрметті атақ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне республикаға сіңірген зор еңбегі үшін беріледі.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңға мемлекеттік награда – «Барыс» орденімен (ІІІ дәрежелі) марапаттау туралы бап енгізілді. Бұл орденмен Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңірген адамдар марапатталады. ІІІ дәреже, ІІ дәреже және І дәреже ретімен марапатталады. І дәреже – орденнің жоғары дәрежесі болып саналады.
(kk.wikipedia.org. Қ.Халиков)
Сөздік
айрықша особенный
бап статья (юр.)
заң күші бар имеющий силу закона
мемлекеттік марапаттар государственные награды
мемлекет және қоғам қайраткерлері государственные и общественные
деятели
өзгерістер мен толықтырулар енгізу внести изменения и дополнения
ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Мына ерекше марапаттар кімдерге беріледі? |
|||
Алтын Қыран |
Халық қаһарманы |
Қазақстанның Еңбек Ері |
«Алтын алқа» «Күміс алқа» |
|
|
|
|
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Сұрақтарды талқылаңыз.
Мемлекеттік марапаттар деген не?
Қазақстан Республикасының қандай марапаттарын білесіз?
Бұл марапаттарды кім табыс етеді?
Айрықша үлгiдегi «Алтын Қыран» орденiнiң иегерi кім?
Мемлекеттiк награда атаулары қай тілде жазылады?
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы кімдерге беріледі?
Өзіңіз құрметті атаққа ие болған қандай белгілі азаматтарды білесіз?
«Барыс» орденімен кімдер марапатталады?
