- •Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •Грамматикалық тақырып: Бөгде сөз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Грамматикалық тақырып: Сұрау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
- •Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас.
- •Бөж тапсырмалары
- •Халықаралық мемлекеттік атаулы күн. Мерекелер. Ұлттық мейрамдар
- •30 Тамыз — Конституция күні.
- •1 Мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні.
- •7 Мамыр — Отан қорғаушылар күні.
- •Грамматикалық тақырып: Бұйрықты сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар
- •Грамматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Экономика. Ішкі және сыртқы сауда
- •Грамматикалық тақырып: Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта
- •5. Тіркесетін сөздерді табыңыз.
- •1. Бір ғана «ақша» терминімен 189 сөз тіркесін жасауға болады. Ал сіздер
- •Бөж тапсырмалары
- •Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы
- •Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлемдер.
- •Бөж тапсырмалары
- •Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар
- •Грамматикалық тақырып: Келер шақ.
- •Бөж тапсырмалары
- •Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі
- •Нөмірлер
- •Бөж тапсырмалары
- •Көлік тасымалы – логистика. Байланыс
- •Грамматикалық тақырып: Қарсылық мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер
- •Үшінші перне немесе Гиннесс кітабына кірген қазақ
- •А.Айымбетовтің ғарыштан берген сұхбаты
- •Бөж тапсырмалары
- •Ғылым және инновациялық технология.
- •Ө. Жолдасбеков – еліміздегі инженерлік ғылымның негізін қалаушы.
- •Бөж тапсырмалары
- •Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі
- •Бұқаралық ақпарат құралдары
- •Бөж тапсырмалары
- •Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер
- •Грамматикалық тақырып: Болжау мәнді сөйлем.
- •Бөж тапсырмалары
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
II БӨЛІМ
№ |
Лексикалық тақырып |
Грамматикалық тақырып |
Сабақты жазған оқытушылар |
1. |
Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот |
Бөгде сөз |
А.Әділбек |
2. |
Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары |
Сұрау мәнді сөйлем. |
А.Әділбек |
3. |
Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар. |
Анықтауыштық қатынас |
А.Әділбек |
4. |
Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар. |
Бұйрықты сөйлем |
Г.Әлімбек |
5. |
Мемлекеттік, халықаралық сыйлықтар және стипендиялар. Қайырымдық қорлар мен бағдарламалар. |
Себеп-салдар мәнді сөйлем |
А.Әділбек |
6. |
Экономика. Ішкі және сыртқы сауда. |
Мезгіл, сан-мөлшер қатынастарының берілуі |
Г.Әлімбек |
7. |
Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта. |
Болымсыздық категориясы |
Г.Әлімбек |
8. |
Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы. |
Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. |
Ә.Мағзұмбекова |
9. |
Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар |
Келер шақ |
Г.Әлімбек |
10. |
Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі |
Бұйыру қатынасын білдіру амалдары. |
Г.Әлімбек |
11. |
Көлік тасымалы – логистика. Байланыс. |
Қарсылық мәнді сөйлем |
Г.Әлімбек |
12. |
Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкер |
Мақсат мәнді сөйлем |
Ш.Салықжанова |
13. |
Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар. |
Көмекші етістік. |
Ә.Мағзұмбекова |
14. |
Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі. |
Себеп-салдар мәнді сөйлем |
А.Әділбек |
15. |
Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер. |
Болжау мәнді сөйлем |
А.Әділбек |
Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
1-сабақ
Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
А.Байтұрсынов
Елдің басшысы ізгі болса,
Халқы да ізгі болады:
Ізгілік – оң, Ессіздік – сол, жүгің – Ар,
Оңың – ұжмақ, солың – тозақ, біліп ал.
Ж.Баласағұн
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма.
Қазақстан – 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Қазақстанның Президенті – мемлекеттің басшысы. Президент – Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 2000 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Парламенті Елбасының өмірлік мәртебесін айқындаған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы» Қазақстанның конститутциялық заңын қабылдады.
Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан сайланады, ал Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Қазақстанның Үкiметiн Конституцияда белгiленген тәртiппен Президент құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Үкімет атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет бүкіл қызметінде Президенттің алдында жауап береді және Парламент палаталарына есеп береді.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісі жөніндегі соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасы бойынша түсініктемелер беріп отырады.
http://www.religions-congress.org/
Сөздік
зайырлы светский
қадағалау следить, контролировать
лауазымды тұлға должностное лицо
мәртебесін айқындау уточнить статус
тағайындалғаннан кейiн после назначение
өкілдік ету полномочие
өкiлеттiк мерзiмі срок полномочий
ұсыныс енгiзу внести предложение
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Бұрыннан білемін |
Жаңа ақпарат алдым |
Тағы да білгім келеді/ білейін деп едім |
|
|
|
АЙТЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан Республикасын кім басқарады?
Еліміздің ең жоғары өкілді органы қандай?
Парламент қандай қызметті жүзеге асырады?
Парламенттің құрамы қандай?
Сенат депутаттарын кім тағайындайды?
Мәжіліс депутаттары қалай сайланады?
Үкіметтің қызметі қандай?
Үкімет кімге есеп береді?
Республика соттары дегеніміз не?
Жоғарғы Сот нені жүзеге асырады?
АЙТЫЛЫМ
4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Халық сүймейді,
Халық сүйген –
Суға батпайды, отқа күймейді.
Қатардан ассаң да,
Халықтан асу жоқ.
Көл толқыса – жар құлайды,
Көп толқыса – хан құлайды.
Ел үмітін ер ақтайды,
Ер атағын ел сақтайды.
Көпті жаман басшы тоздырады,
Жақсы басшы оздырады.
5-тапсырма. Топтық жұмыс. Әр топ мүшелері («Президент. Парламент. Үкімет. Сот») өздеріне бөлінген ел басқару жүйесінің қызметі туралы толық ақпарат беріп, ой бөліседі.
ОҚЫЛЫМ-АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма.
«Дана бабалар дәстүрімен осы салтанатты сәттегі сөзімді алдымен атажұртыма, қасиетті халқыма арнаймын!
Бүгінгі күн – Қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезеңге де талай ұшыраған.
Шүкір, кештеу болса да, ес жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын жібермейді деп бірауыздан сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тәуекел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабаның аруағына сүйенемін.
Алдымызда қиын-қиын күндер, асуы биік белдер, айбынды міндеттер тұр. Оның үдесінен шығу үшін, ең алдымен бірлік, ынтымақ керек. Тілі бөлек болса да тілегі, үміті бір, тіл табысып, ежелден бірге өмір сүріп келе жатқан іргелес елдермен татулық керек. Қазақ мемлекетінің халықаралық қауымдастықта өзіне лайық орын алуы, қазақ халқының, бүкіл қазақстандықтардың бақытты, дәулетті өмір сүріп, өзіндік мәдениетін өркендетуі үшін бәрінен бұрын республикада тыныштық болғаны жөн. Тар жол, тайғақ кешуде қиындыққа төзіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірімізге сүйеніш бола білуіміз керек. «Ырыс алды – ынтымақ» дейді халқымыз. Байтақ жерімізде шынайы бауырмашылдықтың ақ туы желбіресе деп армандаймын. Егеменді ел болудың жүгі де жеңіл болмайды. Ендігі жерде қалай өмір сүретініміз қалай еңбек ететінімізге байланысты. Дәулетті тұрмыс құрудың жұмысты жақсы істеуден басқа жолы жоқ».
(Н.Ә. Назарбаев. «Өмір өткелдері» 277б)
Сөз мағынасы!
азаттықты көксеу — бостандықты аңсау, армандау
бағы таю — бақытсыздыққа ұшырау
сағы сыну — беті қайту
еңсе көтеру — көңілі жайлану, жадырау
бас тігу — нар тәуекел ету, қорғау
үдесінен шығу — ойындағысын орындау, мақсатқа жету
тар жол, тайғақ кешу — ауыртпалығы көп өмір сапары
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару — ұйымшылдық, ауызбіршілік
АЙТЫЛЫМ
8-тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыз.
Елбасының сөзі кімге арналған?
Елбасының «дана бабалар, атажұртым» деген сөзінен нені ұқтыңыз?
«Еліміздің басына талай рет бақ та орнап, бағы да тайып, сағы да сынған, қилы кезеңге де талай ұшыраған» дегенде Елбасымыз нені айтып отыр?
Тәуелсіз жас мемлекеттің алдағы міндеттерді орындап, белестерді бағындыруының басты шарты неде?
Қазақ мемлекетінің халықаралық қауымдастықта өзіне лайық орын алуы үшін не қажет еді?
Дәулетті тұрмыс құру үшін не істеу керек?
Бүгінде Елбасының арманы, алға қойған мақсаттары қалай орындалуда?
Тәуелсіз ел көшбасшысының алға қойған мақсаттарға жеткенін немен дәлелдеуге болады?
Сіз тәуелсіз еліңіздің өркендеуіне қалай үлес қосасыз?
«2050 жылғы Қазақстанды» қалай елестетер едіңіз?
