- •№ 2. Практикалық сабақ. Тақырып 2: Қоғамдық өндірістің негіздері..
- •№ 3. Практикалық сабақ. Тақырып 3: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •№ 4. Практикалық сабақ. Тақырып 4: Қоғамдық шаруашылық нысандары.
- •№ 6. Практикалық сабақ. Тақырып 6: Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі.
- •№ 7. Практикалық сабақ. Тақырып 7: Кәсіпкерлік іс әрекет, оның түрлері және формалары
- •№ 9. Практикалық сабақ. Тақырып 9: Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
- •№ 10. Практикалық сабақ. Тақырып 10: Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •№ 11. Практикалық сабақ. Тақырып 11: Ұлттық экономика жүйе ретінде
- •№ 12. Практикалық сабақ. Тақырып 12: Экономикалық дамудың ауытқымалылығы.
- •№ 15. Практикалық сабақ. Тақырып 15: Дүниежүзілік экономика және халықаралық экономикалық байланыстар
№ 7. Практикалық сабақ. Тақырып 7: Кәсіпкерлік іс әрекет, оның түрлері және формалары
Сабақтың мақсаты:Осы тарауда нарықтық экономиканың маңызды заңдары: сұраныс пен ұсыныстың экономикалық қасиеттерімен, сұраным мен ұсынымға қандай факторлар әсер ететіндігімен, осы заңға сәйкес нарықта тепе-теңдік жағдайының қалыптасуын түсіну. Сұраным мен ұсынымның тек тұтынушы табысынан емес, сонымен қатар тауардың белгілерінен тәуелді: икемді және икемді емес сұранысқа ие тауарлар болады. Бұл тақырыпты білу тұтынушының нарықтағы шектеулі табыстарға орай іс-әрекетінің және оның тұтынуының қанағаттандырылуын түсінуге көмектеседі.
Практикалық сабақтың жоспары:
Фирма түсінігі.
Фирма мақсаттары мен қызметтері.
Кәсіпкерліктің мәні және кәсіпкерлік қызмет түрлері.
Қәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы.
Бақылау сұрақтары:
Кәсіпкер үшін сұраныс пен ұсыныс заңын білудің қажеттігі қаншалықты маңызды?
Сұраныс пен ұсыныстың қандай қызметтері бар?
Сапалы тауарларға сұраныс қисығының оңға, жоғары қозғалысы қандай факторлардың әсерінен пайда болады?
Сұраныс пен ұсыныска барлық факторлар бір уақытта әсер етуі мүмкін бе? Олардың әсерін қалай түсіндіресіз?
Нарықтық тепе-теңдіктің ауытқуының себептері қандай? Мысал келтіріңіз.
Шекті пайдалылық теориясының мәні неде?
Икемділік коэффициенттерінің қандай түрлері бар, оларды талдаудың қажеттігі неде?
Қандай тауарлардың сұранысы икемді, икемсіз болады?
Глоссарий:
Госсеннің 1-ші заңы.
Госсеннің 2-ші заңы.
Қиылысқан икемділік.
Сұраныс
Сұраныс заңы.
Сұраныстың баға бойынша икемділігі
Сұраныстың икемділік коэффициенті.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі
Нарық.
Нарықтық тепе-теңдік баға
Ұсыныс.
Ұсыныс заңы
Ұсыныстың икемділігі.
Шекті пайдалылық.
Энгель қисықтарының графигі
Есептер мен жаттығулар:
1-жаттығу. Бидайдың бағасы өте жоғары болып, кейін өте төмен болған жағдайдағы сұраныс пен ұсыныстың өзгерісін көрсетіңіз. Тепе-тендік бағанын қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтаңыз.
2-жаттығу. Елдің ішкі нарығы келесідей сұраныс және ұсыныс қисықтарымен сипатталады: Qs = Р- 50; Qd = - Р+ 100; әлемдік баға Р=50. Әлемдік және ішкі нарықта жетілген бәсеке жағдайындағы отандық өндірушілер мен тұтынушылардың табыстары мен зияндарын анықтау керек.
3-жаттығу. 1 литрбензиннің бағасы 60 теңге болғанда, тұтынушы бір жетіде 40 литралады дейік, ал баға 75 теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге кемиді. Көрсету керек: а) графиктік түрде сұраныс көлемінің жене сұраныстык өзгеруін көрсетіңіздер;ә) тауарлардың түрін анықтаңыздар.
1-есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd = 10 - Р, ұсыныс функциясы Qs = -5 + 2Р. Тауарға белгіленген баға 3 теңге. Қанағаттандырылған сұраныс көлемін анықтау керек.
2-есеп. Сұраныстың табыс бойынша икемділігін анықтау керек. Табыс - 4000 теңге кезінде. Сұраныс көлемі - 20 бірлік. Табыс - 5000 теңге кезінде сұраныс көлемі - 18 бірлік.
3-есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd=14-2Р, ұсыныс функциясы Qs = - 4 + 2Р. Тепе-тендік сату көлемі 2-ге тең болатын салық койылымын анықтау керек.
4-есеп. Тауардың сұраныс функциясы Qd=7-Р, ұсыныс функциясы Qs= -5 + 2Р берілген. Анықтау керек:
тепе-тендік баға мен тепе-тендік сату көлемін;
тауардың белгіленген бағасы 3 теңге деп алып, сату көлемі мен артық сұраныс көлемін;
3) тауарға 1,5 теңге мөлшерінде сатушы төлейтін салық енгізілген, тепе-теңдік сату көлемін және сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік бағасын;
салық енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін сатушы мен сатып алушының артықшылығын;
бюджетке түсетін салық мөлшерін;
6)салықенгізілгенненкейінгіқоғамныңшеккензиянын есептеңіз.
5-есеп. Кітаптың баға бойынша сұраныс икемділігі (-0,8), табыс бойынша икемділігі (+1,5). Егер кітаптың бағасы 2 %-ға өссе, кітапқа сұраныс қанша пайызға өзгереді?
6-есеп. Сұраныстың баға бойынша икемділігі: жүмыртқаның-0,4, сүт-0,5, салат-2,5, бұршақ-3,0. Мемлекет сатуға 20 % салық енгізген. Әрбір тауарды сатудан алынатын түсімнің өзгерісі қандай?
7-есеп. Халықтың жеміс-жидектерге деген сұраныс икемділіктері: баға бойынша-0,6; табыс бойынша-0,8; Келесі жылы жалпы баға денгейі өзгеріссіз, табыс 4 %-ға, жеміс-жидектердің бағасы 5%-ға өседі. Жеміс-жидектерге сұраныстың мөлшері қаншаға өзгереді?
8-есеп. Рх=5 теңге болғанда X тауарына деген сұраныс 100 дана болды. Осы тауардың бағасының 7 теңгеге дейін көтерілуі сұраныс көлемін 80 данаға дейін азайтты. Осы жағдайда сұраныстың доғалық икемділік коэффициенті неге тең болады?
9-есеп. Сұраныстың нүктелік бағалық икемділігі - 0,5. Тауардың бастапқы бағасы 4 теңге, ал сұраныс көлемі 16 дана дейік. Егер баға тағы 2 теңгеге қымбаттаса, онда өнім көлемі қай шамаға өзгереді?
12-есеп. Тұтынушы табысы 1400 теңге болғанда, ол X тауарын 560 мөлшерінде пайдаланатын, енді табысы 1100 теңгеге дейін азайғанда, оның сұранысы 430-ға дейін кеміді. Осы деректерге сүйене отырып, сұраныстың табыстық икемділігін тап.
Талқылауға ұсынылған мәселелер:
Фирма үшін жаңа технологияны енгізудің бағасы жоғары, бірақ ол өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді, яғни ұсыныс өседі. Фирмалар нарықтың тауарлармен толығуынан неге қауіптенбейді? Бұл жағдайдағы фирманың әрекеттері қандай? Жаңатехнологиялардыңтиімділігі қалай анықталады?
Пайдалылықты максималдау ережесі бойынша, сатып алынатын тауарлардьң шекті пайдалылықтары бірдей болуы тиіс. Бұл ережені университет асханасында студенттердің қолдануына бола ма? Әлде бұл азық-түлік тауарларын сатып алу үшін ғана қолдануға болатын ереже ме? Бұл ережені компьютерлер, жоғары технологиялы тауарларды сатып алу кезінде пайдалануға бола ма?
Тауарлар бағаларының өзгеруі бюджеттік шектеу қисығын қалай қозғалтады? График түрінде салып, жағдайдың себептерін анықтаңыз.
Пікір-сайыстар, зерттеулер және белсенді жұмыстың басқа да түрлері:
Тұз, нан, автомобиль, ет және сиыр етіне деген бағалық икемді сұранысты кему ретімен көрсетіңіздер.
Мерзімді басылымдарда және ресми дерек көздеріндегі мәліметтерді пайдаланып, 2001-2006 жылдар аралығындағы Қазақстанның тұтыну тауарлары мен қызметтері нарығына тұтыну құрылымы (сұраныс), өндіріс көлемі (ұсыныс) және баға параметрлері бойынша зерттеу жүргізіңіздер. Мәліметтерді кесте, график, диаграмма, арнайы сызба түрінде көрсеткен жөн.Зерттеу барысында келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:
2.1). Тұтыну құрылымындағы қандай тауарларды Гиффен тауары ретінде сипаттауға болады?
2.2). Гиффен және Веблен әсерлерін барынша толық бейнелейтін нақты фактілерді жүйелеңіздер.
2.3). «Тауардың неғұрлым жоғары бағасы - сәйкес жоғары сапа, неғұрлым төмен баға - сәйкес төмен сапа». Осы тұжырыммен келісесіз бе?
2.4). Еңбек өнімділігін арттырудың тауар бағасына, сапасына әсерін талдаңыздар.
2.5). Әрбір тауарға немесе қызметке деген сүраныстьң икемділігі туралы не айтуға болады?
2.6) Тұтыну құрылымына қажеттіліктердің арту заңының әсері байқала ма?
Мәнжазба тақырыптары:
Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс пен ұсыныс.
Нарықтағы тауар артықшылығы және оның нәтижесі.
Тауар тапшьшығының себептері және оны жою зандылықтары.
Сұраныстың икемділігіне әсер етуші факторлар.
Сапалы және сапасыз тауарлардың сұранысының баға, табыс бойынша икемділігі.
Госсеннін 1-ші және 2-ші зандары.
Шекті пайдалылықтеориясы.
Талғамсыздық қисығының картасы.
Тұтынушының тепе-теңдігі және артықшылығы.
Сұраным мен ұсыным теориясы – нарықты реттеудің негізі.
Нарықтағы тепе-теңдік және тұтынушының мінез-құлқы теориясы.
Сұраным және ұсыным икемділігі, оның нарықтық тепе-теңдік жағдайына әсері.
ҚР-дағы нарықтық реттеу шараларындағы сұраным мен ұсыным заңының ерекшеліктері.
Блиц-тест:
1. Сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар:
өндіріс шығындары, тауар саны, сапасы;
жарнама, ақпараттардың жеткіліктілігі;
тұтынушылардың саны, талғамы, табысы, мода; Д) технология, салық, субсидия;
Е) сұраныс пен ұсыныстың икемділігі.
2. Сұраныстың өсуі:
тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді;
тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлемді төменде-теді;
C)тепе-тендікбағаментепе-тендіккөлемдіөсіреді;
Д) тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;
Е) тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлем өзгермейді.
3. Ұсыныстың төмендеуі:
тепе-тендік баға мен тепе-теңдік көлемді төмендетеді;
тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлемді төмендетеді;
тепе-теңдік баға мен тепе-тендік көлемді өсіреді;
тепе-тендік бағаны төмендетеді, тепе-тендік көлемді өсіреді;
тепе-тендік бағаны өсіреді, тепе-тендік көлем өзгермейді.
4.Баға мен ұсыныс арасындағы тура байланыстың себебі:
бағаның төмендеуі өндірушілерді ынталандырады;
бағанын өсуі өндірушілерді ынталандырады;
бағанын өзгерісінің өндірушілерге әсері жок;
нарықтағы бағаны өндірушілер белгілейді;
ұсыныс қисығының төмен қарай кері бағытталуы.
5. Нарықтық тепе-теңдік қалыптасады:
A) сұраныс пен ұсыныс тұрақты болғанда;
сұраныс пен ұсыныс көлемдері теңескенде;
баға мен шығындар тең болғанда;
сұраныс пен ұсыныс көлемдері бағаға тең болғанда;
тұтынушы жалпы пайдалылықты максималдаған кезде.
6.Сұраныстың ұсыныстан төмен болуы:
баға мен ұсынысты өсіреді;
баға мен сұранысты төмендетеді;
тауарлардың артықшылығы пайда болады;
тауарлардың тапшылығы пайда болады;
тек қана бағаны ғана төмендетеді.
7.Сұраныстың баға бойынша икемділігі:
табыстың өзгерісінін сұранысқа әсері;
әртүрлі сападағы тауарлар бағаларының сұранысқа әсері;
инфляцияның сұранысқа әсері;
баға өзгерісінің ұсынысқа әсері;
баға өзгерісінің сұранысқа әсері.
8.Бағабойыншасұраныстың қиылысқаникемділігінольден жоғары болса, онда тауарлар:
өзара алмастырушы;
өзара толықтырушы;
тәуелсіз;
қалыпты;
сапасыз.
9.Шекті пайдалалық көлемі тәуелді.
тауарларың саны мен сапасына;
тауарлардың бағалары мен жұмсалған шығындарға;
жалпы пайдалылықтың көлеміне;
тауарлардың саны мен қажетіліктің қанағаттану деңгейіне;
тұтынушының талғамы мен табыстырына.
10.Талғамсыздық қисығын қолданушылар:
шекті пайдалылықтың координалистік бағыты;
шекті пайдалылықтың ординалистік бағыты;
классикалық теория;
институционалдық бағыт;
кейнстік экономикалық бағыт.
Әдебиеттер
Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.
Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.
Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.
Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.
Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.
Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.
Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с
Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет
Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.
Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.
№ 8. Практикалық сабақ. Тақырып 8:Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.
2.№8 үй тапсырмасын орындау.
3.№1аралық бақылауға дайындық.
Ауызша талқылау сұрақтары:
1.Кәсіпкерлік капитал.
2.Кәсіпкерлік капиталдың ауыспалы айналымы мен айналымы.
3.Инвестициялардың құрылымы.
4. Кәсіпкерлік капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштер жүйесі.
№8 үй тапсырмасы
1.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаттың бағыттарымен танысу.
2. Тақырып бойынша меңгеруге қажетті ұғымдар анықтамасын жазыңыз (капитал, негізгі капитал, өзгермелі капитал, тұрақты капитал, ауыспалы капитал, негізгі капиталдың өндірістік түрі, негізгі капиталдың өндірістік емес түрі, капиталдың ауыспалы айналымы, ауыспалы айналым сатылары, физикалық тозу, моральды тозу, амортизация, амортизациялық қор, инвестиция, тікелей инвестиция, шет елдік инвестиция, инвестициялық сұраным, өндіріс уақыты, айналыс уақыты, кәсіпорынның айнымалы қаражаттары).
№1аралық бақылау тест тапсырмалары
1 нұсқа
1. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:
А) Еңбек қатынастары.
В) Демографиялық қатынастар.
С) Таптық қатынастар.
D) Шектеулі ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға байланысты адамдар арасындағы экономикалық қатынастар .
Е) Әлеуметтік мәселелер.
2. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай әдісіне жатады?
А) Біріктіру (синтез).
В) Индукция.
С) Дедукция.
D) Талдау (анализ).
Е) Ғылыми абстракция.
3. Шаруашылық іс-әрекеттерге қозғаушы болатын мотивтер не деп аталады?
А) Әдістер.
В) Заңдар.
С) Категориялар.
D) Мүдделер.
Е) Тәсілдер.
4. Адамның жеңіп шығуға тырысатын қанағаттанбаушылық немесе мұқтаждық жағдайы:
А) Тұтыну.
В) Мүдделер.
С) Игіліктер.
D) Өндіріс.
Е) Қажеттіліктер.
5. Иемдену құқы, пайдалану құқы, иелік ету құқы меншіктің қандай мазмұнын көрсетеді?
А) Экономикалық.
В) Саяси.
С) Әлеуметтік.
D) Заңдық.
Е) Қоғамдық.
6. Меншік экономикалық өткізіледі, егер оның иесіне әкелетін болса:
А) Қайғы.
В) Шығын.
С) Қуаныш.
D) Табыс.
Е) Көңіл қалдырушылық.
7. Бағаның өзгеруі тұтынушыларға көп немесе аз мөлшердегі тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуелділік қандай заңды сипаттайды?
А) Қорлану.
В) Ұсыным.
С) Құн.
D) Еңбектің өзгеруі.
Е) Сұраным.
8. Тұтынушының нақты түсімінің және оның сұранымының өзгеру ситуациясы қандай әсерді (эффектіні) көрсетеді …
А) Теріс.
В) Алмастыру.
С) Сыртқы.
D) Табыс.
Е) О.ң
9. Егер икемділіккоэффициенті Еd> 1 болса бағаның өсуі жағдайында табыс қалай өзгереді?
А) Өзгеріссіз қалады.
В) Көбейеді.
С) Азаяды.
D) Сұраным икемділігімен байланысты емес.
Е) Бір бірлікті икемділік деңгейінде.
10. Икемсіз сұраным тауарларын көрсетіңіз:
А) Деликатестік азық-түлік тауарлары.
В) Электр лампочкалары.
С) Жиһаз.
D) Автокөлік.
Е) Натуралды теріден жасалған өнім.
2 нұсқа
1. Экономикалық өмірдің құбылыстары арасында объективті орын алатын тұрақты себепті-салдарлы байланыстар, бұл…
А) Экономикалық заңдар.
В) Табиғат заңдары.
С) Экономикалық категориялар.
D) Әлеуметтік өмірдің заңдары.
Е) Құқық заңдары.
2. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі:
А) Макроэкономика.
В) Микроэкономика.
С) Саяси экономия.
D) Экономикс.
Е) Жалпы экономика.
3. Қажеттілікті қанағаттандыратын құрал:
А) Игілік.
В) Түрткі.
С) Мүдделер.
D) Өндіріс.
Е) Айырбас.
4. Тұтыну фазасын не сипаттайды?
А) Еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын бөлу.
В) Қызметтерді өндіру.
С) Жұмыс күшін объектілер бойынша бөлу.
D) Игіліктер мен қызметтерді тікелей пайдалану.
Е) Өндіріс факторларын біріктіру.
5. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес республикалық және коммуналдық меншік меншіктің қандай нышанына жатады?
А) Тұлғалық.
В) Жеке.
С) Ұжымдық.
D) Акционерлік.
Е) Мемлекеттік.
6. Қоғамның дамуына формациялық тұрғыдан қараудың негізі не?
А) Материалдық игіліктерді өндіру әдісі.
В) Еңбек бөлінісі мен кооперация деңгейі.
С) Мемлекет пен оның құрылымдарының пайда болуы.
Д) Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы.
Е) «Өркениет» ұғымы.
7. Ұсынымға әсер етпейтін фактор болып не саналады?
А) Өндірістегі технология.
В) Өндіріс факторларының бағасы.
С) Нарықтағы ұқсас тауарлар саны.
D) Салық мөлшері.
Е) Тұтынушыларлардың тапқан табысы.
8. Тауар өндірушілер сұранымның көбеюіне жауап беруге қабілетсіз болу жағдайында ұсыным қисық сызығы болады:
А) Мүлдем икемді.
В) Икемді.
С) Икемсіз.
D) Мүлдем икемсіз.
Е) Бір бірлікте икемді.
9. Сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігіндегі нарық жағдайы мен баға деңгейі болады:
А) Экономикадағы үйлеспеушілік.
В) Нарықтық теңсіздік.
С) Нарықтық тепе-теңдік.
D) Сұраным мен ұсынымның икемділігі.
Е) Сұраным мен ұсынымның икемсіздігі.
10. «Тепе-теңдікті қалыптастырудың негізгі реттеуші механизімі, тепе-теңдік бағаны қалыптастыру процесі болып саналады» деген пікірді ұсынды…
А) А.Маршалл.
В) Л.Вальрас.
С) К.Маркс.
D) Е.Бем-Баверк.
Е) В.Леонтьев.
