- •№ 2. Практикалық сабақ. Тақырып 2: Қоғамдық өндірістің негіздері..
- •№ 3. Практикалық сабақ. Тақырып 3: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
- •№ 4. Практикалық сабақ. Тақырып 4: Қоғамдық шаруашылық нысандары.
- •№ 6. Практикалық сабақ. Тақырып 6: Нарықтық жүйенің қызмет ету механизмі.
- •№ 7. Практикалық сабақ. Тақырып 7: Кәсіпкерлік іс әрекет, оның түрлері және формалары
- •№ 9. Практикалық сабақ. Тақырып 9: Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табыстары.
- •№ 10. Практикалық сабақ. Тақырып 10: Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы
- •№ 11. Практикалық сабақ. Тақырып 11: Ұлттық экономика жүйе ретінде
- •№ 12. Практикалық сабақ. Тақырып 12: Экономикалық дамудың ауытқымалылығы.
- •№ 15. Практикалық сабақ. Тақырып 15: Дүниежүзілік экономика және халықаралық экономикалық байланыстар
№ 3. Практикалық сабақ. Тақырып 3: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі
Сабақтың мақсаты: Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнын, иемдену және меншіктен айыру қатынастарын, меншік обьектілері мен субьектілерін, меншік нысандарын, меншік нысандарының көптүрлі болуының обьективті қажеттіліктері мен себептерін, Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта құруды, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері формалары, әдістері проблемаларын жете білу керек.Экономикалық жүйе мәні, экономикалық жүйедегі меншік қатынастары мен экономикалық жүйе типтерін танып-білу. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау (дәстүрлі, әкімшілдік-әміршілдік, аралас, нарықтық). Өтпелі экономиканың өзіне тән негізгі белгілері мен заңдылықтары бар. Қазақстан Республикасы әміршілдік - әкімшілдік жүйеден аралас нарықтық әлеуметтік бағдарлы жүйеге өтуін және қазіргі уақытта Қазақстанда реформалаудың қандай процестері жүргізіліп жатқанын танып-білу.
Практикалық сабақтың жоспары:
Меншік қатынастарының мазмұны.
Меншікті ұлттандыру, мемлекетсіздендіру және жекешелендіру.
Экономикалық жүйе түсінігі.
Қазақстанның қазіргі экономикалық жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
Меншік пен меншік қатынастарының мәні неде?
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны қандай?
Меншік объектілеріне не жатады?
Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Мемлекеттік меншіктің қандай түрлері бар?
Мемлекеттік меншік пен басқарудың негізгі кемшіліктері қандай?
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің айырмашылықтары қандай?
Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің мақсаттары қандай?
Жекешелендірудің қандай тәсілдерін білесіз?
ҚР-дағы жекешелендірудің нәтижелері мен салдары туралы не білесіз?
Глоссарий:
Акционерлік қоғам
Алғашқы қауымдық ортақ меншік.
Біріккен кәсіпорындар
Билік ету құқығы
Жеке өзіндік меншік
Жалпы үлестік меншік
Жалпы ортақ меншік
Жалпы отбасылық меншік
Жекешелендіру (латынша«приватус»-жеке)
Иелену құқығы
Меншік
Мемлекеттік меншік
Муниципалдық меншік
Мемлекетсіздендіру.
Өндірістік кооператив
Пайдалану құқығы
Шаруашылық бірлестіктер
Шаруашылық серіктестік
Жаттығулар:
Қазақстан экономикасы қазіргі реформалар нәтижесінде жаңаруда және нарықтық жүйенің белгілері толық қалыптасқан деуге болады. Оның тиімді қызмет етуінің бір шарты ретінде өндіріс факторларына жеке меншік болып табылады. Сіз осыған келісесіз бе? Нарықтық экономиканың тиімді қызмет етуінің басқа шарттарын атаңыз.
Экономиканы нарықтық ұйымдастыру жеке меншіктің, қоғамдық еңбек бөлінісінің, тауарлар айырбасының болуымен сипатталады.Нарықтық экономикалық жүйенің бұл сипаттамалары жоғары технологиялы өндірістің, жоғары сапалы өнімнің, тауарлар сұрыптамаларының көп болуымен қандай байланысы бар?
Экономиканы нарық арқылы ұйымдастыру шаруашылық жүргізу қағидалары мен ерекше ынталандыруларды туындатады. Мысалы, оларға: кәсіпкерлер, тұтынушылар тандауының еркіндігі, кез-келген бизнес сферасындағы жеке экономикалық мүдделердің болуы және т.б. жатады. Көптеген бұрынғы әкімшілік-әміршілдік мұндай ынталандырулар мен қағидаларға тыйым салынды. Неліктен? Түсіндіріңіз.
ҚР Азаматтық кодексі бойынша меншік құқықтары мен қатынастарын анықтаңыз.
Меншік нысаны - меншік субъектісі - меншік объектісі араларындағы өзара байланысты талдаңыз.
Меншіктің қай нысаны өндірістің аса тиімділігін қамтамасыз етеді? Салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.
Талқылауға ұсынылған мәселелер:
Келесі тақырыптар бойынша дөңгелек үстел өткізу:
«Меншік нысандарының эволюциясы»;
«Экономикасы дамыған және ТМД елдеріндегі мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің тәжірибелік аспектілері»;
Қазіргі нарықтық экономикадағы меншік нысандары: артықшылықтары және кемшіліктері».
Пікір-сайыстар, зерттеулер және белсенді жұмыстың басқа да түрлері:
1. Меншік теориясымен меншік кұқығы теориясының қайсысы қазіргі шаруашылық жүргізу тәжірибесін барынша толық бейнелейді?
2. Экономикалық теорияның өздеріңе таныс ұғымдарын қолдана отыра, келесі пікірлерге түсініктеме беріңіздер:
а) «Берілген заттар бір-біріне қатысты тауар түрінде көрінуі үшін, тауар иелері бір - біріне жеке меншік иелері ретінде қатынасуы қажет». (Маркс К. Капитал. Т. 1. С. 94).
ә) «Меншік- бұл ұрлық». (П.Ж.Прудон- XIX ғасырдағы француз философы).
3. ҚР-дағы жекешелендіру стратегиясын мынадай ретте сипаттаңыздар:
Жекешелендірудің кезеңдері |
Мерзімі |
Мақсаттары |
Негізгіәдістері |
Нәтижелері
|
Жекешелендірілген кәсіпорындар саны |
Ұтымға қол жеткен топтар |
|
|
|
|
|
|
|
Мәнжазба тақырыптары:
Меншік қатынастарының даму зандылықтары.
Мемлекеттік меншік және оның маңызы.
Мемлекеттік және жеке меншік: кемшіліктері мен артықшылықтары.
ҚР меншік қатынастары мен құқықтарын мемлекеттік реттеу.
Акционерлік қоғамды басқару.
ҚР муниципалды меншік және оны дамыту жағдайлары.
Меншік – экономикалық және құқықтық категория ретінде.
Қазіргі экономикадағы меншік нысандары мен түрлері.
Меншіктің құқықтық теориясы және оның ерекшеліктері.
Әлемдік тәжірибедегі жекешелендіру және оның тәсілдері.
ҚР мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесін реттейтін институттар мен органдар.
Меншік қатынастары жүйесі туралы ғылыми көзқарастар.
Дамыған елдердегі мемлекеттік меншік және оның қызметтері.
ҚР мемлекеттік меншікті жекешелендірудің ерекшеліктері.
Блиц-тест:
1. Экономикалық жүйедегі ең басты қатынастардың бірі:
нарықтық қатынастар;
саяси қатынастар;
меншік қатынастары;
ұйымдастыру қатынастары;
әлеуметтік қатынастар.
2.Меншіктің анықтамасы қандай?
қоғамның барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы;
рухани игіліктерді пайдаланумен байланысты қатынастар;
өндіріс жағдайлары мен нәтижелеріне байланысты қатынастар;
адамдар мен кез-келген зат арасындағы құкықтық қатынастар;
материалдықигіліктерді тұтынумен байланысты қатынастар.
3.Меншіктің ерекшеліктері:
меншік нысандарының өзгергіштігі мен көптүрлілігі;
меншік нысандарының қайшылығы мен күрделілігі;
меншікті иемдену мен пайдаланудың тұтастылығы;
тиімділікті анықтауы және ресурстарды әділетті бөлуі;
табыс әкелуі және міндеттемелерді бекітуі.
4. Меншіктің қандай нысандары бар?
жеке, аралас;
қоғамдық, дербес;
мемлекеттік, жеке;
ұжымдық, жеке;
мемлекеттік, акционерлік;
5. Жеке меншіктің қайшылығы неде?
жеке мүдделік қоғам мүддесіне қарсы әрекет етуі;
қоғам мүддесінің жеке мүдделерге қарағанда ескерусіз қалуы;
жекемүдделер арасындағы бәсекенің күшеюі;
меншік кұқықтарын сақтау қиындықтарының болуы;
жалдамалы еңбек етушілердің мүдделеріне қайшы болуы.
6.Жеке иемденудің қанша түрі бар?
екі;
үш;
төрт;
бір;
бес.
7.ҚР меншіктің қандай түрлері заңмен қорғалады?
жеке;
мемлекттік;
акционерлік;
муниципалды;
барлық меншік түрі.
8.Ұжымдық меншік дегеніміз не?
жекеменшіктің мемлекет меншігіне өтуі;
еңбек ұжымының өндіріс факторлары мен нәтижелерін ортақтасып иемденуі;
мемлекетменшігінің жеке меншікке айналуы;
меншікті жеке адамның басқаруы, билік етуі;
өндіріс нәтижелеріне тендей құқық беретін меншік.
9.Экономикалық еркіндігі жақсы дамыған меншік түрі:
мемлекеттік;
акционерлік;
ұжымдық;
индивидуалды (дербес бір адамның меншігі);
біріккен.
10.Әртүрлі меншік нысандарының қажеттігі немен түсіндіріледі?
олардың барлығы тиімді;
нарықты тауарлармен толықтыруға мүмкіндік береді;
оларды өзара алмастыру мүмкін емес;
дамыған елдердің тәжірибесінен өткен;
олар өзара бір-біріне тәуелді.
Әдебиеттер:
Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.
Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.
Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.
Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.
Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.
Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.
Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с
Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет
Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.
Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.
