Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ к прак ЭТН Документ Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.99 Кб
Скачать

№ 4. Практикалық сабақ. Тақырып 4: Қоғамдық шаруашылық нысандары.

Сабақтың мақсаты: Қоғамдық өндіріс нышандары ұғымының сипаттамасын, қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және тауарлы, тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу жағдайлары мен себептерін, құн заңын және т.б. үйрену қажет.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Натуралды шаруашылық: мәні және эволюциясы.

  2. Тауар шаруашылығы: мәні және негізгі белгілері

  3. Тауар және оның қасиеттері.

  4. Ақшаның мәні және қызметтері.

  5. ҚР экономикасындағы теңге: әлдеуметтік-экономикалық салдары және болашағы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері қандай?

  2. Шаруашылықты қандай нысанда ұйымдастыруға болады?

  3. Натуралдық шаруашылықтың тауарлы шаруашылыққа ауысуының себептері қандай?

  4. Тауарлы шаруашылықтың пайда болу шарттары қандай?

  5. Натуралды өндіріс пен тауарлы өндірістің мақсаттары қандай?

  6. Тауардың қандай қасиеттері бар?

  7. Құн және айырбас құнының мәні неде?

  8. Шекті пайдалылық теориясының кезендері қандай?

  9. Ақшаның пайда болу себептері қандай?

  10. Ақшаның қандай қызметтерін білесіз?

  11. Ұлттық валюта - теңгенің шығу тарихы туралы не айта аласыз?

Глоссарий:

  1. Айырбас құны

  2. Ақша

  3. Демонетизация

  4. Жиынтық қоғамдық өнім

  5. Құн

  6. Құн заңы

  7. Натуралдық шаруашылық

  8. Тауар

  9. Тауарлы өндіріс

  10. Тұтыну құны

Есептер және жаттығулар:

1. Сіздің ойыңызша қандай пайымдаулар натуралдық шаруашылық және тауарлық шаруашылықты сипаттайды және олардың айрықша ерекшеліктері неде?

  1. тұйық экономикалық бірлікте дайын өнімнің өндірісі және оның тұтынуы жүреді;

  2. еңбек процесі жекелеген қоғамдық таптар шегіндегі шаруашылық байланыстарында мәжбүрлі түрде белгіленетін дәстүрлерге, салттарға негізделеді;

  3. өндіріс меншік иесінің жеке және жалдамалы жұмысшы күшін қолдануға негізделген;

  4. өндіріс процесі өндірушілердің өздерінің тұтынуы үшін шамадан тыс жоғары қосымша өнім бермейтін аз өнімділікті еңбек құралдарын қолданумен жүргізіледі;

  5. дайындалған өнім меншік иесіне тиісті және рынокта ерікті түрде сатылуға бағдарланған;

  6. экономикалық эволюция өте баяу жүреді, кейбір жетілдірулер мен қайта құруларды жүргізуге жүздеген жылдар кетеді;

  7. қоғамның жылдам экономикалық прогресі еңбек өнімділігінің жоғары қарқынды өсуі және өнім ассортиментінің динамикалық кеңеюі есебінен жүреді;

2. Осы анықтамалардың қайсысы маркстік экономикалық ілімге және қайсысы неоклассикалық теорияға жатады?

- тауар - бұл еңбек өнімі, сату-сатып aлy жолымен айырбасқа негізделген.

- тayap - экономикалық игілік, яғни айырбасқа негізделген, саны шектеулі, төлем қабілетті сұранысы болады.Бұл анықтамалар қандай рөл атқарады:

а) еңбек шығындары;

ә) өндіріс аясы;

б) сиректік заңы;

в) айырбас аясы;

г) қоғамдық қажеттілік.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

  1. Ұлттық валюта девальвациясының себептері неде? Кері құбылыс күтуге бола ма?

  2. Қазақстан нарығындағы импорттық және экспорттық тауарлар ассортиментінің қайсысы басым?

  3. Елге сыртқы сауда қандай табыс және қандай шығын әкеледі. Салыстырмалы түрде талдау жасаңыз.

  4. Теңгенің ұлттық ерекшелігі неде?

  5. Елдегі ақшаның саның анықтаңыз және де ол алдағы жылмен салыстырғанда қанша көлемге өскен немесе кеміген?

Пікір-сайыстар, зерттеулер және белсенді жұмыстың басқа да түрлері:

  1. Шекті пайдалылықтың кему заңы және қазақ дүниетанымына тән «қанағат ету» (шүкіршілік, тәубешілік) нормасы арасында ұқсастық, жақындық бар ма?

  2. Қазақстанда электронды ақша жүйесінің қазіргі даму жағдайы және болашағы қандай? «Ақша - дамыған өркениеттіңанағұрлым абстрактылы институты» (Ф. Хайек) тұжырымын қалай түсінесіздер?

  3. Жаңа институционалды теория өкілдері ұлттық валютаны тұрақтандыруда әлеуметтік норма - қоғамдық сенімнің әсерін қарастырады, яғни сенім артқан жағдайда ұлттық валютаның позициясы нығаяды, керісінше жағдайда ол құнсызданады. Осы көзқарас қаншалықты дұрыс? Теңгенің нығаюына қоғамдық сенімнің немесе экономикалық факторлардың әсері басым ба?

Мәнжазба тақырыптары:

    1. Материалдық және материалдық емес өндіріс салалары.

    2. Тауар категориясының эволюциялық тұжырымдамалары.

    3. А.Смит және Д. Рикардо тұжырымдамаларындағы тауар құны.

    4. Құнның еңбектік теориясы.

    5. К.Маркстің «Капитал» еңбегіндегі құн және қосымша құн ұғымдары.

    6. Көне заманғы және қазіргі ақшалар тарихы.

    7. Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы.

    8. Қазақстандағы тауарлы - нарықтық шаруашылықтың ерекшеліктері.

    9. Ұлттық валюта теңгені енгізу және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету.

    10. Несие - ақша және электронды ақша түрлерін қазақстанда енгізу проблемалары.

Блиц-тест:

1. Қазақстан тарихының бастапқы кезінде қандай экономикалық даму басым болды:

  1. қолөнер;

  2. өнеркәсіп;

  3. көшпелі малшаруашылығы;

  4. ауыл шаруашылығы;

  5. индустриалды.

2.Тауаршаруашылығыныңпайдаболуыныңматериалдықшарты:

  1. өндіріс құралдарына жеке меншік;

  2. тауарөндірушілердің оқшаулануы;

  3. айырбастың дамуы;

  4. өнімді нарықүшін өндіру;

  5. тауарөндірушілердіңбірігуі.

3.Жай және капиталистік тауар шаруашылығының жалпы белгілері:

  1. сату үшін өнім өндіру;

  2. өндіріс ресурстарына жеке меншік;

  3. жұмысшыны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосудың тауарлы формасы;

  4. жиынтық өнімі ұлғаймалы ұдайы өндіріс;

  5. сату үшін өндіру.

4. Қоғамдық шаруашылықтың даму формалары

  1. жалпыэкономикалық қатынастардың даму сипаты;

  2. натуралды, тауарлық, аралас шаруашылықтар;

  3. жоспарлы шаруашылық;

  4. нарықтық шаруашылық;

  5. феодалдық шаруашылық.

5.Құнның өсу процесінің мәні:

  1. айналыстағы ақшаның өсуі;

  2. артық бағаға сатудан түсетін өсім, пайда;

  3. түскен табыстан шығындарды шегеру құбылысы;

  4. тауар өндіруге жұмсалған шығындардан артық қосымша құн түзілу процесі;

  5. жаңа технологиялар.

6.Құнның еңбектік теориясын негізін жасаған экономистер.

  1. А. Смит, Д. Рикардо;

  2. К. Маркс, Ф. Энгельс;

  3. А. Маршалл, Дж. М. Кейнс;

  4. П. Самуэльсон, М. Фридмен;

  5. К. Менгер, М. Тодаро.

7.Ақша массасына жатады:

  1. сізде бар металл ақшалар;

  2. жинақ банкісіне салық салу;

  3. сіздің қолыңыздағы банкноттар;

  4. мемлекеттік займдағы облигациялар;

  5. банктегі ағымдық шот.

8.Демонетизация дегеніміз:

  1. қағаз ақшаның құнсыздануы;

  2. ақша қызметін алтынның атқаруы;

  3. ақшаның бүлінуі;

  4. қағаз ақшаның алтынға еркін айырбасталуы.

9. Тауардың айырбас құны нені білдіреді?

  1. Басқа тауарларға белгілі көлемде айырбасталуды.

  2. Құндылықты.

  3. Сұранысты.

  4. Бағаны.

  5. Сиректікті.

10. Баға – бұл:

  1. Құнныњ ақшалай көрінісі.

  2. Нарыққатынастарының анықтаушысы.

  3. Тауарларды салыстыру механизмі.

  4. Өзара есеп жүргізу механизмі.

  5. Тауардың өзіндік құны.

Әдебиеттер:

  1. Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.

  2. Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.

  3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.

  4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.

  5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.

  6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.

  7. Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с

  8. Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет

  9. Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.

  10. Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.

5. Практикалық сабақ. Тақырып 5: Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге нарық және оның қызметі, құрылымы туралы кеңінен түсіндіру керек. Экономикалық ғылым нарықта тауарларды сатумен байланысты орын ретінде емес, ол өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйе ретінде қарастырады.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Нарықтың мәні және түрлері.

  2. Бәсеке: түсінігі және түрлері.

  3. Нарық инфрақұрылымы.

  4. ҚР нарық инфрақұрылымының дамуы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық жүйе туралы кімдердің көзқарастарын білесіз? Олардың зерттеу ерекшеліктерін анықтаңыз.

  2. Экономикалық жүйенің элементтері қандай?

  3. Аралас экономиканың белгілері мен мемлекеттің қызметтерін атаңыз.

  4. Экономикалық жүйелерді модельдерге бөліп қарастыруда меншіктің рөлі қаншалықты маңызды?

  5. Мемлекет пен нарықтық қатынасы туралы экономистердің көзқарастары қандай?

  6. Барлық нарықтық экономика модельдеріне тән ортақ белгілер қандай?

  7. ҚР нарықтық экономика моделінің қандай ерекшеліктері бар?

  8. Нарықтық экономика модельдерін реттеуде нарықтың және мемлекеттің қандай тетіктері бар?

Глоссарий:

  1. Аралас экомомикалық жүйе

  2. Жоспарлы экономикалық жүйе

  3. Қоғамдық-экономикалық формация

  4. Қондырма

  5. Өндіргіш күштер

  6. Өндірістік қатынастар

  7. Өндіріс әдісі

  8. Нарықтық экономикалық жүйе

  9. Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған)

Есептер мен жаттығулар:

1. Төмендегі сөйлемдердің жалғасын табыңыз.

  1. Экономикалық жүйе -

  2. Экономикалық жүйенің мақсаты -

  3. Экономикалық жүйелердін өмір сүруінің басты себебі -

  4. Экономикалық жүйенің дамуын тежеуші басты қайшылық -

  5. Экономикалық жүйенің негізгі міндеттері –

  6. Экономикалық жүйелер жоспарлы, нарықтық, аралас деп бөлінуінін, себептері -

2. Экономикалық жүйедегі субъектілердің ақпарат алу тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бөліп көрсетініз.

Табиғи тәртіп

Сатылы тәртіп

артыкшылықтары:

кемшіліктері:

артықшылықтары:

кемшіліктері:

3. Кестені толтырыңыз.

Экономикалық жүйенің модельдері

Сипатты белгілері

Жоспарлы экономика

Нарықтық экономика

Аралас экономика

4.Өтпелі экономика мен аралас экономикалық жүйенің мағыналары бірдей ме? Қазақстанда өтпелі экономика мен ара­лас экономика кезеңдерінің тұспа-тұс келуін қалай түсіндіресіз?

5.Кестені толтырыңыз.

Экономиканы реттеудін рыноктық тетіктері

Экономиканы реттеудін мемлекеттік тетіктері

6. Жоспарлы, нарықтық, аралас экономикадағы мемлекет пен нарық қатынастарын модельдер арқылы сызып көрсетіңіз.

7. Нарықтық экономика модельдерінің барлығына ортақ белгілер мен өзіндік ерекшеліктерін кестеге толтырыңыз.

Нарықтық экономика модельдері

Өзіндік ерекшеліктері

Ортақ белгілері

Америқандық модель

Жапондық модель

Неміс моделі

Швед моделі

Француз моделі

Оңтустік Қореялық модель

Қытай моделі

8. Қазақстанның экономикалық моделінің ерекшеліктері мен экономикалық өсу факторларын табыңыз.

9. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының басымдылықтарын, мақсаттарын және кұралдарын анықтаңыз.

Қазақстан-2050 даму стратегиясы

Басымдықтары:

Мақсаттары:

Құралдары:

10..Қоғам дамуын сипаттайтын формациялық және өркениеттік теорияның негізгі жағдайларын жазып, олардың басты қайшылықтарын анықтаңыз.

Талқылауға ұсынылған мәселелер:

1.Нарықтық экономика үш мәселені тиімді шешеді: не, қалай, кім үшін өндіру керек?

  • бұл мәселелер нақты қалай шешіледі?

  • неліктен дамыған елдердің өзінде нарықтың кемшіліктері орын алады?

  • нарық кемшіліктерін төмендетудің әдістері қандай?

  • бұл мәселелерді сіз қандай шешім қабылдау арқылы шешер едіңіз?

2. Қоғамда сан мыңдаған тауарлар мен қызметтердің ас­сортименті техника-технологиялық деңгейі әртүрлі көптеген өндіріс орындарында жасалады. Мұнда меншік нысандары көптүрлі, нарықтағы ақпараттар көлемі шексіз, таңдау қиын, экономикалық субъектілердің мүдделері бір-біріне қайшы. Нарықта бұл мәселелердің оңай әрі автоматты шешімін табуын қалай түсіндіресіз?

Пікір-сайыстар, зерттеулер және белсенді жұмыстың басқа да түрлері:

  1. Экономикалық жүйедегі негізгі өндіргіш күш ретінде адам қарастырылады. Осыған байланысты адамның тұтыну күштерінің әсерін, оның экономикалық мазмұның негіздеу мүмкін бе?

  2. Әміршілдік экономика созылмалы тапшылыққа қарамастап тұрақты жағдайдағы жүйе ретінде белгілі болса, өтпелі экономикаға түбегейлі тұрақсыздық тән. Осыны қалай түсіндіруге болады?

  3. Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезен дамыған елдердегі постиндустриалды сатыға өту кезеңімен сәйкес келеді. Осыған байланысты, ҚР өз даму стратегиясында постиндустриалды қоғамның параметрлеріне бағдарлануы қажет пе, оған объективтінегіз бар ма? Пікір-сайысты ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын талдау негізінде өрбіткен жөн.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты.

2. Қазақстанның экономикалық жүйесі: қалыптасу және даму ерекшеліктері.

3. Нарықтық экономикалық жүйе: іргелі міндеттері мен мақсаттары.

5. Аралас экономика теориясы.

6. Мемлекеттің нарыққа араласу нысандары және реттеуші қызметтері.

7. Қазақстанда нарықтық экономика моделін кұру және дамыту тұжырымдамасы.

8. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың кемшіліктері.

9. Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағдарлы нарықтық экономика құру жолында.

10. Қазақстан Республикасында меншікті мемлекет иелеінен алу және жекешелендіру мәселелері.

11. Қазақстан экономикасының нарықтық типке өту қажеттілігі.

Блиц-тест:

1. Экономикалық жүйенің басты міндеті:

  1. ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу;

  1. нарықты тауарлармен қамтамасыз ету;

  2. өндірушілердің максималды табыс алуын қамтамасыз ету;

  3. ресурстардың шектеулілігін жою;

  4. халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру.

2.Экономикалық жүйенің тиімділігі ... анықталады:

  1. алынатын пайда мөлшерімен;

  2. өндірілетін тауарлар көлемімен;

  3. сатылған тауарлар көлемімен;

  4. қойылған мақсаттарға жету деңгейімен;

  5. жаңа экономикалық жүйеге ауысумен.

3. Экономикалық жүйенің қасиеттері:

  1. тұрақтылық, біртұтастылық, қозғалғыштық;

  2. ашықтық, қарама-қайшылық, өзгергіштік;

  3. күрделілік, тәуелсіздік, орнықтылық;

  4. нақтылық, либералдық, ашықтық;

  5. қарапайымдылық, мақсаттылық, жалпылық.

4.Нарықтық экономика моделінің белгісі:

  1. нарықта әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді;

  2. ақпараттар ашық, ресурстар қозғалысы икемді;

С) экономикада жоспарлаудың рөлі басым;

Д) макроэкономикалық көрсеткіштерді мемлекет қатаң бақылайды;

Е) мемлекеттік инвестициялардың үлесі жоғары.

5. Аралас экономикалық жүйедегі мемлекет рөлінің артуын қалай түсіндіруге болады:

  1. экологиялық мәселелерді шешу;

  2. экономикалық тиімділік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ету;

  3. көлеңкелі экономиканы заңдастыру;

  4. макроэкономикалық өсу және тепе-теңдік;

  5. барлық жауап дұрыс.

6. Жоспарлы экономикалық жүйенің белгілері:

  1. мемлекеттік меншік пен жоспарлаудың үстемдігі;

  2. жеке меншік және еркін бәсеке;

  3. меншіктің көптүрлілігі және еркін кәсіпкерлік;

  4. стратегиялық және индикативті жоспарлау;

  5. инвестициялық ресурстарға жеке меншік және әлеуметтік әділеттілік.

7.Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың мақсаттары:

  1. шығындарды минималдау және пайданы максималдау;

  2. экономикалыққауіпсіздік және экономикалық өсу;

  3. әлеуметтік үйлесімділік және әлеуметтік тұрақтылық;

  4. экономикалық тиімділік және экология;

  5. көлеңкелі экономиканы шектеу және экономикалық тұрактылық.

8.Өркениет теориясы бойынша қоғамның дамуына ықпал етеді:

  1. қоғамдағы қарама-қарсы мүдделердің күресі;

  2. қоғамның біртұтастығын сақтайтын тиімді ұйымдастыру мен басқару;

  3. адам мен табиғат арасындағы қайшылық;

  4. материалдық өндірісті дамыту;

  5. жеке меншікті ұлттандыру.

9.Формациялық теория бойынша өндірістік қатынастар:

  1. әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-экономикалық, техникалық-экономикалық;

  2. өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну;

  3. мәдени, саяси, ұлттық;

  4. ғылыми-техникалық, техника-экономикалық;

  5. меншік қатынастары.

10.Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша өндірістің көлемі шектеледі:

  1. шығындардың үздіксіз өсуімен;

  2. ҒТП даму шегімен;

  3. экологиялық дағдарыспен;

  4. қажеттіліктердің толық қанағаттануымен;

  5. ғаламдану мен халықаралық бәсекенін күшеюімен.

Әдебиеттер:

  1. Экономикалыќ теория негіздері. Я.М.Әубакіров, Алматы. 1998.

  2. Жалпы экономикалыќ теория. Ө.К.Шеденов, Е.Н.Саѓындыќов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. Аќтµбе. 2004.

  3. Я. Әубакіров, К. Нәрібаев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. - 479 бет.

  4. Ш. Қашықов, Ө. Нұргалиев. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Қарағанды.: ҚарМТУ, 1997. – 208 бет.

  5. Экономическая теория. Учебник. Камаев В.Д. и колл.авторов. – М.: ВЛАДОС, 1998.

  6. Экономика. Учебник. Под ред. Булатова А.С.,3-е изд., Юристъ, 2001. – 896 стр.

  7. Общая экономическая теория: Учебник/ У.К.Шеденов , У.С.Байжомартов , Б.И.Комягин и др.; Под ред.У.К.Шеденова. - 3-е изд. , перераб. и доп. - Актобе: Полиграфия, 2004. - 568 с

  8. Мэуленова С.С. Экономикалык теория. 1 бол!м: Оку куралы/ С.С. Мэуленова, С.К. Бекмолдин, Е.К. Кудайбергенов. - 2-ш! бас., онд. - Алматы: Эверо, 2013. - 186 бет

  9. Есполов Т.И. Экономикалық теория негіздері : Оқу құралы / Т. И. Есполов, Қ. М. Бельгібаев, Ж. Ж. Сулейменов. - [б. м.] : Каз ҰАУ, 2009. - 300 б.

  10. Арын Е.М. Тұрақты даму стратегиясы : Оқу құралы / Е. М. Арын, С. А. Рахимова. - [б. м.] : Brand Print, 2011. - 113 б.