- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •1.1. Деректер базасы туралы негізгі түсінік
- •1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •2.2. Қазіргі мқбж негізгі қызметтері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •3.1. Мәліметтердің типтері және моделдері
- •3.2. Иерархиялық модель
- •3.3. Желілік модель
- •3.4. Реляциялық модель
- •3.5. Постреляциялық модель
- •3.6. Көп өлшемді модель
- •3.7. Объектілі бағдарланған модель
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •4.1. Мәліметтер қорының реляциялық моделі
- •4.2. Қатынастар. Реляциялық мәліметтер қорындағы негізгі терминдер
- •4.3. Реляциялық алгебра
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •5.1. Қатынастар және оның негізгі қасиеттері
- •2. Қатынастардың негігі түрлері
- •3. Байланыстар және олардың негізгі түрлері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •6.1. Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын талаптар
- •6.2. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •7.1. Бірқалыпты күйге келтірудің мақсаты
- •7.2. Бірқалыпты күйге келтіру процесі.
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •8.1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған инструментальді құралдар.
- •8.2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •9.1. Кесте құру.
- •9.2. Псевдоним құру.
- •9.3. Мәліметтердің типтері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •10.1. Мәліметтер қоры қосымшасымен жұмыс жасауда қолданылатын компоненттер.
- •10.2. Table компоненті, ерекшеліктері.
- •10.3. TQuery компоненті, ерекшеліктері.
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •11.1. Мәліметтер жиынын сұрыптау
- •11.2. Жазбаларды іздеу
- •11. 3. Мәліметтерді електен өткізу
- •12.1. Өрнек бойынша електен өткізу.
- •12.2. Аралық бойынша електен өткізу
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •14.1. Sql тілі туралы түсінік. Sql функциялары.
- •14.2. Кестелермен орындалатын амалдар.
- •14.3. Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.
- •14.4. Жазбаларды модификациялау
- •15.1. Есеп берулермен жұмыс. Есеп берудің негізгі компоненті.
- •15.2. Есеп беруде қолданылатын құрама компоненттер.
- •Дәрісте қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2. Қазіргі мқбж негізгі қызметтері
Қазіргі МҚБЖ-нің атқаратын негізгі қызметтері:
1. Мәліметтерді сақтау, алу және жаңарту;
2. Ақырғы қолданушыларға жүйелік каталогты жеткізу(аты, өрістердің типі және өлшемі, имя, байланыс атаулары, шектеулер және т.б.);
3. Мәліметтердің бүтіндігін және қарама-қайшы келмеуін басқару;
«Бүтіндік» терминімен, әдетте мәліметтер қоры әр бөлігінде сақталған мәліметтердің бір-біріне қарсы келмеуі түсіндіріледі. Мысалы: мектепке түсу мерзімі оны бітіру мерзімінен кеш болуы мүмкін емес.
4. Мәліметтердің тәуелсіздігін қолдау;
5. Транзакцияны қолдау (қолданушының мәліметтер қорын қолдануға және өзгертуге арналған әрекеттер жиыны);
6. МҚ-ын қалпына келтіру;
7. МҚ-ын қолдануды басқару;
8. Мәлімет алмасуды қолдау(коммуникациялық бағдарламалық жабдықтардың интеграциясы);
9. Қосымша қызметтер(экспорттау – импорттау утилиттері…).
Кез-келген қорда өзіндік мәліметтермен қатар оның құрылуы туралы ақапарат (яғни оны көбіне құрылымы деп атайды) болады. Қарапайым жағдайда құрылым ақпарат типін және ол үшін жадының талап етілетін көлемін көрсетеді. Құрылым жайлы мағлұматтар мәліметтер қорын басқару жүйесіне ішкі тасымалдаушылардағы мәліметтердің талап етілетін орнын оңай есептеуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз не?
2. МҚБЖ-ін құруда қандай бағдарламалау орталары қолданылады?
3. МҚБЖ-нің тілдік құрылғыларының құрамы қандай?
4. МҚБЖ-нің негізгі қызметтері?
Әдебиеттер:
[3], [4], [7], [10].
Қысқаша дәрістер конспектісі
№3 дәріс.
Тақырыбы: Мәліметтердің моделі. Иерархиялық, желілілік, реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді, объектілі-бағытталған мәлімет модельдері.
Дәріс мақсаты: Мәліметтердің типтері және модельдерімен танысу.
Кілттік сөздер: Тип, модель, иерархиялық модель, иерархиялық модель желілік модель, реляциялық модель, постреляциялық модель, көп өлшемді модель, объектілі бағдарланған модель.
Жоспары:
3.1. Мәліметтердің типтері және моделдері
3.2. Иерархиялық модель
3.3. Желілік модель
3.4. Реляциялық модель
3.5. Постреляциялық модель
3.6. Көп өлшемді модель
3.7. Объектілі бағдарланған модель
3.1. Мәліметтердің типтері және моделдері
Қорда сақталған мәліметтер анықталған логикалық құрылымда болады, басқаша айтқанда мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) қолдайтын кейбір мәліметтердің берілуінің моделі (мәліметтердің моделі) сипатталады.
Классикалық түрге келесі мәліметтер моделі жатады:
• иерархиялық,
• желілік,
• реляциялық.
Мұнымен қатар, соңғы жылдары келесі мәліметтер модельдері пайда болды және практикаға белсенді түрде ене бастады:
• постреляциялық,
• көпөлшемді,
• объектіге-бағытталған.
Басқа мәліметтер моделіне негізделген, белгілі моделдерді кеңейтетін барлық мүмкін болатын жүйелер жасалынуда. Бұлардың қатарына объектілі-реляциялық, дедуктивт–объектілі-бағытталған, семантикалық, концептуаль-дық және бағытталған моделдерді жатқызуға болады. Бұл модельдердің кейбірі мәліметтер қорын, білім қорын және программалау тілдерін интеграциялау үшін қызмет етеді.
Кейбір МҚБЖ бір уақытта бірнеше моделдерді қолдай алады. Мысалы, ИНТЕРБАЗА жүйесінде қосымшалар үшін мәліметтерді манипуляциялауға желілік тіл қолданылады, ал пайдаланушы интерфейсінде SQL және QBE тілдері қолданылады.
