- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •1.1. Деректер базасы туралы негізгі түсінік
- •1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •2.2. Қазіргі мқбж негізгі қызметтері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •3.1. Мәліметтердің типтері және моделдері
- •3.2. Иерархиялық модель
- •3.3. Желілік модель
- •3.4. Реляциялық модель
- •3.5. Постреляциялық модель
- •3.6. Көп өлшемді модель
- •3.7. Объектілі бағдарланған модель
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •4.1. Мәліметтер қорының реляциялық моделі
- •4.2. Қатынастар. Реляциялық мәліметтер қорындағы негізгі терминдер
- •4.3. Реляциялық алгебра
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •5.1. Қатынастар және оның негізгі қасиеттері
- •2. Қатынастардың негігі түрлері
- •3. Байланыстар және олардың негізгі түрлері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •6.1. Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын талаптар
- •6.2. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •7.1. Бірқалыпты күйге келтірудің мақсаты
- •7.2. Бірқалыпты күйге келтіру процесі.
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •8.1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған инструментальді құралдар.
- •8.2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •9.1. Кесте құру.
- •9.2. Псевдоним құру.
- •9.3. Мәліметтердің типтері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •10.1. Мәліметтер қоры қосымшасымен жұмыс жасауда қолданылатын компоненттер.
- •10.2. Table компоненті, ерекшеліктері.
- •10.3. TQuery компоненті, ерекшеліктері.
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •11.1. Мәліметтер жиынын сұрыптау
- •11.2. Жазбаларды іздеу
- •11. 3. Мәліметтерді електен өткізу
- •12.1. Өрнек бойынша електен өткізу.
- •12.2. Аралық бойынша електен өткізу
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •14.1. Sql тілі туралы түсінік. Sql функциялары.
- •14.2. Кестелермен орындалатын амалдар.
- •14.3. Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.
- •14.4. Жазбаларды модификациялау
- •15.1. Есеп берулермен жұмыс. Есеп берудің негізгі компоненті.
- •15.2. Есеп беруде қолданылатын құрама компоненттер.
- •Дәрісте қолданылған әдебиеттер тізімі
14.2. Кестелермен орындалатын амалдар.
Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады:
• жаңа кесте құру;
• кестені жою;
• кесте өрістерінің құрамын өзгерту;
• индексті құру және өшіру.
Бұл әрекеттер SQL тілінің инструкцияларының көмегімен орындалады.
Кестені құру және жою, құрамын өзгерту
Кестені құру үшін CREATE TABLE инструкциясы қолданылады:
CREATE TABLE <Кесте аты>
(<Өріс аты> <мәлімет типі>
. . .
<Өріс аты> <мәлімет типі>);
Файлдың кеңейтілуі бойынша кестенің форматы автоматты түрде, яғни .db – Paradox кестесі үшін, .dbf – dBase кестесі үшін анықталады. Кесте файлы МҚ псевдонимі көрсетілген, МҚ каталогында орналастыру керек.
SQL тілінің көмегімен кесте құру мысалы:
CREATE TABLE Student.dbf
(Numer Integer
Name CHAR(15)
Datarogd DATE);
Paradox кестесі үшін PRIMARY KEY сипаттамасын және жақшаның ішіне оның өрістерін көрсетіп, негізгі немесе алғашқы кілтті анықтауға болады.
Кілттік өріс өрістер тізімінде бірінші болып орналасуы керек. Негізгі кілтті құрумен жаңа кестеге құруға мысал:
CREATE TABLE Personal.db
(Code AUTOINC
Name CHAR(15)
Post CHAR(15)
Oklad Numeric(10,2)
PRIMARY KEY(Code));
Кестені өшіру үшін келесі инструкция қолданылады:
DROP TABLE <Кесте аты>;
Мысалы DROP TABLE <student>; Дискіден student атты кестеге қатысы
бар барлық файлдар өшіріледі.
Кесте өрістерінің құрамын өзгерту өрістерді қосу немесе өшіруді білдіреді және оның құрылымын өзгертуге әкеледі, сонымен қатар кестені басқа қосымшалар қолданбауы керек. Кесте өрістерінің құрамын өзгерту ALTER TABLE инструкциясының көмегімен орындалады:
ALTER TABLE <Кесте аты>
ADD <өріс аты> <мәліметтер типі>,
DROP <өріс аты>,
ADD <өріс аты> <мәліметтер типі>,
DROP <өріс аты>;
Индекс құру және жою.
Индекс мәліметтерге тез ену мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Кестемен орындалатын амалдарды тездету үшін, жазбаларды іздеу және жиі таңдау жүргізілетін өрістерге индекс қойылады. Индекс CREATE INDEX операторының көмегімен құрылады. Жазылуы:
CREATE INDEX <Индекс аты> ON <Кесте аты> (<өріс аты>, ... <өріс аты>);
Бір инструкциямен бір индекс құруға болады, сонымен қатар бір индекс бірнеше өрістің құрамына кіре алады.
Мысалы, 2 өріс бойынша индекс құру.
CREATE INDEX
IndNamePost ON personnel. db (Name, Post)
Индексті жою үшін DROP INDEX операторы қолданылады.
DROP INDEX <Кесте аты>.<индекс аты>
немесе
DROP INDEX <Кесте аты>. PRIMARY
Егер алғашқы индекс (алғашқы кілт) жойылатын болса индекс атының
орнына PRIMARY сипаттамасы көрсет-ді, өйткені алғашқы кілттің аты
болмайды.
Мысалы,
DROP INDEX «personnel.Db».indName Post
14.3. Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.
Мәліметтерді таңдау берілген шарттарды қанағаттандыратын өрістерді
және жазбаларды алуды білдіреді. Мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден
таңдап алуға болады. Ол SELECT инструкциясының көмегімен орындалады.
SELECT - SQL тілінің негізгі операторы.
Жазылу форматы:
SELECT [DISTINCT] <өрістер тізімі> немесе *
FROM <Кестелер тізімі>
[Where < таңдау шарты >]
[ORDER BY <сұрыпталатын өрістер тізімі>]
[GROUP BY <топталатын өрістер тізімі>]
[HAYING <топтау шарты> ]
[UNION <Іштестірілген SELECT операторы>.]
Мәліметтер жиынында жазбалар қайталанбас үшін DISTINCT сипаттаушысы қолданылады. Егер мәліметтер жиынына барлық өрістерді қосу керек болса, онда тек «*» символын көрсетуге болады SELECT операторында FROM операндысы мен өрістер тізімі міндетті түрде болады. FROM операндында жазбалар таңдалатын кесте аттары көрсетіледі.
Егер тізімде бірнеше кестеден алынған өрістер болсы, онда құрама ат қолданады. Яғни,
<Кесте аты>. <өріс аты> .
WHERE операндысында мәліметтер жиынының нәтижесін таңдау шарты жазылады. Таңдау шарты сипатталатын өрнек логикалық өрнек болып
табылады. Оның элементтері өріс аттары, салыстыру амалдары, арифметикалық және логикалық амалдар, жақшалар, LIKE, NULL, BETWEEN, IN және басқа да арнайы функциялар болуы мүмкін.
ORDER BY операндысы мәліметтер жиынының нәтижесінде жазбаларды сұрыптау ретін анықтайтын өрістер тізімінен тұрады. Келісім бойынша әрбір өріс бойынша мәндерінің өсу ретімен орындалады. Кему ретімен сұрыптау үшін DESC сипаттаушысы қатар қолданылады.
GROUP BY операндасы нәтижелік мәліметтер жиынтығынжа жазбалар тобын бөліп көрсету үшін қолданылады, топта барлық өрістері мәндері бірдей жазбалар қарастырылады.
HAVING операндысы GROUP BY операндысымен бірге қолданылады және топтың ішіндегі жазбаларды таңдау үшін пайдаланылады.
SELECT инструкциясы күрделі құрылымнан тұруы және бірінің үшіне бірі орналасуы мүмкін. Инструкцияларды біріктіру UNION операндысының көмегімен орындалады. Мәліметтер жиынының нәтижесі екі инструкцияның WHERE операндысында берілген таңдау шарты орындалу барысында таңдалған жазбалардан тұрады.
