Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сәулет шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
827.33 Кб
Скачать

46. Қабырғалардың түрлері және тағайындалуы.

Қабырғалар ғимараттардың маңызды конструкциялық элементтері болып табылады. Қабырғалар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; жану тобы мен өртке тұрақтылық шегі нормадан төмен болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдық режимді ұстауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбысизоляциялық қасиеттерінің болуы; экономикалық үнемді, яғни материалдар шығыны мен аудын бірлігінің салмағының, еңбек пен жабдықтардың шығындарының аз болуы; сәулеттік-суреттік шешімдеріне жауап беруі керек.

Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі; жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі; конструкциясы және тұрғызу әдісі бойынша қабырғалар төрт топқа бөлінеді: ұсақтүйірлі элементтерден (кірпіштен), ірі тастардан (блоктардан), тұтас, іріпанельді; қолданылатын материалдар тегі бойынша: тасты, ағашты, синтетикалық материалдар.

Кірпіштен қалау. Калау дегеніміз арасындағы жіктері құрылыс ерітінділерімен (әктасты-цементті, цементті-сазды немесе цементті) толтырылатын бөлек тастардан (табиғи немесе жасанды) орындалатын конструкция. Қалау беріктігі тас пен ерітінді беріктігіне, тастар арасындағы вертикальды жіктерді байлау жүйесіне, сондай-ақ ылғал, температуралар, жел, коррозия әсерлеріне байланысты.

Конструкцияның дұрыс жұмысы үшін ондағы тастардың орналасуы қиманың үш ережесіне жауап беруі керек: қабырғадағы тастар горизонтальды қатармен, яғни негізгі әсер ететін күштерге перпендикуляр орналасуы қажет; қатардағы тастар бойлық және көлденең вертикальды жіктермен бөлінуі керек; қатарлас қатардағы вертикальды жіктер

беттеспеуі керек, мұндай беттесу жіктерді байлау деп аталады. Байлау қабырғадағы тастардың біріккен жұмысын және күштердің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

Жеңілдетілген кірпіштік қабырғалар . Көтеруші функцияларын беріктігі жоғары бір материал, ал жылу қорғау функцияларын беріктігі мен жылу өткізгіштігі төменірек басқа мтериал орындайтын қабырғаны жеңілдетілген деп атаймыз.

Қабырғаның бұл конструкциясы қабырғаның ішкі сылағын жүргізбей, бояуға немесе түсті қағазбен оларды желімдеуге мүмкіндік береді.

Ұсақ бетонды блоктардан және табиғи тастан қабырғалар. Кірпішпен қатар, қабырғалық материал ретінде керамикалық және жеңілбетонды ұсақ блоктар кеңінен қолданылуда.

55. Діңгекті іргетас.

Іргетас (фундамент) - ғимараттың және имараттың (неғізінен жерасты) бөліғі, олар жүктеменің ғимараттан (имараттан) табиғи немесе жасанды негізғе берілуін қамтамасыз етеді.

Діңгекті іргетас — биіктігі бойынша бір немесе бірнеше кемері болатын шаршы немесе тіктөртбұрыш пішінді болатын жеке тұрған іргетас;

58. Қабат санына қарай ғимараттардың классификациясы

1 Аз қабатты 1-2 қабат

2 Орташа қабатты 3-5 қабат

3 Жоғарғы қабатты 10-25

4 Өте жоғарғы қабатты 25тен жоғары

59. Ғимараттарды отқа төзімділік дәрежесіне қарай 5 топқа бөледі:

I-III тас ғимараттар

IV - сырты салынған ағаш қорамы бар ғимараттар

V – сырты салынбаған ағаш қорамы бар ғимараттар.

65. Баспалдақ торының графикалық сызбасы мен есебі.

Баспалдақ маршын 1:2; 1:1,75; 1:1,5; және т.б еністікпен орнатады. Маршта сатының саны - 3-тен кем емес, ал 18-ден артық болмау қажет. Әрбір баспалдақ алаңының маршы біреуі көтерілуге, ал екіншісі төмен түсуге арналған. Көтерілетін сатылар төменгі әшекейбедерлі сатылардан басталады, ал түсетін сатылар жоғарғы әшекейбедерлі сатылардан басталады.Төменгі және жоғарғы әшекейбедерлі сатылар алаңның еденімен бірдей келеді және олар түрі ерекше болады. Ал қалған сатылар бірдей болады.

Баспалдақтағы әрбір сатының биіктігі - һ, ал ені - в болып сипаталады. Адамға баспалдақгы қолданғанда ыңғайлы болу үшін, сатының биіктігі һ, ені в қосындысы адамның орташа қадамына сәйкес.

Сатының биіктігі 135-180 мм аралықга (көп жағдайда 150 мм алынады), ал ені болса 250-300 мм болады.

Қабатта орналасқан баспалдақ алаңын 1 қабаттық дейді, ал қабат аралығындағы баспалдақ алаңын 1 аралық деп атайды.

Баспалдақ алаңының ені марштың енінен кем, сонымен 1200 мм кем болмау қажет.

Баспалдақ граафикалық бөлу мен есептің тәртібі

Берілген:

Қабаттың биіктігі – Н-3,0 м

Марштың енісі – 1:2

Марштың еңі-l-1.05

Марш арасындағы құыс L1100мм

Сатылардың өлшемдері - hх b=150х300 мм

Аралық баспалдақ ені C1-1,05м

Қабаттық баспалдақ алаңы C2-1,2м

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]