Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сәулет шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
827.33 Кб
Скачать
  1. Баспалдақ.

Ғимараттардың қабаттарын қосатын құрылымдық элемент. Еңіс белдеуінен, қабаттық (қабатпен бір деңгейдегі) және аралық (қабатаралық) баспалдақ алаңшасынан тұрады.

Баспалдақтар негізгі немесе алдыңғы, қызметтік немесе көмекші болып бөлінеді. Қызметтік баспалдақтар жертөлемен хабарласу үшін, төбе жабынға қосымша сыртқа шығудың жолы болып табылады.

Баспалдақ маршы - ек баспалдақ пар қатарынан тұратын баспалдақ құралымының бір бөлігі.

Көлбеу арқалық - баспалдақтың алаңшалары арасында салынған көлбеу арқалық, оған өз кезегінде баспалдақ сатылары төселеді. Өндірістік үй құрылысында жиналмалы баспалдак маршы толығымен темірбетоннан жасалады және олар да көлбеу арқалық деп аталады.

Еңіс баспалдақ - көлденең еңістік бұрышы 60-тан 75-ке дейін болатын баспалдақ.

Тік баспалдақ - көлденең еңістік бұрышы 75-тен астам болатын баспалдақ.

Сыртқы өрт баспалдағы - өрт сөндіру бұйрықтарының жеке құрамын және өрт сөндіру - техникалық кұралдарды ғимараттың немесе имараттың төбесіне шығаруға арналған баспалдақ.

Жасалынатын материалына байланысты темірбетонды, ағаш және болатты болып бөлінеді. Жасалуына байланысты құрамалы және тұтас құймалы темірбетон баспалдағы болып бөлінеді. Қазіргі уақытта құрамалы баспалдақтар көп қолданыста. Әрбір баспалдақ марштан және алаңнан тұрады. Марш негізінен сатылардан жиналған құралымды құрайды. Сатылар - көлбеу аркалыққа немесе тетивке асылады.

9. Ғимараттардың құрылымдық сұлбалары

Ғимараттарды жобалау негіздері. Құрылымдық сұлбалары.

Құрылымдық сұлбалар туралы түсінік.

Қаңқасыз және қаңқалы құрылымды ғимараттар, ерекшеліктері.

Ғимараттардың тік көтеруші құрылымдарының кеңістікте өзара орналасуы (бойлық көлденең) және түйілісу (қиылысу) құрылымдық жүйелерінің нұсқаларын ғимараттардың құрылымдық сұлбалары деп атаймыз. Құрылымдық сұлбаларды ғимаратты жобалаудың бастапқы кезеңінде көлемдік жобалау шешімдеріне байланысты таңдалып алынады. Қаңқасыз ғимараттарды жобалағанда төмендегі құрылымдық сұлбалар қолданылады:

а) Аз қадамды көлденең көтеруші қабырғалар, ішкі көтеруші қабырғалар қиылысқан түрде орналасуы.

б) Көлденең көтеруші қабырғалар мен жекеленген бойлық көтеруші қабырғалардың 4,8-7,2 м-ге дейінгі қадам өлшемдері бойынша алмасып орналасуы.

в) Көлденең қабырғалардың үлкен қадамы бойынша сирек көлденең көтеруші қабырғалар және жекелеген көтеруші қатты қабырғалармен орналасуы.

г) Бойлық сыртқы көтеруші қабырғалар және ішкі көтеруші қабырғалар мен сирек орналасқан көлденең қабырғалар.

г) Бойлық сыртқы қабырғалар және сирек орналасқан көлденең диафрагмалармен орналасуы.

Қаңқалы ғимараттарда негізгі элементтерді жобалағанда төмендегі сұлбалар қолданылады:

а) Бойлай орналасқан беларқалы

б) Көлденең орналасқан беларқалы

в) Беларқасыз

10.Іргетастар және олардың құрылымдық сұлбалары.

Негіз деп ғимараттар мен имараттар салмағын кабылдайтын іргетас астындағы топырақ қабатын айтады. Негіз табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Жаратылыс қалыптастырған негіздік - табиғи негіз, ал әртүрлі тәсілдермен тығыздалған, бекітілген немесе топырақты жекелей алмастыру жолымен табиғи топырақтың қасиеттерін жасанды түрде өзгерту арқылы жақсартылған негіздік — жасанды негіз деп аталады.

Іргетас (фундамент) - ғимараттың және имараттың (неғізінен жерасты) бөліғі, олар жүктеменің ғимараттан (имараттан) табиғи немесе жасанды негізғе берілуін қамтамасыз етеді. Іргетастың жоғарғьі бөлігін іргетастың беті, ал жүктемені негізге беретін төменгі жазықтығын іргетастың табаны деп атайды. Әдеттегідей оның ең аз тереңдігі 500 мм кем болмау керек.

Іргетестар келесі түрлерге: таспалы іргетас, діңгекті іргетас, тұтасіргетас қадалы үшін қадалы дайындау іргетас болып бөлінеді. Іргетас дайындау үшін кесек тас, кесек тас қосылған бетон, ағаш, күйдірілген кірпіш, т.б. материаолдар қолданылады.

Таспалы іргетас – көтергіш қабырғалардың астында жолақтар (оның ішінде үзбелі) немесе айқас таспалар түріндегі орналасқан құралымдар (мысалы: өзін-өзі көтеретін қабырға астында орналасқан іргетас).

Таспалы іргетастың екі түрі болады: монолитті және құрама.

Монолтитті таспалы іргетасты жасау үшін біріншіден тарншеяға арматуралық каркасты орнатып, содан кейін онын үстіне бетон қуяды.

Ал құрама таспалы іргетасты жасаған кезінде темірбетон блоктарды бір бірімен цемент және арматуралумен бекітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]