- •Сәулет ұғымы. Ғимараттар мен имараттар классификациясы.
- •Ғимараттарға қойылатын талаптар.
- •Бірыңғайлық(типизация).Үлесім(унификация).Бірыңғай модульдік жүйе.
- •Ғимараттардың құрылымдық сұлбалары
- •Азаматтық ғимараттардың аражабын элементтері, жабын тақталары түрлері, жобалау өлшемдері
- •Аражабындардың және едендердің түрлері мен тағайындалуы.
- •Арақабырғалар,терезелер мен есіктер.
- •Баспалдақ.
- •9. Ғимараттардың құрылымдық сұлбалары
- •11. Таспалы іргетас.
- •12. Қадалы іргетас.
- •13. Діңгекті іргетас.
- •14. Шатыр. Итарқалық құрылым.
- •15. Итарқалық құрылымның элементтері.
- •17. Климаттық аудандар.
- •27. Тұрғын үй бөлмелерінің қызиеттік құрамы, олардың стандарттық өлшемдері.
- •30. Ғимараттарды жобалауға қойылатын негізгі талаптар.
- •31. Азаматтық ғимараттардың жіктелуі.
- •34. Шатыр жабынның қызметі және түрлері.
- •36. Шатыр құрылымының сұлбасы.
- •41. Қаңқасыз ғимараттардың құрылымдық сұлбалары.
- •42. Қаңқалы ғимараттардың құрылымдық сұлбалары.
- •43. Аражабындар және олардың түрлері.
- •46. Қабырғалардың түрлері және тағайындалуы.
Сәулет ұғымы. Ғимараттар мен имараттар классификациясы.
Сәулет дегеніміз – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беретін кешенді көркем өнер.
Ғимараттарға қойылатын талаптар.
Ғимараттың ұзақ мерзімге жарамдылық дәрежесіне қарай, ғимараттардың құрылым элементтерінің пайдалану қасиеттерін сақтау және сапасын жоғалтпауды айтады.
Ғимараттарды осы талап бойынша 4 дәрежеге бөледі:
1. пайдалану мерзімі 100 жылдан жоғары
2. пайдалану мерзімі 50-100 жыл
3. пайдалану мерзімі 20-50 жыл
4. пайдалану мерзімі 20 жылдан кем.
Бірыңғайлық(типизация).Үлесім(унификация).Бірыңғай модульдік жүйе.
Бірыңғайлық деп-ең жақсы техникалық және үнемділік жағынан жаппай құрылыста бірнеше рет қолдануға арналған кейбір құрылымдардың және ғимараттардың шешімінің талдауын әзірлеуін және қолданылуын айтады. Ғимараттарға арналған үлгілердің саны және құрама бөлшектердің көлемі шағын болу керек,өйткені үлкен көлемде біркелкі бұйымдарды дайындау және олардың монтажын жүргізу оңай. Ол құрылыстың бағасын төмендетуге және салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Үйлесім - көлемі және қалпы жағынан біртұтас типтік бөлшектердің көп нұсқаулық түрлерін шағын санды белгілі үлгілерге әкелу үдерісін айтады. Сонымен қатар, бөлшектердің және құрылымдардың көлемін қоса олардың негізгі қасиеттерін үйлестіреді.
Бірыңғай модульдік жүйе(БМЖ)
БМЖ-ғимараттардың құрылымдық элементтерінің және көлемді жоспарлы өлшемдерінің басты модульдік негіздегі жабдықтар мен құрама құрылымдардың өлшемдермен үйлесімділігін анықтайтын ережелер жиынтығы болып табылады. Негізгі модуль(М)-100мм қолданылады. Ал ірі элементтер үшін көлемді туынды М-дер 6000,3000,1500,600,300,200 мм белгіленуі сәйкесінше 60М,30М,15М,6М,3М,2М. Ұсақ элементтер үшін бөлшекті М-дер 30,2010,5,2,1мм сәйкесінше белгіленуі 1/2М,1/5М,1/10М,1/20М,1/50М,1/100М. М-дік жүйе өлшемдердің 3 түрін қарастырады: номиналдық,құрылымдық және табиғи (нақты) өлшемдер.
Номиналдық өлшем-координаттық осьтердің аралығы
Құрылымдық өлшем-бұйымның жобалық өлшемі
Табиғи-бұйымның нақты өлшемі
Ғимараттардың құрылымдық сұлбалары
Ғимараттардың тік көтеруші құрылымдарының кеңістікте өзара орналасуы (бойлық көлденең) және түйілісу (қиылысу) құрылымдық жүйелерінің нұсқаларын ғимараттың құрылымдық сұлбалары деп атайды. Құрылымдық сұлбаларды ғимаратты жобалаудың бастапқы кезеңінде көлемдік жобалау шешімдеріне байланысты таңдалып алынады. Қаңқасыз ғимараттарды жобалағанда төмендегі құрылымдық сұлбалар қолданылады:
а) Аз қадамды көлденең көтеруші қабырғалар, ішкі көтеруші қабырғалар қиылысқан түрде орналасуы.
б) Көлденең көтеруші қабырғалар мен жекеленген бойлық көтеруші қабырғалардың 4,8-7,2 м-ге дейінгі қадам өлшемдері бойынша алмасып орналасуы.
в) Көлденең қабырғалардың үлкен қадамы бойынша сирек көлденең көтеруші қабырғалар және жекелеген көтеруші қатты қабырғалармен орналасуы.
г) Бойлық сыртқы көтеруші қабырғалар және ішкі көтеруші қабырғалар мен сирек орналасқан көлденең қабырғалар.
г) Бойлық сыртқы қабырғалар және сирек орналасқан көлденең диафрагмалармен орналасуы.
Қаңқалы ғимараттарда негізгі элементтерді жобалағанда төмендегі сұлбалар қолданылады:
а) Бойлай орналасқан беларқалы
б) Көлденең орналасқан беларқалы
в) Беларқасыз
