Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІІК ШПОР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

1.Педагог позициясы және оның тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісіндегі специфмкасы.

2.Педагогтың өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу.

3.Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызметі.

1) педагог позициясыПедагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.Педагогтың әлеуметтік позициясыжалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияныда анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:1. Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.2. Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.3. Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол – диктатор.4. Егер ол осторожное уговариваниені пайдаланса, онда ол – кеңесші.5. Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – сұраушы.6. Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол – вдохновитель.2) педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуОқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге әйгілі ғұламалар Я.А.Коменский, Ж.Руссо, Песталоций, Дистервег, орыс ғалымдары К.Ушинский, Л.Толстой, А.Макаренко, В.Сорока-Росинский, В.Сухомлинский, т.б. “егер кез келген адам өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды” деген пікірді дәріптеген. Өйткені “оның тәрбиесімен басқа біреулердің шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады” деген пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.Өзін тәрбиелеуге ықпал ететін факторлар – қоғамның немесе көпшіліктің пікірі, сынды қабылдау және өзін сынға алу мүмкіндігі, ұжымдағы жағымды тыныс, жақын әлеуметтік орта, ұстазы, дос-жараны, ата-ана және басқалардың көмегі. Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде  адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және  материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау  құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына  оқитын әдебиеттер тізімі,  өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп  түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және  карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.3) Мектептегі басты тұлғалар – мұғалім және оқушы. Олардың сабақтағы, сабақтан тыс уақытта, бос уақытында қарым-қатынас жасау сипаты оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне әсер етеді және ол оқушы тұлғасын қалыптастырудың басты құралы болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және дамытудың көпқырлы үрдісі. Қарым-қатынас арқылы педагог оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастырады, олардың жұмысы мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті толғаныстарын тудырады, қиындықтарды жеңуде көмек береді, өз мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады. Қарым-қатынастың тиімділігі проблемасы соңғы уақытта ерекше өзектілікке ие. Бұл мәселеге психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Занков, А.А.Леонтьевтердің, педагогтар И.А.Зимняя, Я.Л.Коломенский, А.А.Реанның еңбектері арналған. Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас (әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық, кәсіби және т.б.) түрлерінен ерекшелігі - оның оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі. Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара әрекеттесу – бұл айсбергтің суүсті және суасты бөліктері сияқты. Суүсті бөлігі – бұл сөздік және сөздік емес әрекеттер қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезімдерді енгізуге болады. Педагогикалық қарым-қатынас – бұл ерекше қарым-қатынас, оның спецификасы осы қарым-қатынас субъектілерінің түрлі әлеуметтік-рольдік және қызметтік позицияларымен белгіленеді. Педагогикалық қарым-қатынас спецификасын оның өзара байланысқан екі жақты қыры да белгілейді. Бір жағынан, қарым-қатынас – бұл оқушылармен қарым-қатынастағы педагогикалық шығармашылық. Екінші жағынан, бұл педагогикалық шығармашылық үрдісіндегі балалармен қарым-қатынас. Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен тәрбиеленушілердің әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесуінің жүйесі (дағды мен тәсілдері). Оның мазмұны – ақпаратпен алмасу, тәрбиелік ықпал жасау, коммуникация құралдары көмегімен қарым-қатынасты ұйымдастыру.

25- БИЛЕТ