- •Жаңа педагогикалық технологиядан тест сұрақтары
- •112.Б.Т.Лихачев ұсынған «технология» ұғымына анықтамасын көрсетіңіз.
- •113.Педагогикалық технологияларда кездесетін негізгі философиялық бағыттардың бірін атаңыз.
- •115.Педагогикалық технологиялар классификациясының топтамасын жасаған ғалымдарды атаңыз.
- •119.Зерттеушілік оқыту идеясы қайда және қашан дамыды?
- •130.Модульдік технология дегеніміз не?
119.Зерттеушілік оқыту идеясы қайда және қашан дамыды?
А) 19ғ.аяғы мен 20ғ. басында Европа мен АҚШ-та;
В) 18ғ.аяғы мен 19ғ.басында АҚШ-та;
С) 19ғ.басында және 20ғ.басында Германияда және АҚШ-та;
Д) 17ғ. аяғы мен 18ғ.басында АҚШ-та және Европада;
Е) 19ғ.басы мен аяғында Ресейде және АҚШ-та;
120.Оқытудың зерттеушілік идеясын дамытуды, жүзеге асыруды және насихаттауды қолға алған америкалық философ.
А) Н.Венцель;
В) Джон Дьюи;
С) Элен Кей;
Д) Ж.Ж.Руссо;
Е) М.Монтессори;
121.Зерттеу қабілеті жүйесінің моделін көрсетіңіз.
А) зерттеу белсенділігі, ойлау белсенділігі, ізденіс белсенділігі;
В) ойлау деңгейі, субъективтік ойлау, конвергентті ойлау белсенділігі;
С) ізденіс белсенділігі, дивергентті ойлау деңгейі, конвергентті ойлау деңгейі;
Д) белсенділік, ізденіс белсенділігі, зерттеу қабілеті;
Е) оқу әрекеті, зерттеу объектісі, зерттеу объектісі;
122.Савенков әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін неше қағидасы бар?
А) 3;
В) 4;
С) 5;
Д) 6;
Е) 7;
123.Зерттеушілік оқыту технологиясының құрылымдық-мазмұндық моделін көрсетіңіз.
А) Тұжырымдамалық, мазмұндық, процессуалдық;
В) Мақсаттылық, мазмұндық, іс-әрекеттік, жобалық;
С) Тұжырымдамалық, практикалық, мазмұндық;
Д) Мазмұндық, процессуалдық, жобалық, рефлексия;
Е) барлығы дұрыс;
124.Зерттеу қабілеттерін өңдейтін қағидаларды көрсетіңіз.
А) Зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру қағидасы;
В) Пәнаралық байланыс қағидасы;
С) Тренингтерге сүйену қағидасы;
Д) инпровизация қағидасы;
Е) барлығы дұрыс;
125.Зерттеу қабілеті моделі қай ғалымның оқушының зерттеу қабілетін дамытуға арналған әдістемелік құралдарына сүйене отырып талдады?
А) Вид Декроли;
В) А.И.Савенков;
С) Мария Монтессори;
Д) А.В.Лай;
Е) Л.Д.Филоненко;
126.Зерттеушілік әдебі ұғымының мағынасы қандай?
А) өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту;
В) өзін-өзі үйрету, өзі-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту;
С) өзін-өзі үйрету, өз ісін жоспарлау, өзін-өзі тәрбиелеу;
Д) өзін-өзі үйрету, өзін-өзі тәрбиелеу, өз ісін жоспарлау;
Е) өз пікірін айту, өз-өзін тәрбиелеу, өзін-қзі тәрбиелеу;
127.Оқу нәтижелері ретіндегі құзіреттіліктер тізімін табыңыз?
А) құндылық-бағдарлы, мәдени;
В) оқу-танымдық, коммуникативтік;
С) коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шеше білу;
Д) әлеуметтік-еңбек, тұлғалық;
Е) құндылық-бағдарлы, мәдени, тұлғалық;
128.Зерттеушілік оқыту технологиясының жеке тұлға бойындағы көрінетін нәтижесі.
А) құзіреттілік;
В) білім, білік, дағды;
С) ақпараттық, проблемалық;
Д) іс-әрекет;
Е) барлығы дұрыс;
129.Модуль дегеніміз :
А) Тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.
В) Сабақ жоспары мен кестелерін құру, реттеу.
С) Өз қызметіне, балаларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық оқу орындарында алынған терең, жан-жақты білім, іскерлік, дағды қоры.
Д) Білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.
Е) Оқушы тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілген құрметтің бірлігі.
