- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
29. Жанр туралы түсінік.
Әдебиет яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш салаға жіктеледі. Бұлар әдеби жанрлар мен түрлердің тегі деп те аталады және олардың әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық түрлерге бөлінеді. Бөлінгенімен, ішкі байланыстарын үзбей, бояулары бір-біріне кіріксе де, өздеріне тән ерекшеліктерін сақтап қалады. Эпос, лирика, драма көп жағдайда жанр ұғымымен мәндес. Ал, жанр – әдебиеттану ғылымында өзекті мәселелердің бірі. Академик Зейнолла Қабдолов жанр табиғаты, оның күрделі сипаты жөнінде мынандай пікір айтқан: «Сөз жоқ, кез-келген әдеби шығарманың жанрлық сипаты, өзгешелігі бар, оны анықтау шарт. Алайда, бұл – аз. Бұдан бұрын, кез-келген әдеби шығарманың жанрлық сипаты һәм сымбат алғанға дейінгі табиғи туу процесі, заңды жаралу тарихы бар. Мұны ескермеске болмайды» [1, 285б.]. Ал, жанр - өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы «ән», «күй», «романс», «симфония», т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде «натюрморт», «пейзаж», «портрет» сияқты жанрлар болса, әдебиетте «айтыс», «жыр», «әңгіме», «роман», «эпопея», т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр - әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. «Жанр» сөзі француз тілінде «тек» ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен.
Үш текті әдебиет жанрларының бірі - лирика, адамның көңіл-күйін шертеді. Бұл жанрда «ақын адамның ішкі ғаламы мен тысқы ғаламы түйіседі». Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт еткен сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика. Лирикалық кейіпкер - жүрегін от сезімге ораған ой адамының бейнесі. Лирикалық өлеңдегі сұрапыл тебіреніс, толғаныстар, қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой көзді сезім. Абай: «Өмірде ойға түсіп кем-кетігің, Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің» десе, бұл - лирик ақын бейнесі. Лирикалық жанр түрлері қазақ ауыз әдебиетінде терме, толғау нысанында қалыптасты. Әлемдік әдебиетте ертеден өріс алған элегия (мұңды өлең), ода (мадақ өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет сыршыл, композициясы белгілі нормамен жазылатын өлең секілді түрлері қазақ поэзиясында берік орын тепті. Саяси-әлеумметтік лирика түрлері де дамыды. Тақырыбы мәңгілік саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның қай-қайсысымен де иық теңестіретін шығармалар тудырды. Зәки Ахметовтің мына бір пікірі біздің пікірімізді түйіндей түспек: «Жанрларды, жанрлық түрлерді бір-бірінен ажыратып, бөлекше сипаттарын айқындай отырып, олардың арасындағы айрым, шек шартты нәрсе екенін де, басқаша айтсақ, олардың бірімен-бірі жалғас келетін тұстары да болатынын есте сақтау керек...»
