- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
Бір жай ақиқат – кез-келген үлкен қаламгер творчествосы жайында ол зерттеліп аяқталған деген пікір дұрыс болмайды. Творчестволық еңбек көп қабатты, көп қатпарлы дүние. Әр ұрпақ жазушы қалдырған әдеби мұраны әр қырынан келіп ашады. Әдебиетшілер айтатын «әр ұрпақтың өз Пушкині, әр ұрпақтың өз Абайы бар» деген пікір де осы жайдан туындаған. Белгілі бір уақытта зерттеліп бітер болса, ол шын жазушы емес, ал оның жазғаны шынайы көркем шығарма болмағаны. Міне, осы жайдан келіп, табиғи талантты жазушы қаламынан туған, шынайы көркем творчестволық әлемді күн өткен сайын қайта оралып келіп, қайта қарап, бұл саладағы жетістікті айтып, кемшілікті көрсетіп, ашылмаған қабаттарын ашып, айтылмаған ойларды айту әрбір кезең әдебиетшілері міндетіне айналады. Бұл – заңдылық.
Қаламгер Сәбит Мұқанов мұрасына да осы заңдылық тұрғысынан келуіміз керек. Сәбит Мұқанов – өндіріп көп жазған, соңына мол мұра қалдырған жазушы. Мол мұра жайында аз жазылған жоқ. Сөйте тұра Сәбит Мұқановтың көзі тірісінде жазылған зерттеу еңбектерінің біршамасы біртекті, бірсарынды екенін де айту парыз. Атап айтқанда, ол зерттеулердің біразы тап пен тақырып төңірегінде. Үлкен қазақ жазушысы жайындағы зерттеулер әлі күнге жалпылама келеді. «Ботакөз», «Мөлдір махаббат» секілді бірді-екілі шығармалары ғана болмаса, көп туындылары жазылу, жаратылу, тарих-тағдыры тұрғысынан зерттелмеген. Сондай зерттелмеген туындының бірі – «Балуан Шолақ». Тереңдік пен көркемдікті көлемге қарап өлшеген кеңестік дәуірде «Балуан Шолақ» туындысы елене қоймады. Оның үстіне бұл шығарма кезінде Кенесары Қасымұлы жайындағы тарихи шындыққа негізделген эпизодтары үшін біраз уақыт қолданыстан алынып қалған. Бірсыпыра уақыт тыйым салынған шығарма әдеби сында да көп әңгіме болмаған.
Қазақ әдебиетінде отызыншы жылдары Ахмет Байтұрсынов теориялық еңбек жазып, Смағұл Сәдуақасов «Сіз қалай жазасыз?» деген бағытта анкета жүргізгені бар. Осы алғашқы нышандар – творчестволық шеберханаға ену жолындағы алғашқы талпыныстар болатын. Көркем шығарманың жазылу тарихының қазақ әдебиеттану ғылымында зерттелу жайына тоқталсақ, бұл мәселе жетпісінші жылдардың басынан дұрыстап қолға алына бастады. С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» былай жазылды», М. Әуезовтің «Мен «Абай» және «Абай жолы» романдарын қалай жаздым?», Л.М. Әуезованың «Исторические основы эпопеи «Путь Абая» атты зерттеу еңбегі, Х.Есенжановтың «Ақжайық» романының жазылу тарихынан» деген мақалаларынан көркем шығарманың жазылу тарихын ашуға жазушылардың жетекші болғаны байқалады.
Көркем шығарманың жазылу тарихының зерттелуі – төл әдебиеттану ғылымымыздағы әлі де болса жас сала. Жеке шығарманың жазылу тарихын зерттеу шетел әдебиетінде, әсіресе орыс әдебиеттану ғылымында ертеден бар. Бұл саладағы алғашқы ғылыми еңбек – Н.Г. Пиксановтың «Ақылдан қайғы» туындысының шығармашылық тарихы» атты зерттеуі (1928).
Белгілі бір шығарманы жазылу тарихын зерттеу, бір жазушының творчестволық лабораториясын жалпылай алып зерттеу, жалпы көркем шығармашылық психологиясын зерттеу секілді үш бұтақ бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Әдеби шығармашылық – жазушының өмір тарихымен ұштасып жатқан процесс. Бала жасынан эпос жаттап өскен жазушының есте сақтау қабілеті ерекше болған. С.Мұқанов болашақ туындыларының кейіпкері Балуан Шолақпен 1913 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Марьевка деген жерде кездеседі. Осы кездесуден соң әнін тыңдап, өнерін қызықтаған бала Сәбиттің бойында өнерге деген құштарлық туады. С. Мұқанов «Балуан Шолақ» туындысына түрткі болар әсерді көбіне бала кезден санасында сақталған естеліктер негізінде тапқан. Балуан Шолақ – болашақ жазушы көңілінде айырықша әсер қалдырған түлға. Өмірлік материалдың негізгі көзі – жазушының жеке өмірбаяны. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың жас шағында санасында қалған Кавказ және Севастопольдік әсерлерінің, алған мәліметтерінің бай болғаны соншама, басқа шығармаларын былай қойғанда, бір ғана «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясына толық жеткен екен. Мемуарлық шығарма «Өмір мектебінде» халық әні мен енеріне сусындап өскен бала Сәбит бейнеленеді. С.Мұқанов жас шағынан Арқаның атақты өнер иелерімен жүздескен. Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілер өнерін тамашалаған. Мемуарда баяндалған өмірбаяндық мәліметтердің деректік маңызы бар. Жазушы Балуан Шолақ бейнесін былай суреттейді: «... Кескіні бірсыдырғы көркем екен, имектеу зор мүрынды, қалың қабақты, қою қасты, үлкен қара көзді, ат жақты, қою, үзын қара мұртты, дөңгелектеу қою қара сақалды... Ерекше көзге түсетін киім-кешегі екен: сыртына желбегей салған ақ ботаның түбітінен тоқыған шекпен, астары батсайы, өңіріне жалпақтығы төрт елі қып құндыз үстаған, басында батсайымен тыстаған ақ бүйра тымақ, ішкі қара барқыт камзолының беліне жалпақ қып-қызыл жібек белбеу байлаған... Бұл сияқты киінген кісіні мен өмірде көрген емен» [1,233]. Жеке тұлғаның рухани, адамгершілік әлемі, гуманистік-эстетикалық мәселелер – жалпы адамзаттық мәңгілік проблемалар. Классик жазушы А.М. Горький былай деп жазады: «Көркем шығарма өмір шындығынан туады. Бірақ тіршілік бетінде шашырап жатқан құбылыс өздігінен тізіліп бас құрамайды. Әдебиеттің қадірлі мүлкі саналатын туындылар өмір байланыстарын жан-жақты зерттеудің, жеке адамдар тағдырын үлкен қоғамдық даму заңцылықтарымен ұштастырудың нәтижесінде ғана пайда болады. Бұл мәселенің сыртқы, обьективті жағы болса, болмыстық факторларын біріктіріп, оларға қан жүргізетін, ерекше қуаттандыратын нәрсе – суреткердің өз басын қатты толқытқан аңсар, идея. Көркем туынды суреткер белгілі бір идеялармен жалындап, көкірегіне ұялаған сырын айтпауға болмайтындай халге жеткенде ғана жазылуға тиіс» [2, 228].
«Балуан Шолақ» (1942 жылы жарық көрген) – тарихи тұлғаның өмірі қазақ халқының тіршілігімен сабақтастырыла суреттелген туынды. Тарихи және көркемдік шындық арасындағы ара қатынасты ескере отырып тарихи тұлғадан қаһарман бейнесін сомдау – әдеби процестегі ежелгі дәстүр. Көркем шығарманың негізгі арқауы – қазақтың XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басында өмір сүрген асқақ әншісі, ақыны, балуаны, өнерпазы Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмір жолы. Жинақтап айтсақ, Балуан Шолақ ғұмырнамасы Сәбит Мұқанов ойына тақырып ретінде өмірдің өзінен келген. Ал, тақырыпты көркем шығармаға айналдырып жазу жолында жазушы көптеген материалдар пайдаланған. Көркем шығарманың жаратылысына қарап отырып оны біз: 1) өзі көзбен көрген жайлар, 2) ел аузындағы естеліктер, 3) архивтік деректер, 4) әнші-ақынның өлеңдеріндегі, әндеріндегі психологиялық сәттерге бойлау деп төрт салаға жүйелей айтамыз. «Балуан Шолақ» – әлеуметтік астарлы шығарма. Балуан Шолақ өміріне қатысты оқиға деректерін суреттей отырып, сол дәуірдегі қоғамдық жағдайлардың шындығын ашқан.
