- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
Композициялық жоспар:
Басталуы: Еңсептің сыртқа шығып айналаға қарап тұруы.
Байланысы: Өткен Байсал бай Еңсепке құдық қазып бер деп қолқа салып, оның келісуі
Дамуы: Еңсептің кесіліп жатқан тастарды көріп шығып, жанына отырып шақшасын атуы
Шиленісуі: Еңсептің шыңыраудың түбіне түсіп қайта көтерілуі. Еңсептің үрейленуі. Жер бетіндегі өмірін елестетуі.
Шарықтау шегі: Еңсептің қткенді ойлауы. Судың сылдыры естілуі. Кенет біреудің алақанының маңдайынан сипап өтуі. Ол кірпіктерін ашып бір рет айқайлауға мұршасының келуі.
Соңы: Жігіттердің айқайлауы. Еңсептің сол бойы жоқ болуы. Құдықтың Еңсеп қазған емес, Еңсеп өлген құдық деп аталуы.
Тақырыбы: Қолда барға қанағат қылу.
Идеясы: Мансап қуудың соңы жақсылыққа апармайды дегенді үндейді жазушы. Еңсеп елде жоқ терең құдық қазып елде атын қалдыруды ойлағанмен соңында сол шыңыраудан шыға алмай қаза болып, Еңсеп өлген құдық деп атанып кетеді.
17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеру керек. Чернышевский сөз өнерінің «шын мазмұны – тек адам өмірі» дейді. М.Горький өзінің «Кәсіп туралы кеңесінде » көркем әдебиетті «адамтану» деп атайды. Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арақауы ғана емес, өмірді танудың өзгеше тәсілі деуге болады. Демек, әдебиеттің предметі – адам дегенде, әңгіме дайын әдеби қаһарман жөінде емес, қалмгердің сол қаһарманды жасау үстіндегі барлық творчестволық әрекеті туралы болуға тиіс. Қаламгерге көркем шығарма туғызу үшін бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару, тірі құжаттарды зертеу. Мыс. Ғ.Мұстафин «Шығанақ» романы, немесе М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеяы. Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты - ойдан шығару. Ойдан шығару - образға барар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың , жинақтаудың тәсілі. Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Яғни шығармада суреттелер шындықты сұрыптау тәсілі, адам тұлғасын әрә жинақтау, әрі даралау тәсілі.
19. Образдың жасалу тәсілдері
Образдың қазақшасы – көркем бейне. Ең қарпайым мағынасы образ – суретті сөз. Мыс: А.Құнанбаев «Қыс», я болмаса,
Күлімсіреп аспан тұр
Жерге ойлантып әр нені. (Абай)
Осы жолдарда жансыз табиғат емес, кәдімгідей, қимыл құбылыс елестеп кетеді. Осының бәрін көзбен көріп, сезінетін секілдіміз. (ауызша). Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. Әр сөздің түп-төркіні – зат, сурет, образ. Әдебиетті адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік матеиралды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау жайлы әр түрлі пікірлер бар. Жинақтау деген - әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы пікірлер тіпті қым-қиғаш.
Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы қисын емес, тіріә мүсін прототип. Типтік тұлғасын жинақтау, көркем бейнені даралау процесі, міне,осылай басталады. Жинақтау үшін суреткерге, бәрінен бұрын, көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалды сұрыптап, саралап пайдалану үші талғампаздық. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқлы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітім, тұлғасын қалыптастырумен бірге оның ішкі мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлға тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық ұлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мыс: Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» романын жазу үстінде бар күшін кейіпкерлерінің біріне-бірі ұқсамау жағын қадағалауға жұмасағанын айтады.
Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Образ – эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті. «Талантты жазушының әр образы тип» дейді Белинский. Типтің түрі мен мазмұнында «жалпы» мен «жалқының» бірлігі жатыр. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың , бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшліктерінен құралады да, тип болады. Мысалыға Құнанбайды алып қарасақ, бүкіл ішкі сыртқы бітімі ешкімге ұқсамайды, әбден дараланған, мінез құлқы, іс-әректі, ақыл-парасаты бірегей, бөлек. Бұнда Құнанбайдың жалқы – тұлға. Сонымен бірге, ол әбден жинақталған, сол дәуірдегі өмір кешкен бай-шонжарлардың бәріне ортақ әрекет бар. Бұл жерде Құнанбай – жалпы, өз ортасының жиынтығы. Көркем әдебиеттегі типтік образдарға қарап отырып белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі қоғамдық дамудың негізін байқауға болады. Мыс, М.Әуезов Абай бейнсі арқылы қазақ қоғамындығы жаңалықты, ұнамды қасиеттердің бір алуанын байқауға болады. Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мінездеу тура жәнежанама мінездеу.
18.Көркем образдың тек және түр тұрғысынан жіктелуі
20.Лирикалық образды талдау
21.Драмалық образды талдау
22.Эпикалық образды талдау
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тәсілдік, текттік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық, лирикалық, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсіліне қарай образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық образ т.б. бөлінеді.
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, мифте, қала берсе, қай қай халықтың болса да, ауыз әдебиетінде жатыр. Романтикалық образ өмірдегі болған немес бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Мыс. Сонау желаяқ пен көреген, Саққұлақ пен таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асан Қайғыға дейін, одан Алпамыс, Қобыланды, Тарғын, Қамбарға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады.
Реалистік образ - әдебиетегі адам бейнесінің ең шынайы түрі. Бұл – кәдімгі өмірде болған бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Реалистік образ – нанымды образ. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды. Реалистік образ – типтік образ. Өйткені, өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және творчестволық қиялға суырылып шығарылған.
Әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан үш түрге бөлінеді.
Эпикалық образ – кескін кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диаллог пен монолог, түрліше сезімдер мен харекеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдері әсіресеэпикалық образ үшін керек.
Лирикалық образ – сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдардағыдайадамның сыртқы кескін-кейпі де, қым-қуат шиеленісіп жатқан тағдыры немес іс-әрекеті мен қимыл-харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терен әрі нәзік ашылатып ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады. Ғажап қалғандай ештеңе де жоқ, сыршыл өлеңдердегі лирикалық образ атам заманнан бүгінге дейін тек қана осы жолмен, ақынның өз көкірегінде көлдей шалқыған сан иірім сұлу сыр мен сезім арқылы ғана жасалып келе жатыр. Ақынның субъективті көңіл күйінен туған лирикалық образдың объективті өмірден жинақтала һәм даралана жасалған эпикалық образдан айырмасы да дәл осы арада деп білген жөн.
Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахынада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Бір кемшілігі эпикалық, лирикалық образдар сияқты ұзақ өмір сүре алмайды, көрген адам санасында тек әсері мен елесі ғана қалады. Алайда драмалық образ, кәдімгі жылатып, қуантып, не жек көргізіп тікелей ықпал жасап, тебірентеді. Бұл жағынан алғанда драмалық образдың эстетикалық және тәрбиелік мәні орасан үлкен әрі күшті. Әрине, бұл — сахнада психологиялық ой образын жасауға болмайды деген байлау емес. Қандай да болмасын, парасат пен ойсыз, сыр мен сезімсіз образ жасау мүмкін емес. Бірақ, бұл сахнадағы шешуші нәрсе қимыл-әрекет, тартыс пен қақтығыс екенін де жоққа шығармаса керек. Қаншама ойшыл адамның драмалық образын жасамақ болсаңыз да, бәрі бір, оны сахнаға жетелеп әкеліп, үш сағат бойы үн-түнсіз, қимыл-қозғалыссыз ойлантып қоя алмайсыз. Ондай жым-жырт “ойшылға” театр көруші жұрт үш сағат түгіл үш минут та шыдап отырмайды. Демек, драмалық образ оймен қатар іске, сезіммен бірге қимылға құрылады. Образдың жасалу тәсіліне қарай геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар, тюморлық және сатиралық түрлері жасалады.
Юморлық образ – күлкілі кейіпкер; юмор өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса – ирония, келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе – сарказм болғаны.
Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына-көрініске шығарады, қағып-сілкілейді, мысқылмен түйрейді. Сықақ етеді, көпті одан түңілтеді. Сатираның юмормен бірлігі – мұнда юмордағы кеселді күлкі болады, бірақ бұл күлкі жай әзіл, ажуа емес, ызалы күлкі мазақ, сықақ, мысқыл, кескін, мұндағы күлкі кекті күлкі.
Трагедиялық образдарда әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, адам жеңіп болмас ауыр азапты жайларды әдебишығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедия қатерлі қайғылы, қаза түрінде көрініп, таргедиялық қаһарманның тағдыры өліммен аяқталып отырады.
Геройлық образ – ұнамды кейіпкер; адамға тән небір тамаша сипаттардың жинағы секілді сом тұлға, өз дәуіріңнің ең аяулы, асыл мұратынан туған тарихи тип. Геройлықтың қайнар көзі көп және әр алуан: әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрес, туған жерді қорғау, халқының азаттығы жолындағы күрес, адамгершілік ардың тазалығы үшін тартыс, әділдік пен адалдық, махаббат пен достық жолындағы характерлер. Сөз өнеріндегі геройлық дегеннің орасан тәрбиелік мәні де осында жатыр.
