- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
Мазмұн, белгілі бір форма арқылы көрінсе, форма белгілі бір мазмұнды айқындайды, яғни форма мазмұнды жарыққа шығарады, оны жұртшылыққа түсінікті айқын етіп жеткізеді. Сонымен әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеясының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмірде, пішіні – осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни әдеби қаһармандар өмірі. Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кезкелген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін бір-бірімен тығыз бірлікте. Мазмұнсыз пішін, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің сыртқы қасиеті, осының ішкі қасиеті, анықтамасы, ол пішін.
Ал, енді әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не? Әдебиеттің объектісі - өмір, предметі – адам, өмір шындығы, дама тағдыры екені белгілі. Мыс, «Ботагөз» романның мазмұны кәдімгі ақиқат өірдгі болған шындық – Қазан төңкерісінің арасында қазақ даласындағы ұлт азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Кеңесөкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні – С.Мұқанов романында жинақталған әдеби қаһармандардың Асқардың, Ботагөздің, Амантайдың, Итбайдың т.б-лардың қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы тіршілігі. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатынасқанын, қазақтардың төңкеріске қалайша келгенін, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай келгенін, ақыр аяғында жаңа өмірге қалай келгенін аңғарамыз. Саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп кеткенін көреміз. Дәл осы арада әдеби шығармадағы мазмұнның пішінге көшуін көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін шығарманың мазмұнын толық ашып тұр.
Сонымен әдебиттегі мазмұн мен пішінді қорытсақ, шығараның мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына , тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы суретті сөзі, яғни көркм шығарманың тілі.
7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
«Тақырып» мәселесі әдебиет теориясында 20-30 жылдарды көтеріле бастады. Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Көркем шығарманың туу процесі тақырыптан басталады. Суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал тақырып табу – бір күннің әрекеті емес, творчестволық процестің (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған мат-да жазу) барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Сонымен жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап, өзінің көркем шығармасына негіз арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын, көзқарасын білдіреді. Сонда, тақырып-жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы деуге болады. Тақырып пен идея әр қашан бірлікте болады. Бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы шарт емес. Проза мен поэзияның шағын түрлерінде, солай болуы мүмкін. Ал көлемді шығармаларда бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады. Мыс, «Абай жолын» алып қарайық. «Қайтқанда» тарауында шәкірттің қаладан қайтқан сағынышы, тақырыбы (туған жер), өз идеясы (сағыныш) бар. Көлқайнарлардағы аналарының құшағында тақырып «ана» да, идея –мейірім. Әке қасына баруы, үй іші көңлсіз, ызғар салқын Бұл эпизодтағы тақырып әке де, идея – қаталдық.
Алайда көркем шығармадағы тақырыптар иен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекерлі бірлік болады. Ол бірлік – идеялық бірлік. Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен –бірі ұштасып, бір арнаға құяды. Сонымен, бір шығармадағы бірнеше әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамаен өрбітіп тұрған өзекті мәселені негізгі идея дейміз.
Бірнеше суреткер бір тақырыпқа жазса да, идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, өзінше тың идея туғызуы қажет. Мәселен, С.Мұқановтың «Ботагөзі», Х.Есенжановтың «Ақ жайығы», Ә.Нұрпейсов «Қан мен тер» - бәрі бір тақырып – революсиялық тақырыпқа жазылған. Әр романның өз идеясы, әр жазушының мәнері бар. Бұл арада бір тақырыптан бірнеше идея туып тұр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан ашып, мазмұн мен пішін бере білу қажет.
И.Виноградов «тақырыпты» алғаш «ішкі» және «сыртқы тақырып», – деп екіге бөлді. Оның түсіндіруінше: «Сыртқы тақырып» дегеніміз – шығармада бейнеленген белгілі бір көріністердің (объектілердің) әр түрлі нақтылықпен сипатталған жалпы нұсқасы. Ал «Ішкі тақырып» дегеніміз – сол көріністің ерекше бейнеленген тұстары».
Тақырып термині екі түрлімағынада қолданылады: шығармада берілген өмірлік материалдар; Шығармада көтерілген негізгі мәселе. Тақырып табу жазушының күллі қаламгерлік қимылының бойында жататын твор. Процестің бәріне ортақ жұмыс. Творчестволық жұмыстың төрт кезеңі бар (ой түрткі, жиналған мат.өңдеу, жазу, материалды жинақтау). Тақырып осы кезеңдер бойында тұтас бір желі тартып жатады. Тақырып – шығарма жазуда автордың ой ниеті жағынан алғанда болашақ туындыға арқау болатын мәселе, қамтылатын жағдай. Яғни шығармада бейнеленген өмірлік материал, суреттелген жайлардың маңызды мәселе дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы.
Идея түрлері: негізгі идея бір шығармадағы әртүрлі идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған өзекті мәселе; авторлық идея қаламгердің әуелбастағы ойөзегі; объективті идея нақты шығармада туатын мақсатты нәтиде.
10. Сюжет және фабула. Сюжеттің түрлері.
11. Сюжеттің даму сатылары, сюжет композициясы. Сюжеттің элементтері. Сюжеттен тыс элементтер.
12. Сюжет құру мәселесі
13. Көркем шығарманың композициясы, басты компоненттері. Композиция жайлы түсініктің әр түрлілігі.
14. Композиция мен сюжеттің байланысы.
Сюжет (француз сөзі зат) – көркем шығармадағы оқиғалардың және кейіпкерлердің ойы мен жан толқыныстарының қозғалысы. Фабула – бұл Аристотель заманынан мәлім, латын сөзі (әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру) деген мағынаны береді. Көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Фабуланы Аристотельше шығармада болған жайттарды жымдастыру десек, Лессингше «Шығарманың табанында тұтасып жатқан арқау» ал, Гегельше «Шығарманың негізі және жаны», Островскийше «Болған жайтты ешқандай бояусыз тұжырып айтып беру», Кайзерше «Болған оқиғаны ықшамдап схемаға түсіру». Қалай десек те, фабула – фабула да, сюжет – сюжет. Бұл екеуін шатастыру қандай ыңғайсыз болса, екеуін қатар алу да сондай ыіғайсыз. Кез-келген оқиғада фабула бар ал, кез-келген оқиға көркем шығарма емес, әркім ауызша айтатын аңыз немесе ауызекі әңгімеде фабула бар. Ал ауызекі әңгіме көркем шығарма емес. Мысалы: «Шұғаның белгісінде» егер фабула Әбдрахманның өзара қарым қатысына, олардың жан-дүниесіне, сезімдеріне, күрес тартыстарына, әдеби қаһарман, типтік тұлға ретіндегі өсу тарихына тереңдеп кетеді. Сонда сюжет дегеніміз – жекелеген қимыл ғана емес, жүйелі әрекет, желілі өқиға болып шығады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар өмірлік тартыстар желі тартып жатуы соған байланысты.
Сюжеттің өрбу кезеңдері: Сюжеттің басталуы (лат. Экспозиция – дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Сюжеттік байланыс (орысша завязка) – адамдар арасындағы әрекеттердің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға шиеленістерге байланысты. Шарықтау шегі (лат. шың) – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы: адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалыфқ тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетінің шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарға үкімі, адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың , күрделі күрестің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақрығы хал-күйі; күллі құбылыс көріністердің соңғы сахынасы.
Композицияның құрамына сюжеттің кезең-кезеңдері ғана емес, сюжетте тыс нәрселер де кіреді. Бірі, пролог (грекше алғы сөз) – көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі. Пролог кейде негізгі сюжетке дейінгі бірнеше оқиға баяндалады. Кейдебас кейіпкердің өткен өмірінен бірер көрініс беріледі, кейде автордың ой өзегінен аздаған сыр айтылады. Енді, бір нәрсе – эпилог (грекше соңғы сөз) – көркем шығарманы қорытудың бір түрі. Тартыс аяқталып, өзекті оқиғалар біткеннен соң, сюжеттік шешімнен кейін келіп, басты қаһармандардың одан арғы хал-күйінен қысқаша мәлімет береді де, сол арқылы автордың негізгі идеясын толықтыра, кейде тіпті тереңдете түседі.
Көркем шығ. Сюжет үш түрлі қызмет атқарады: кейіпкердің өзара қарым қатынасын, характерін өзіндік қалыптасу кезеңін, қасиетін түсінуге көмектеседі; сюжетте авторлық бағыт айқындалады, оқиғаға көзқарас байқалады; өзекті деген тартысқа назар аударылады.
Сюжет құру шығармадағы әрекеттің бір кезеңі, яғни өмірлік материалды өңдеу нәтижесінде п.б. көркемдік шыңдық; сюжеттің композициясы сюжеттің құрамдас бөлшектерінің өзара байланысы, оқиғаның баяндалу тәртібі; сюжет пен характер сюжет характердің өсу, өзгеру тарихы болып табылады. Сюжет пен характер байланысын екі тұрғыдан қарастыруға болады: кейіпкер әекеті арқылы оның қандайда бір қасиеті ашылады және характердің қасиеті белгілі бір негіз болады. Сюжет пен тартыс көркем шығармада тартыстың мынадай түрлері бар: қоғамдық саяси әлеу.қақтығыстар, уақыт талабы мен характер арасындағы, кейіпкердің жан дүниесіндегі психологиялық тартыс.
Композиция көркем шығарманың құрылысы. Эпикалық шығармаларда комп.туралы сөз қозғағанда сюжет пен фабуланың арақатынасына негізделген омпозицияның бірнеше түрін ажыратуға болады: сатылы к, жарыспалы к, шеңберлі к, инверсиялық к (сюжеттер орны ауысып келеді), новеллалық к (маңызды оқиға шығ.өң бойында айтылмай соңында айтылады), аралас к.
Композициялық тәсілдер: қайталау, қарама қарсы қою, монтаж,ретроспекция (кейін шегіну). Шығарманың композициясында кейіпкер портреті, диалог, монолог, интерьер, пейзаж, баяндаулар қиысып тұру керек.
