- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар — көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, Әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі Әдеби байланыстың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Әдеби байланыс жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі Әдеби байланысқа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Әдеби байланысты зерттейтін арнаулы саласы — салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты (қ. Салыстырмалы-тарихи әдебиеттану). Бұл мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсерін, ықпалын тарихи-әдеби процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды (қ. Поэтика). Ресейде А. Н. Веселовский, В. М. Жирмунский, М. П. Алексеев, Н. И. Конрад еңбектерінде бұл құбылыс жан-жақты талданды. Ә. б. соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымының да назар аударған, арнайы зерттей бастаған саласы. Қазақ әдебиетінің басқа әлем халықтары әдебиеттерімен өзара байланыс жасау процесінің кезеңдері, өзгешеліктері бар. Мыс.: адамзат өркениетінің дамуына мол үлес қосқан Әбу Наср әл-Фараби Батыс пен Шығысты жалғастыра білді. Ол көптеген шығыс халықтарына ортақ қазына қалдырды. Қазақ әдебиеті көршілес шығыс, туысқан түркі халықтарының мәдениетімен, әдебиетімен ежелден жақын, тығыз байланыста болды. Қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, Әзірбайжан, татар халықтарының ортақ ежелгі жазба ескерткіштері соның айғағы. Шығыстың классикалық поэзиясы, оның ірі өкілдері Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям туындылары, араб халқының “Мың бір түн”, үнді елінің “Махабхарата”, “Рамаяна”, әсіресе “Қалила мен Димна”, “Тотынама” сияқты әлемге әйгілі үлгілерінің кейбір тараулары қазақ арасында кең тараған, олардың жекелеген сюжеттеріне өлең, қисса, дастандар шығарылған. 18 ғ-дан бастап қазақ халқының тыныс-тіршілігі, рухани өмірі орыс жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің назарына іліге бастады. В. А. Ушаковтың “Қырғыз-қайсақ” (1830), В. И. Дальдың “Бикей мен Мәулен” (1831) повестері жарық көрді. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы материал жинау мақсатымен 1833 ж. Орал мен Орынборға сапар шеккен А. С. Пушкин “Қозы Көрпеш — Баян сұлудың” мазмұнын жазып алды, ақынның “Пугачев оқиғасы” мен “Капитан қызы” атты шығармаларында қазақтар жөнінде мәліметтер кездеседі. Ал, кейінгі кеңес дәуірінде әдеби байланыс аса қарқынды дамып, әлем әдебиетінің ең үздік шығармалары ана тілімізге, қазақ әдебиетінің үздік шығармалары әлем тілдеріне аударылды. Аударма саласында қазақ сөз өнері шеберінің барлығы еңбек етті. Аударма арқылы келген ірі туындылардың ұлттық әдебиетке ықпалы мол болды. А. Құнанбаевтың шығармалары ағылшын, араб, болғар, моңғол, қытай, француз, орыс т.б. әлем тілдеріне аударылды. Ж. Жабаевтың шығармалары көптеген тілдерге аударылып, оның суырып салма өнері, айтулы айтыстары туысқан елдерді аралағанда өшпес әсер қалдырғаны туралы жазылды. М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемінің 116 тіліне аударылып, сондай-ақ “Әлем әдебиеті кітапханасында” (134, 135 томдары) ірі классикалық романдар қатарында жарық көрді. Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясы, О. Сүлейменовтың поэзиясы және көптеген қазақ сөз зергерлерінің шығармалары, сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары эпостар, жырлар әлемінің көп тілдерінде аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің әлем әдебиетімен тығыз байланыста дамуына ірі халықар. конференциялар (қ. Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясы; Ыстықкөл форумы; Ұлттық әдебиетіміздің онкүндіктері т.б.) мен қаламгерлердің және достық қарым-қатынастары да ықпал етеді. Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болады. Қазірде қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау процесінің ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, жаңа түр, рең тауып, соны жолдар мен мүмкіндіктерге ұласты, әдебиетіміздің сыр-сипатын айқындай түсті.
