Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.59 Кб
Скачать

52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) - ақын, журналист «Киіз кітап» (2001) Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан.Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың өркендеуі». М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (2007 жылдан).

Ойы жинақы құрылған ақынның миниатюралық өлеңін соңына шейін оқығаныңызда, ең алдымен Ұлықбек Есдәулеттің өз жүрегінің сүзгісінен өткізген, табиғат тылсымынан басқаша түйін жасауға тырысатын, өзгеше ойлайтын ерекшелігін аңғарасың. Ұлықбек Есдәулеттің өлеңдері (оқырманның жүрегіне жол тапқан деген әбден жауыр болған сөз тіркесін қолданбай-ақ қояйық) ақын Марина Цветаеваның айтқанындай, “өз кезегі келгенде ашылатын қымбат шараптар секілді, өз уақытын күтіп жатқан жырлар”.Ен даланың төсінде арбаға мініп келе жатқан, қырмызы жүзбен батқан күнге көзін сүзіп, қызыға қарап отырған арманшыл немересіне атасы: 

“Батысқа, балам қызықпа,

Батқан күн –біздің күніміз,

Көкжиек деген сызыққа 

Сіңгенше ғана тіріміз. 

Уақыт зулап улы оқтай

Уатып өтер төзімді. 

Сондықтан, балам күн батпай, 

Айтып қал айтар сөзіңді”

деп, ақыл айтады. Атасының немересінің құлағына құйған ақылынан кейін, тамылжыған табиғатты суреттеген жыр жолдары сізді басқа бір әсердің бесігіне бөлеп, түйсікпен ғана түсінетін өзгеше бір әлемнің есігінен енгізіп жібергендей күй кешкізеді. Ақынның лирикалық кейіпкерімен бірге тұңғиық ойдың тереңіне батасың. Табиғаттың керемет бір қас-қағым сәтін суреттеген ақынның сөз кестесіндегі тіл байлығына тәнті бола отырып, ырғалған арбаның үстіндегі шалдың немересімен бірге есейе түсесің. 

Қарашығында мұң тұрды, 

Аядым қартты құнысқан. 

Ақынның ерекшелігі оның махаббат лирикасынан айрықша көрінді. 

Ғашық жанды әлдилейтін ән керек, 

Ғашық жанның басындағы хал бөлек. 

Елдің, жердің, ең қорқыныштысы рухани құндылықтардың азып-тозып бара жатқанын ерекше бір сезімталдықпен суреттеген ақынның жыр жолдарын оқығанымда, зарлық пен мұңлықтың қайғылы үні құлағыма жеткендей, жон арқама кірпі аунағандай, тұла бойым түршігіп кетті. 

Бақ дегенім сорға айналды, 

тақ дегенім көрге айналды,

көкірегіме шер байланды, 

толайым. 

Жер дегенім кебенек пе,

ел дегенім ебелек пе, 

ер дегенім көбелек пе, 

ағайын?!

Атамекен – алып тозақ,

мойнындағы қамыт қажап, 

мойыдың-ау, ғарып қазақ,

аһ ұрып. 

Құдайым-ау, ақын Ұлықбек Есдәулеттің жүрегінен жыр болып төгілген бұл өлең жолдарында, ақтабан-шұбырынды заманындағы Қожаберген жыраудың жанын күйдірген ызалы мұң ғана емес, көкірегі шерге толған бүгінгі уақыттың қасіреті жатыр ғой! “Киіз кітапты” оқыған адамға, жаралы Барақ батырдың зары кешегінің емес. қазақтың бүгінгі жаралы рухының символдық көрінісіндей әсер қалдырадыақын әлемінің баррометрі деп қабылдау керек. Киіз кітап” жыр жинағы маған, темірдей төзімділікпен жазған ақынның ұзақ жылдар бойғы ізденісінің жемісіндей көрінді.

53. Т.Медетбековтің «Көк түріктер сарыны» жинағы Медетбек Т. Көк түріктер сарыны. Алматы: Өлке, 2002 жарық көрген. Ақынның аталмыш жинағы 2000 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Жинақты жазуы және ерекшелігі жайлы ақын: – «Көк түріктер сарынын» жазуға ұзақ дайындалдым. Көне түрік заманында дүниеге кеп тасқа қашап жазылған Күлтегін, Тоныкөк дастандарындағы сарын құлағымнан кетпей қойды. Ондағы: – Күндіз отырмадым Түнде ұйықтамадым, Қызыл қанымды төктім, Қара терімді сорғалаттым, – деген жолдардағы еркіндік мені еліктіріп алып кеттіОл дастандардың сарынын осы заманға сай етіп рухани айналысқа түсіру үшін талай рет эксперименттер де жасап көрдім. Ақыры, Күлтегін мен Тоныкөк дастандарының еркін әдеби нұсқасын жасадым,-дейді.

Жинақты талдау: Қазіргі таңда парасат әлемі деген тіркесті біз жиі қолданамыз. Парасат негізі — ақыл деп мойындаймыз. Дегенмен, таза ақылдың парасаттылыққа бастамайтыны анық. Ақылға сабыр қосылса ғана парасаттылыққа жол ашылмақ. Таза ақыл ұстараның жүзі сияқты, жақсы-жаманды талғап жатпайды. Тым өткір. Ұстараның қасиеті де оның өткірлігінде. Сондықтан ақылға сабыр қосылмаса, іс насырға шаппақ. Т. Медетбектің «Көк түріктер сарыны» кітабын оқығанда осы тәріздес ойлар ойымызға оралады. Бұл еңбек Темірханның көк түрік рухының күшін асқақтатқан туындысы. Халқымыздың әбден көмескі тартқан көне тарихын жалынды рухпен оқырманына жеткізуді мақсат қылған жырлар топтамасы. Онсыз да о бастағы табиғаты түркілік рух пен сарынға жақын ақын, бұл бағытқа енді түбегейлі бет бұрғанын айқындайды. Бұл пікірімізді Темірханның : «Мен өзім мазмұн болмаса, формаға аса құмар емеспін. Өлең кеудеңнен шықты ма, оның қандай формамен қағазға түсуі — екінші нәрсе. Бірақ, мен форманың адамға осынша күш беретінін көк түріктер сарынынан аңғардым. Не деген ірілік?! Не деген кеңдік?! Форма деген Құлтегін мен Тоныкөктің өз ішінде тұр»,- деген таңғалысы бекіте түседі /2.14/. Бүгінде көмескі тартқан тарихымыздың арғы тегі Түріктен, бергі белгісі (тасқа түскен жазуы бар) сол көк түріктің ұрпақтары: Құтлығ, Тоныкөк, Күлтегін және Иоллығ тегін тарихын танып, зерттеп жүрген, ежелгі тегімен сабақтас, тамырлас ақын Т. Медетбек шығармашылығынан ерлік пен елдікті танимыз. Мәселен, Күлтегіннен (үлкен жазу) бір шумақ өлеңді оқып көрелік

Биікте көк тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған, Үстемі қаған отырған. Отырып, түркі халқының ел-жұртын Қалыптастырған, иелік еткен. Дәл осы жауынгерлік пен ержүректік мінез Темірханның «Көк түріктер сарыны» кітабында келесідей берілген : Ұлдарымыз Алшаң-алшаң жүретін, Балпаң-балпаң басатын. Қаншалардың шымылдығын Найзасының ұшымен ашатын,

Жолбарыстарды алып ұрып Сүтін ішетін, Сөйтіп шөлін басатын,- Арда болсын /1.26/.

Осы екі өлең жолдарын салыстырсақ, екі түрлі заман туындыларының арасындағы ұқсастықты, үндестікті байқаймыз. Біздіңше, осы ата-баба сарыны Темірхан поэзиясын жаңа биікке көтеріп отыр. Негізінде «сарын» сөзінің мәнісінде өмірге түңілу немесе барға көңіл толмау, өткенге өкініш деген сияқты мотивтер бар. Алайда, Темірханның «Көк түріктер сарынында» әлдеқайдан құйылып жатқан қуат көздерін сезінесің, жаның сүйсінетін жайға тап боласың. Ақынның Көк түріктері — өзіміз. Демек, мәселе тек тарихта емес, өзімізде. Адам өзін-өзі аршып-тазалап алмаса, оған кінәлі кім? Әрине, адамның өзі. Осы мәселе туралы ақын не дейді. Ол ойланып жатпай-ақ бәрімізді аманшылдыққа, рухани тазалыққа шақырады. Бірақ жаратылысынан кй адамдарда Жаратушы жалған өмірге сынау үшін тұқымынан обыр, озбыр, мешкей, надан, залым етіп жібереді. Бұл мәселелерді ақын мейлінше шырайын-бояуын айықтай суреттейді. Осындай істерді баян ете отыра, ол өзін-өзі қиынға сала береді. «Көк түріктер сарыы» - әр қазақтың жанын тазарта алатын катарсистік мәндегі кітап. Оның авторы ойшылдық әлемінде өзінше нық басып бара жатқан ақын – Т. Медетбек

Жинаққа енген өлеңдер: Қуат жыры, Ашаршылық жылдар суреттері, Айт емін, Шәкір Ыбыраевқа арнап жазған «Мен сондай болдым» деген өлеңі, Қуғын –сүргін заманы, Абайға шағыну және т.б. көптеген өлеңдері енгізілген. Олардың барлығының идеялары ұқсас – ел қамы, халық ахуалы. Сонымен қатар жинақтағы шығармаларында публицистикалық элементтердің де дүниелердің барын ақын өз сұхбаттарында ақтарыла айтқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]