Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.59 Кб
Скачать

45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.

Текстология 1917 жылдан кейін ғана библиографиядан бөлініп шығып, методология тұрғысынан танылды. Текстология терминін ғылыми айналымға Б.М. Томашевский енгізді (1920). Батыс әдебиеттануында бұл ғылым саласы “мәтіннің сыны” деп аталады (Р.Бентли, Ф.Вольф). Текстология мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, оның шынайылығын анықтайды. Текстологияның басты міндеті авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз жариялау болып табылады. Текстология әдебиет теориясы мен сынының тарихымен, мәтіннің қайта қалпына келтірілуімен тікелей байланысты. Көркем шығарманың түпкі мәтінін анықтауда тексеру тәсілдері пайдаланыла отырып, қосымша нұсқалар мен басылымдар зерттеледі. Текстология бұрын тек мәтіндерді тексеріп, жарыққа шығару үшін пайдаланылса, текстолог маман Д.С. Лихачев мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды. Текстология библиографиямен, түпнұсқа туралы іліммен, палеографияменархеографиямен байланысты шығармашылық психологиясын зерттеуге сүйенеді. Кейде Текстология “автор еркіндігі” деген ұғыммен байланыста қолданылады. Транскрипция, пунктуация, мәтіннің абзацқа бөлінуі, басқа тілдерден енген сөздер, автордың қолтаңбасы, т.б. мәселелер мәтінтануда айрықша қызмет атқарады. Кеңестік әдебиетте автордың еркінен тыс редакторлық жұмыс нәтижесінде мәтіннің өзгеріске түсуі (цензура) немесе автордың өзінің қатысуымен қайта қаралуы (автоцензура) қалып алды. Мұндай жағдайда мәтіннің ең алғашқы нұсқасы не қолжазбасы зерттеуге негіз бола алады. Осындай текстол. салыстырулар арқылы Ахмет Байтұрсынұлының 5 томдық толық шығармалар жинағы, М.Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағы жарық көріп келеді. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” еңбегіндегі бұрын басылмай қалған сөйлемдер, мәтіндер қалпына келтіріліп, ғылыми түсініктемесі жазылып, тұңғыш рет толығымен жарияланды. Ежелден жалғасқан бай әдеби мұра мен ақын-жыраулар поэзиясын, бүгінгі күнге дейінгі қазақ қаламгерлері шығармаларының мәтіндерін салыстыра зерттеу – текстологияның негізгі міндеті.[1

46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер

Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына іліге бастаған кезде қазақ тіл білімі ғалымдарының еңбектерінде де мәтін мәселесіне қатысты ой-пікірлер козғалды. Мәселен, қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар - А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз. Ғалымдардың мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданысындағы, қызметіндегі ерекшеліктерін байқаудан туындаған болса керек. Өйткені ғалымдар сол кезеңдерде мәтінді, оның сипатын, белгілерін арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастыруды мақсат етпеген. Әйтсе де қазақ тілі мен әдебиетін зерттеуші және сол тілді иеленуші ретінде мәтін лингвистикасына қатысты кұнды пікірлерін білдірген. А.Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атайды және оның ауызша да, жазбаша да болатындығын айтып, мәтінді сөйлеудің бірлігіне жатқызады: «Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады». А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден яғни, аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын және айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын, сондыктан ойды өзгелер кяналмай түсінетіндей қылып жеткізу керектігін сөз етеді. Ғалымның мәтін тақырыбымен байланысты «Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады....Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін, шығарманың тақырыбы басынан койылады. «Айман-Шолпан», «Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» дегені сөздер шығарманың тақырыбы болады. ...Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сөздерді көріп, кім, туралы екенін бірден білеміз. Бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақрыбы қойыларбермейді.... тақырыбы басына қойылмаған сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады»; деген ойлары - казіргі мәтін лингвистикасында калыптасып орныққан пікірлер. Шындығында, тақырыпсыз мәтін болмайды. Мәтіндегі құрылымдықэлементтер сол тақырып негізінде өрбіп, тақырыпты ашу үшін қолданысқа түседі. Мәтін тақырыбы мен мәтіннің аяқталуы бір-бірімен ажырамас бірлікте қарастырылуы тиіс. Өйткені тақырып арқылы берілетін хабардың неден бастау алу керектігі айқындалса, мәтіннің аякталуы басталған нәрсенің қай уақытта болса да тамамдалатынын меңзейді. Такырып мәтіннің аякталуын көрсегеді. Кей уақытта мәтіңдер, әсіресе, өлеңдер тақырыпсыз-ақ беріле береді, мұндайда тақырып қызметін алғашқы сөйлем атқарады. Ғалым мәтіңді дұрыс құру үшін оны ұйымдастыратын тілдік бірліктердің мағына жағынан да, тұлға жағынан да байланысып жатуына баса назар аудару керектігін айтады. Өйткені автордың сөйлеген не жазған сөзін екінші бір адам қиналмай қабылдап, түсінетіндей болуы керек. Осыпікірлерінен мәтінді катысымдық қызметі бар, екі субъектінін арасын байланыстырушы тұлға ретінде қарастырып отырғанын аңғарамыз. Ал мәтіннің өзгенің қабылдауына түсінікті болуын сез етуі қазіргі таңдағы мәтіннің осы қырын айқындайтын психолингвистиканың мәселелерімен ұласады. Ал А.Байтұрсынұлының оралымға қатысты айтқан ой-пікірін кейінгі зерттеушілер еңбектеріндегі көзқарастармен салыстыратын болсақ, сыртқы құрылысы жағынан көп компонентті кұрмаласқа сәйкес келетін сөйлемдерді бір күрделі фразалық тұтасым түрінде алып талдауымызға болады. Ғалым Қ.Жұбанов мәтінді сөз бұйымы (сөз) деп атайды. Мәтінді

қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсініп, ғалым оның ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсететді және олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Сондай ақ әр мәтіннің өзіндік жасалу жолдары блатындығына сөз етеді. Демек, мәтін автордың оқушыға не тыңдаушыға бағытталған, құрамындағы бірліктері мағыналық та тұлғалық та байланыстарға ие ауызша не жазбаша сөйлеудің бұйымы, яғни сөйлеу туындысы. Ғалым С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде ғалымның сөйлемнен де ірі түзілістердің бар екеніне көңіл аударғаңдығы байқалады. Аталған еңбекте сөйлегеңде аяқталған ойдың бір сөйлеммен емес, тәртіппен орналасқан сөйлемдердің тізбегінен тұратындығы және әрбір сөйлемді өз алдына емес, өзге сөйлемдермен байланыстыра қарастырғанда нәтижеге жетуге болатынын айтқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]