Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.59 Кб
Скачать

40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)

Көркем шығармада көркемдік негіз, өң беретін психологиялық аспектілер көптеп кездеседі. Міне, осындай аспектілердің бір түрін айтар болсақ, ол – «психологиялық деталь» ұғымы болып табылады. Негізінен, көптеген зерттеушілеріміз «психологиялық детальдар» мен «заттық әлемді» шатастырып жататыны белгілі. Психологиялық детальдарға өзімнің пікірім бойынша, анықтама беріп кетсем. Психологиялық деталь – бұл шығарма идеясы мен тақырыбына арқау болатын деталь, яғни сол деталь, зат арқылы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті, болмыс-бітімі кеңінен ашылатыны даусыз нәрселер. Зерттеушіміз Г.Пірәлиеваның пікіріне сүйенсек: «Негізі, заттық әлем кейіпкерді толыққанды етіп бейнелеу үшін таптырмас көркемдік кілт. Және ол кезең мен уақытты кейіпкер өмір сүрген психологиялық ортаны терең тану үшін де, кейіпкердің жан-дүниесін жан-жақты ашу үшін де қызмет атқарады. Қазіргі қазақтың көркем прозасында заттық әлем жаңа бір көркемдік деңгейге көтеріліп, тың эмоционалдық бояу алды. Оның айтар ойы, бере емеуіріні, көркемдік қызметі жаңартылды, мағыналық-мазмұндық мәні артты»[1,155]. Бұл пікір заттық әлемді айғақтайды. Негізі, көркем шығармада «заттық әлем» де өз маңызын жоғалтпақ емес. Бір көркем шығармада бірнеше заттық әлем болуы мүмкін. Яғни, сол шығармада кездесетін көптеген заттар әлемі шығармаға сол заттар арқылы кейіпкердің кім екенін танытатындай. Ал, психологиялық детальдың жайы бұған қарағанда мүлде басқа. Психологиялық детальдар шығарманың тақырыбы мен идеясына құралған жеке бір ғана зат болып табылады. Заттық әлеміндей бірнеше зат болмайды мұнда. Сол шығармаға арқау болатын деталь кейіпкердің өткені мен бүгінін, сезім құбылыстарын, мақсат-мүддесін, арман-қиялын, мінезін, іс-әрекетін анық ашып, айқындап береді деп айтсақ, қателеспеген болар едік.

Зерттеуші Г.Пірәлиеваның айтуы бойынша, қазақ әдебиетінде заттық әлемді көп қолданған жазушыларымыз: Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Кекілбаев болды. Әрине, бұл жазушылардың заттар әлемін кеңінен қолданғанын байқай аламыз. Бұл құбылыс Б.Майлинде кездеседі. Мұны зерттеуші Г.Пірәлиева өз еңбегінде дәлелдеп берді. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» атты романында заттар әлемі өте шебер түрде суреттелген деп айтсақ, қателеспеген болар едік. Мұндағы Ұлпанның қара халықты, айналасындағы кедей-кепшікке берген киіз үйі болсын, шымылдығы болсын, орыстарға еліктеп, отырықшылдыққа арнап салған үйі болсын, тазалық саулығы негізінде салынған моншасы болсын мұның бәрі бір шығармадағы заттар әлемі болып табылады. Ең бастысы, Несібеліге сыйға тартқан бір арба жүгі оның ішіндегі кілем, көрпе-төсектер, сан алуан қымбат заттар бұл Ұлпанның сыйы. Осы шығармада осындай заттар әлемі Ұлпанның қырын жан-жақты танытады. Мұндай заттар Ұлпанның жомарттығын ғана емес, ақылдылығын, саналылығын, кедей шаруаларға жаны ашитын, керек кезде қолын созып, көмектесетін жан екендігін көрсетті. Ұлпанның ең ақылды тұсы бұл шығармада жер мәселесінде көрінеді. Ұлпанның күйеуі, бір елді басқарып отырған есеней бидің иемденген халықтың жерін қайта халыққа бөліп беруі Ұлпанның басты ақылдылығы екендігін көрсеткен.

Заттар әлемінің көркем шығармадағы тағы бір сипатын айта кетейік. Заттар әлемі кейіпкердің тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлық, іс-әрекетіне сипат беріп қана қоймай, сол қоғамда өмір сүріп отырған халықтың мәдениетін, өркениетін, даму үдерістерін көрсетеді. Және де, сол шығарманың қай дәуірде болып отырғандығын, сол дәуірдегі тұрмыс тіршіліктің қандай болғанынан хабар береді. Айталық, қазақ жазушыларының ХХ ғасыр басында өз шығармаларында қолданған қаттар әлемі: киіз үй, кілем, сандық, шелек т.б. сияқты заттар болды. Мысалы, О.Бөкейдің «Апамның астауы» деп аталатын әңгімесінде психологиялық деталь – автордың «апасының жарық астауы» болып отыр. Автор жастайынан сол апасының қолында өседі, ер жетеді, қызмет, білім қуып астанаға кетеді. Ауылға келгенде кәрі апасы өз қолынан о дүниеге аттанады. Сондағы автордың апасына деген сағынышын, махаббатын осы жарық астау дәлелдеп көрсетіп тұрғандай боп елестейді. Әрине, автор апасы өлгеннен соң, қалаға апасының жырық астауын әкетеді. Ол неге жарық? Бұл автордың көңіліндегі жарық екені мәлім. Апамнан не қалды деп ойлайды. Жарық астау қалды. Ия, автордың көңілі де осы жарық астау секілді құлазып қалған секілді.

О.Бөкейдің «Күлпәштің ұршығы» деп аталатын әңгімесінде де психологиялық деталь – «ұршық» болып отыр. Ол кімнің ұршығы еді, әрине Күлпәштың. Күлпәш автордың апасының замандасы, құрдасы, көршісі болатын. Автор осы ұршық арқылы өзінің апасының да, Күлпәштың да мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін айқын көрсетіп береді. Мәселен, Күлпәш автордың апасынан бір асым ет сұрап келгенде, апасы бере қояды. Ал, осының қарымын мен де қайтармайын деген ниетпен Күлпәш өзінің ұршығын автордың апасына сыйға тартады. Алайда Күлпәш сол етті асып жеп болған соң, немересінен ұршықты қайта сұратып жібереді. Осы психологиялық деталь ұршықтың арқасында автордың апасының жомарт, досжанды екенін, ал Күлпәштың тек бүгінгі күнін ғана ойлайтын, аумалы-төкпелі мінезді екендігін айқын көрсетіп береді. Және де Күлпәштың осы шығармадағы мінезі сұраншақ, сараң екендігін шығарма барысында оқып біле аламыз.

Автордың «Бес тиын» атты әңгімесі де психологиялық детальға негізделген. Мұндағы психологиялық деталь – «бес тиын» болып табылады. Бұл шығармадағы Зәкең атты кейіпкердің мінезі мен болмысы осы бес тиын арқылы көрінеді. Зәкең ауылда почтада жұмыс істейді. Өз ісіне адал, еңбекқор болғанын ауылдастары көре алмайды. Сол көре алмаған ауылдастары Зәкеңнің артынан арыз жазып жібереді. Ауданнан тексеріс келгенде, ақшасын есептегенде, тек бес тиын ғана жтпейді. Аудандағы тексеріс Зәкеңе ризалығын білдіріп қайтайын деп отырғанда Зәкең столдың тесігіне түсіп кеткен бес тиынды тауып алып, өз ісіне адал екендігін, керек десең бес тиынын да жемегенін айғақтайды. Міне, Зәкең осындай адалдығы бес тиынның арқасында көрініп отыр. Шиеттей бала-шағасының несібесін ойлаған Зәкең осындай адалдықпен жұмыс жасығанын психологиялық деталь анықтап беріп отыр. Бұл бес тиын негізінде суреттеліп отырған кейіпкердің болмысы, туралығы, адалдығы болып табылатыны сөзсіз нәрсе екендігін осы жерден аңғара алады екенбіз. Сонымен, көркем шығармадағы психологиялық деталь – кейіпкердің мінез-құлқы мен болмысын танытып қоймайды, кейіпкердің іс-әрекеті барысында көрініс беретін психологиялық күйлерді де ашып көрсетеді деп айтсақ, қателеспеген болар едік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]