Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.59 Кб
Скачать

34. Роман жанрын талдау жолдары

Роман жанрын сөз еткенде, оны салыстырмалы-тарихи талдау принципі бойынша қарастырған орыс ғалымдары В.М.Жирмунский, М.П.Алексеев, М.Б.Храпченколардың еңбектерін атауға болады. Бұл ғалымдар роман жанрын мазмұн, жанрлық ерекшелік, кейіпкерлер жүйесімен қатар құрылымдық жағын да қарастырады. Романның жанр тудырушы факторлары сюжеттік-композициялық жүйе, уақыт пен кеңістік, баяндау – бұл жанрдың көркемдік құрылымын жан-жақты ашып берді. Роман  — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драмажанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.

35. Повесть жанрын талдау жолдары

Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі. Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті “романның шашыраңқы бөліктері” немесе “романның бір тарауы” деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды. Кейін жанр ретінде толық қалыптаса қоймаса да, очерк сипатындағы әңгімелер негізінде (19 ғасырда) “әдет-ғұрыптың жеңіл очеркін қамтитын”, “адам мен қоғамды әжуа-сықақ ететін пішін” деген тұжырым белең алды. Қазір проза жанрының жан-жақты дамыған тұсында Повесть туралы біршама тұрақталған ұғым қалыптасты. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады. Көлемі мен мазмұны тұрғысынан осылай бағаланғанымен, кейде көлемі романнан ауқымды Повестьтер дa кездеседі. Мысалы, көп романдардан көлемді “Клим Сам¬гиннің өмірін” А.М. Горький Повесть деп атаған. Повестьтің көлемі емес, көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын келіп, романнан кіші жанр екендігін, ал эпизодтары мен өмір иірімдеріне бойлай енуі тарапынан әңгімеден күрделірек жанр екенін дәлелдейді. Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философия түйін жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кездесетін кең тынысты тәсілдер Повестьте бола бермейді. Повестьке оқиға тізбегін баяндау, хроник. әңгімелеу тәсілі тән. А.Байтұрсынов эпикалық текті әуезе деп алып, оның түрлерін ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме (повесть), ұсақ әңгіме деп береді. Повесть туралы “ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады” дейді. Байтұрсынов осы негізде М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” романға емес, ұзақ әңгімеге, сондай-ақ М.Әуезовтің “Оқыған азамат” әңгімесін Повесть үлгісіне жақын келеді деп қорытады. Ж.Аймауытовтың “Күнекейдің жазығы”, Әуезовтің “Қараш-қараш оқиғасы”, “Қилы заман”, Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне”, “Ұлпан”, Ш.Айтматовтың “Жәмилә”, “Құс жолы”, т.б. Повестьтері үздік көркем туындылар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]