Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.59 Кб
Скачать

32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос,лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

33. Әңгіме жанрын талдау жолдары

Әңгіме-оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшелігі оқиғаны баяндау тәсілі, композициясы, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шырықтау шегі мен шешімі балады. Шығарманың идеялық мазмұнын ғылыми тұрғыда талдап ашуда жазушының эстетикалық талғамын, дүниетанымын, көзқарасын танып білудің мәні бар. Ал, ол жазушылардың өмірінен мәлімет беру арқылы жүзеге асырылады. Соған орай, мектептерде оқылатын шығармалардың идеялық, композициялық, жанрлық негізіне қарай жазушының өмір сүрген дәуірінің белгілі бір кезеңіне (қоғамдық көзқарасы) оқушылардың назары аударылып, ерекше мән беріліп оқытылады. Жазушы өмірінен мәлімет берілген соң, әңгіме мәтінімен жұмыс жасалады. әңгіме мәтініне жоспар құрғызу арқылы олардың әңгіменің тақырыбы мен мазмұнын, идеялық-көркемдік жақтарын ұғуға, оқиға желісін түсінуге жағдай жасайды. VII-VIII сыныптарда жоспар құрудың екі түрі қолданылады. Соның бірі- аналитикалық жолмен құру. Жоспардың бұл түрі әңгіменің мазмұнын игеру оқушыларға қиындық келтірмейтін жағдайда, мәтін түгел оқылғаннан кейін, мазмұн желісіне қарай жасалады. Екінші- синтетикалық жолмен құрылатын жоспар. Мазмұны күрделі әңгімелер ой желісіне қарай үзінділерге бөлініп оқылады да, оларға жеке-жеке ат қойылып талдау жасалады. Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс‑әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда, бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше, әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын ролі айталықтай. Мұғалім жоспарды екі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға дайын күйде алдын ала беріп, сол арқылы әңгіменің сюжетін ашып, рет‑ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мәтін мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады. Мәселен, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері бойынша бірнеше жоспар жасайық. “Бақша ағаштары” әңгімесі. Жоспар 1) Әке мен бала. 2) Баласының әкесіне қойған сауалы. 3) Әке сөзінің ғибраты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]