- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
Талдау – көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан қарастырып, оның жеке бөлшектеріне тән сипат белгілерді танып білу. Шығарманы идеялық мазмұн, тақырыптық баяндау ерекшелігі тұрғысынан немесе сюжеттік композицияның құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Егер поэзиялық шығарма болса, ырғақтық интонациялық өзгешеліктері әртүрлі тармақ, ұйқастарды қолдануы жағынан да талдауға болады.
Бұл пәннің өзіндік талдау әдіс-тәсілдері бар. Студенттерге курс көркем мәтінге тілдік-лингвистикалық талдау жасауға, яғни дыбыстық қабаттан мәтінге дейінгі аралықтағы тілдік бірліктердің қызметін талдауға, сол арқылы көркем шығарма тілінің өзіндік ерекшеліктерін, олардың жасалу жолдарын, көркем құралдардың лингвопоэтикалық қызметін анықтауға үйретеді. Кез келген тілдік құрал көркем мәтін тілінде орынсыз қолданылмайды. Ондағы күрделі синтаксистік құрылымдар, лексемалар, жеке дыбыстар, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер – бәрі де жазушы талғамымен көркемдік идеяға қызмет ететін тілдік құралдар болып табылады. Тілдік құралдардың қолданысы, олардың мағынасы, автор бейнесі мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдары т.б. лингвостилистикалық талдау жүргізудің нәтижесінде анықталады.
2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
Көркем мәтінді талдаудың бірнеше аспектілері бар. Көркем мәтінді әдеби тіл нормаларына қатысы тұрғысынан алып талдау, мағыналық талдау, көркем бейне жасауға қатысы жағынан алып талдау, жазушының дара стилін таныту мақсатында талдау. Ғалымдар мәтін талдаудың бірізді болмайтындығы туралы «…бұл мына жайларға байланысты: біріншіден, қандай мәтінді қалай талдау зерттеушінің алдына қойған мақсат-міндеттерінен туындайды, екіншіден әр мәтіннің өзіндік ерекшеліктері ескеріледі» [2, 3], – деп атап көрсетеді.
Көркем шығарма тілі – көркем композицияның элементі. Көркем шығарманы лингвостилистикалық тұрғыдан талдауда негізінен екі нәрсе басты нысанға ілінеді: біріншісі – әдеби тілдің дамуы барысындағы көркем туындының орнын; екіншісі – жеке ақын-жазушылардың сөз мәнерін зерттеу. Бұл пәннің негізгі міндеті көркем мәтінді зерттеу арқылы оның идеялық және эстетикалық болмысын ашу болып табылады.
Көркем әдебиет қоғамдық өмір қалыптастырған әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орнын, өзара қарым-қатынастар мен өзіндік ерекшеліктерін көрсетуде бірінші кезекте сол топтардың тіліне тән тілдік элементтерге иек артады. Мұндай тілдік ерекшеліктер көркем шығармада ортақ кәсібі мен тұрған жері, өскен ортасы т.б. жағдайлар біріктірген адамдар тобының әлеуметтік ерекшелігінен хабар беретін стильдік көрсеткіштер болып табылады. Көркем образ жасауға апаратын жолдағы көптеген амал – тәсілдер қатарында адамға тән түрлі мінез ерекшеліктері мен оның қалтарыстарын көрсетуде жазушы үшін үлкен маңызға ие нәрсе – кейіпкер тілін «өзгермеген» қалпында пайдалану.
Көркем мәтінді әдеби тіл нормалары қатысы тұрғысынан талдау. Көркем мәтінге тән ерекшелік онда түрлі терминдер, ауызекі сөйлеу үлгілері, ғылыми стиль, жалпы барлық стиль түрлерінің мақсатты түрде қолданыла беретіндігінде.
Мәтінде қарапайым сөздер, яғни сөйлеу тілінің элементтері стильдік мағына, мән арқалайды.
«Қарапайым сөздер – ауызекі сөйлеу тіліндегі лексиканың бір саласы. Бұлардың екі түрлі ерекшеліктері бар:
а) стильдік мәні бір нәрсенің бағасын кемітіп, құнын түсіріп төмендету бағыты болады; ә) диалектизмдер сияқты территориялық жағынан шектелген емес, жалпы халыққа бірдей таныс сөздер. Сонымен қатар, әдеби тілде қолдануға ыңғайсыз экспрессивті мәні болады. Тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер бір – біріне өте – мөте ұқсас, бұлардың арасына шек қойып ажыратудың өзі кейде тым қиынға соғады»
Қаламгерлер жалпы халықтық тілдегі эмоционалды – экспрессивті сөздерді кейіпкерлер тілінде жиі қолданады. «Экспрессивтік – эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді. Олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән» [6, 178].
Жазушы кейіпкерлерді сөйлету арқылы тыныс-тіршіліктерінен, өмірге деген қөзқарастарынан, мінез-құлықтарынан хабар береді. Кейіпкер тілі арқылы оның образы әр қырынан көрсетіледі.
«Нағыз жазушы кейіпкерлерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады» [11, 47].
Прозалық шығарманы талдаудың жалпы үлгісі:(13)шығарма авторының әдебиет тарихындағы рөлі; шығарманың жазылу тарихы; тақырыбы; проблематикасы (міндетті емес); идеясы және эмоционалдық пафосы (жазушы өзі суреттеп отырған өмір құбылыстарына көзқарасы: юмор, сатира, романтика); шығармадағы кейіпкерлер жүйесі; сюжеті; композициясы (айналмалы, шеңберлі); көркем уақыт пен кеңістік; жанрлық ерекшелігі; мәтін құрылымы (тілі); жазушы шығармашылығындағы туындының рөлі; сыни ой-пікірлер тарихы.
3.Жазушы лабораториясы және шығармашылық психологиясы мәселесі. Оралхан Бөкейдің «Мұзтау» повесіндегі Ақтанның оқшау бітімімен күллі психологиясы оны қоршаған табиғатты жанды бейнеге айналдыру барысында танылады. Повесть оқиғасының мазмұнында Ақтанның «арғы жақтан келген» жұмбақ адаммен кездесуі бар. Жұмбақ адамды атуға оңтайланып, мылтығын кезеген Ақтан бәрібір оны ата алмайды. Кейіпкердің осы сәттегі кӛңіл-күйін жазушы табиғатпен егіздей берген: "Тұлан тұтқан табиғат құр долылықтан түсер пайданың аздығын шамалады ма, әне ...бейшара ақыл-есін жиды... " [2, 83]. Ақтанның әрбір сәттегі кӛңіл-күйін табиғат құбылысынан ажыратамыз. «Бүгін де күн бұлтты... тек сұрғылт тұман ғана жер-кӛкгі жалмауыздай жалмап алып,қыдиып, іргеде жатыр"[ 2, 84]. «Аңшы соңғы рет жүрегі сазып, аспанға қарады: кӛкпеңбек боп, мұңсыз-қамсыз тӛңкеріліп тұр екен. Қас қылғандай Алтай да дәл бүгін ұзатылар қыздай жасануын шіркіннің. Аспаннан жылу, үңгірден салқындық білінеді» [2, 85]. Кейіпкер бойындағы бір-біріне қарама-қарсы ой-сезімдердің тайталасын табиғат арқылы бейнелеу бұл повесте жиі ұшырасады. «Таудың алты ай сұлап жатар қысы күшіне біржола енгендей, аса бір ауыр да тұнжыр мінез танытады табиғат» [10, 86]. Ақтан болмысын Мұзтау биігіменұқсастыра суреттеу оның ерекше бітімін таныта түсу үшін қажет болған сияқты. Мұзтау -Алтай табиғатының ерекше бітімі болса, Ақтан-тобырдан саяқ, рухы биік, ерекше тұлға.
