Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.8 Кб
Скачать

Бірінші Бүкіл қазақ съезінің шешімдері[өңдеу]

Қазақстанның барлық облысынан дерлік өкілдер қатысқан 1 Бүкіл қазақ съезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Күнтәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекеттік басқару жүйесі, автономия, жер мәселесі, милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, дін мәселелері, әйелдер құқы, Құрылтай жиналысын шақыру және оның қазақ облыстарындағы сайлауына дайындық, бүкілресейлік мұсылмандар съезі, саяси партия құру, Жетісу облысындағы оқиға, қазақтардын Киевте өтетін Бүкілресейлік Федеративтік кеңеске және халыққа білім беру мәселесі бойынша Петроградта ұйымдастырылатын комиссияның жұмысына қатысуы. Делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысы сайлауына дайындық, ұлттық саяси партия құру мәселелеріне аударды. М. Құл-Мұхаммедтің пікірі бойынша съезде екі ұстаным басымдылыққа ие болды. Біріншісі А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «тәуелсіз автономия құру» идеясы. Екіншісі Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың «аймақтық-ұлттық автономия құру туралы» ұсынысы.[16].

Съездің басталуынан бір ай бұрын-ақ «Қазақ» газетінде осы аталған мәселелер, алғашқы кезекте автономия мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар айтылған мақалалар топтамасы жарияланған болатын. Газеттің 24 маусымындағы санында: «Егер автономия қажет екені жете түсінікті болса, онда қазақтар үшін оның қандай нысаны — мемлекеттік әлде федеративтік автономия, қайсысы қолайлы болады? Егер біз аймақтық автономияға тоқтайтын болсақ, онда оның базисі не болмақ - жер аумағы ма, әлде мәдени немесе ұлттық ерекшелігі ме? Қазақтар тәуелсіздікті талап ете ала ма немесе оған басқа халықтармен одақтасып барып қол жеткізе ме?»

А. Байтұрсынов пен М. Дулатов «тәуелсіз автономиялық мемлекет құру» қажеттігін айтты. Ә. Бөкейханов «Ресей Федеративтік демократиялық парламенттікреспубликасында» қазақ ұлттық-аумақтық автономиясын құруды ойластырды. Көпшілік осы көзқарасты қолдады. «Қазақ өлкесі, - делінді съездің қарарында, — аумақтық-ұлттық автономия алуға тиіс».[17].

Съезд жұмысында жер мәселесі басты назарда болды. Бұл мәселе бойынша мына тұрғыдағы қаулы қабылданды: қазақ қоғамынан жерді тартып алу тоқтатылады; тәркіленген барлық жер, сондай-ақ қоныс аударушыларға бөліп берілмеген жерлер қазақ халқының игілігіне қайтарылады: қазақ даласына қоныстандыру үрдісіне тыйым салынады және т.б.[18].

Съезд Құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына аграрлық мәселе бойынша елдегі әр түрлі саяси партиялармен бірлесе отырып қандай да бір келісімге келу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Съезд Құрылтай жиналысына дайындық туралы мәселені талқылады, оның депутаттығын қабылданған кандидаттардың тізімі 81 адамнан тұрды.Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Бұхара, Хиуа және Ферғанадағы қазақ қауымдастықтарынан өкілдер енді. Олардың ішінде «Қазақ» газетінің басшылары, ұлттық-демократиялық қозғалыс көсемдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, жекелеген өнірлердің өкілдері - Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, X. Ғаббасов (Семей), Ж. Досмұхамедов пен X. Досмұхамедов (Батыс Қазақстан), М. Шоқай, С.Ж. Асфендияров, А. Кенесарин (Түркістан өлкесі), М. Дулатов, А. Бірімжанов, С. Қадырбаев (Торғай), М. Тынышбаев, И. Жайнақов, С. Аманжолов (Жетісу), Б. Құлманов пен У. Танашев (Бөкей Ордасы), Н. Төреқұлов, Ғ. Оразаев, К. Қожықов (Ферғана) және т.б. болды. Кандидаттар тізіміне сондай-ақ С. Сейфуллин мен М. Жұмабаев, солармен бірге екі орыс азаматы — ғалым Г. Потанин мен саяси қайраткер В. Чайкин енгізілді. Құрылтай жиналысының депутаттығына ұсынылған кандидаттар Қазақстанның барлық өңірлерін ғана емес, қандай саяси көзқараста болғанына қарамастан, қазақ қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды, ал орыс халқының екі өкілі Бүкілқазақ съезі делегаттарының сеніміне бұған дейін-ақ ие болған еді – егер олар Мемлекеттік Думаның депутаттығына сайлана қалса, орыс халқының мүддесін ғана емес, өлкенің байырғы тұрғындары - қазақтардын да мүддесін қорғайтындарына сенді.

Съезд шешімдерінің қабылдануына «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ интеллигенциясы ерекше ықпал етгі. Озық ойлы, парасатты қазақ зиялыларының белсенділік танытуымен бұрынғы отаршыл биліктің кезіндегі клерикалды соттардың жойылуы, олардың орнына заңдық құрылымдардың енгізілуі тиіс болды; әйелдер ерлермен тең дәрежедегі құқыққа ие деп шешілді; қалыңмалға тыйым салынды, ислам дінінің қоғамдағы қызметі анықталды. Білім беру тегін және азаматтық билікке бағынуы тиіс болды. Бұл мәселеде бастауыш білім алу міндетті, оқыту алғашқы екі жылда ана тілінде жүргізілуге тиіс делінді.[19].

Сонымен бірге съезд дін мәселесін қарап, Ақмола, Семей, Жетісу және Каспий жағалауы (Маңғыстау уезі) облыстарының қырғыздары (қазақтары) уақытша Орынбор муфтиатына қосылады деп шешті.

1917 жылдың жаз айындағы оқиғалар елдегі саяси жағдайды тым құр делендіріп, қоғам өмірінде қарама-қарсы үрдістер туғызды. Бір жағынан оңшыл күштер көшбасшылық жасай бастады: олар күш алып, Кеңестер екінші орынға ығыстырыла бастаған еді. Центристер оңшылдарды қолдауға көшті, большевиктердің жағдайы едәуір нашарлады, олардың көсемі сатқындық жасады деп айыпталды. Кадеттер партиясы Ақмола облыстық комитетінің газетінде И. Топалевтің «За оградой истории» атты мақаласы жарық көрді. Онда болған оқиғаға мынадай анықтама берілген: «Иә, ленинизм күйреді орыстың саяси өмірінен алынып тасталды, тарих сахнасынан аластатылды».[20]. Орал қазақ әскері басшылығының шұғыл түрде өткізілген съезінде: «Солдат, жұмысшы және қазақ депутаттары Кеңесіне Орал қазақ әскерінен сайланған өкілдер кері шақырылсын» деген шешімге келген.[21]. Бұл кеңестер жүйесі құрылымын бұзуға жасалған кезекті қадам болды.

Петроградтағы 1917 жылғы жазғы оқиғалар, барлық биліктің уақытша үкіметтің қолына өткеннен кейінгі кезеңде елде үкіметке деген бұрынғы сенім жоғала бастады, тіпті оған деген өшпенділік өрши түсті. Мәселен, уездің әр түрлі ұйымдарынан 116 делегат қатысқан Ақтөбе азаматтық комитетінің жалпы жиналысы мынадай қаулы шығарды: «Ақтөбе уезінде жоғарғы бақылау билігі шаруа, қазақ, солдат және жұмысшы депутаттарының Кеңесі деп есептелінсін».[22].

Аталған жағдай қалалық думаның сайлауында да байқалды. Сайлау қорытындылары елдің орталық үкіметінің және оның жергілікті органдарының құрамында алдыңғы орында тұратын кадеттерге өте ауыр тиді, бұл әсерлерге де күткендей нәтижелер бермеді. Петропавлда кадеттер бір орынға қолдарын әрен жеткізгенде, социал-демократтар 12 орынды еркін иеленді, оның алтауы — большевиктер, қалған алтысы — меньшевик-интернационалистер еді. Семейде кадеттер 4 орынды ғана женіп алса, РСДЖП ұйымы 12 орынға ие болды. Ақтөбеде кадеттерге 2-ақ орын тиді. Мұндай көрсеткіш өлкенің басқа жерлерінде де байқалды.[23].

Тарихи құжаттарды талдау көрсетіп бергеніндей, 1917 жылы шілде айынды Уақытша үкімет пен оның одақтастарының жеңісі әлсіз және сенімсіз болды, ал жұмысшы, шаруа мен солдат депутаттары Кеңестерінің біріккен күштерінің жеңілісі уақытша шегініс саналды. Оған бірінші кезекте Қазақстанның біркатар өңірлерінде Кеңестер (негізінен пролетарлық) рөлінің өскендігі және халықтың әр түрлі топтары арасында большевиктер қызметінің жандана түскені айқын дәлел.

Еңбекшілер мүддесін қорғауда Екібастұз көмір кені мен Батыс Қазақстанның мұнай өндіретін өңірлеріндегі жұмысшы депутаттарының Кеңестері мен кәсіподақ ұйымдары үлкен белсенділік көрсетті. Мәселен, жұмысшы депутаттарының Кеңестері мен кәсіподақ ұйымдары бұрынғы қосөкіметтің тұсында жұмыстан босатылған кейбір әкімшілік өкілдерін жұмысқа қайта алу жөніндегі Орал-Каспий мұнай қоғамдастығы басшылығының талабын қабылдамай тастады. 1917 жылы 26 шілдеде Орал-Каспий мұнай қауымдастығы басшылығына кәсіподақ жолдаған хатта жұмысшы-мұнайшылар кәсіпшілік әкімшілігіне ғана емес, сондай-ақ осы қоғамдық құрылысқа да қарсы шығатындықтарын ашық айтты.[24].

Ташкент округтік сотының прокуроры 1917 жылы 7 тамызда Ташкент сот палатасының прокурорына жолдаған рапортында Сырдария облыстық Кеңестері қоғамдық-саяси өмірде алдыңғы орынға шығып отыр, еңбекшілер арасында зор беделге ие деп атап көрсетті. Олар «жергілікті өмірдің барлық жақтарына үлкен қызығушылық танытады, жергілікті әкімшілікті басқаруға, қала шаруашылығының барлық саласына араласады, өткір қойылып отырған азық-түлік мәселесінің босаңсуына қарсы белсенді шаралар қолданады, ереуілдік қозғалыстарды реттеп отырады».[25].

С.Ж. Асфендияров «Мұсылман жұмысшы депутаттарының Кеңесі» атты мақаласында жазғанындай, Түркістанның жергілікті халқының, бірінші кезекте мұсылман жұмысшылардың саяси белсенділігінің өскендігі кеңес құру қажеттілігін түсінуге алып келді. «Бұл ой ең алдымен тыл жұмыстарында болған, барынша саналы және соғыс кезінде барынша қиындық көрген жұмысшыларда оянды, - деп атап көрсетті С.Ж. Асфендияров. - Бұл жұмысшылар мұсылман жұмысшы депутаттарының Кеңесі деп аталатын 16 адамнан тұратын ұйымдастыру бюросын құрып, мамырдың ортасынан бастап-ақ (1917 жыл. — авт.) қызмет істей бастады. Бюро қызметі өлкелік солдат және жұмысшы депутаттары тарапынан қолдау тапты.[26]. 1917 жылы 15 шілдеде қазақ жұмысшылары да кеңінен қатысқан Ташкент мұсылмандары өкілдерінің жалпы жиналысы мұсылман жұмысшы депутаттарының Кеңесін және оның атқару комитетін құрды. Атқару комитетінің басшысы болып С.Ж. Асфендияров сайланды. Ол былай деп ашық айтты: «Біз Түркістан мұсылмандарының ішінде жұмысшы қозғалысының пионері бола отырып, орыстың демократиялық ұйымдарымен тізе қосып жұмыс істейміз, біз өзіміздің қиын міндетімізге болашақта халқымызды бостандыққа шығарамыз және оны бүкіл дүниежүзілік еңбек армиясының саналы күрескерлерінің қатарына қосамыз деген терең сеніммен кірісеміз».[27].

Мұсылман жұмысшы депутаттарының Кеңесін құрғаннан кейін Ташкентте Түркістан өлкесінің барлық уездерінде қазақ депутаттары Кеңестерін ұйымдастыру процесі басталды. 1917 жылы 2-5 тамызда Ташкентте қазақ депутаттары Кеңестерінің бірінші өлкелік (Түркістандық) съезі өтті, оған Жетісу, Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарынан жіберілген өкілдер қатысты. Және олар басты міндетіміз жергілікті еңбекші халықтың мүддесін қорғау деп жариялады.[28].

1917 жылы тамыздың басына қарай елде аса шиеленіскен саяси жағдай қалыптасты: егер осыған дейін Уақытша үкіметтін айналасына топтасқан күштер мен кеңестердің төңірегіне топтасқан күштер нақты билік үшін күрессе, енді әскери диктатура орнатуға мүмкіндік туды. Уақытша үкімет билігі, әскери диктатура немесе Кеңестер билігі — 12-15 тамызда Мәскеуде өткен мемлекеттік жиналыстағы жарыс сөздің мазмұны, міне, осы сипатта болды. Осы сахнаның арғы жағында генерал Л. Корниловтың қастандығы ұйымдастырылып жатты.

Ірі капиталистер мен шенеуніктерден тұратын мемлекеттік кеңеске қатысушылар оңшылдардың жетекшісіне айналған генерал Л. Корниловты қолдады. Генерал Л. Корнилов осыдан кейін билік басына қарай ашықтан-ашық ұмтылды, өзіне сенімді әскерді Петроградқа жорыққа аттандырды. Оның әріптестерінің айтуынша, генерал Корнилов Кеңестердін әсер меньшевиктік басшылығына іріткі сала отырып, Керенскийдін билігін шектеуге, елдегі ыдыраушылықты болдырмауға күш салды.[29].

Бұқара халық елде мықты биліктің болуын талап еткен генералдың әрекетін кезекті қанды қырғын ретінде багалады. Корниловшыл әскери күштердің революция орталығына қарай қозғалғаны белгілі болған кезде, еңбекші халық ақпан жеңістерін қорғап қалуға аттанды. Корниловқа жалпы ресейлік көшбасшы болуға ұмтылған А. Керенскийдің өзі де қарсы шықты.[30]. Нәтижесінде бүлікті жүзеге асыртпаған 25-29 тамыз оқиғасы елдегі жағдайды түбірінен өзгертті, саяси сахнаға Кеңестер қайта шықты, олар революцияны жақтаушылардың топтасу орталықтарына айналды. Кеңестер реңолюцияға қарсы күштерді талқандау үшін әскери құрылымдар жасақтады. Осы әскери құрылымдар негізінде әскери-революциялық комитеттер - ӘРК құрылды.

Корниловшыларға қарсы Ақтөбе, Перовск, Павлодар, Түркістан, Семей, Черняев (Шымкент), Әулиеата кеңестері көтерілді. Бүлікті Гурьев, Орал, Өскемен, Қостанай әскери Кеңестері де өз білгендерінше айыптады.

1917 жылы 30 тамызда Петропавл жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің жалпы жиналысында «генерал Корниловтың сатқындығы туралы» мәселені талқылап, мынадай шешім қабылдады: «Корнилов және оның айналасындағылар сияқты Отан және революция сатқындарына қарсы күресте еш аянбастан шешуші шаралар қолдану керек, ол үшін Кеңес бұқара халықты отан қорғаушылар мен еңбекшілердің айналасына тығыз топтасуды ұсынады».[31].Петропавл кеңесі құрамында 12 адамы (үш большевик, төрт солшыл әсер, екі әсер және үш меньшевик-интернационалист) бар ӘРК құрды.

Тура сол күні (30 тамызда) Актөбелік жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттарының Кеңесі корниловшылармен күресу үшін революциялық қарулы жасақ ұйымдастыруға, сондай-ақ Кеңес мүшелерін қаруландыруға, оған керекті қаруларды қазақтардан, әскери тұтқындардан алуға, теміржол деп осында найзалар жасатуға шешім қабылдады.[32].

Қазақстанның басқа да Кеңестері Корниловтың жорығын қатаң айыптады. 1917 жылы 31 тамыз күні Павлодарда Корнилов бүлігі бойынша Кеңес пен қаланың қоғамдық ұйымдарының біріккен мәжілісі өтіп, онда бірауыздан мынадай қаулы қабылданды: «...жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі мен Павлодардың қоғамдық ұйымдарының біріккен мәжілісі генерал Корнилов [33]. Отаны мен революция ісін сатқан опасыз деп айыптайды». Қаулы бұдан соң барлық революциялық және демократияшыл күштерді «мұндай қауіпті сәтте жұмысшы және солдат депутаттарының айналасына топтасуға» шақырды.[34].

Бұқара халықтың едәуір бөлігі солшылдар жағына шықты, олардың арасында большевиктердің ықпалы өсті, генерал Корниловтың бүлігі талқандалғаннан кейін, 1917 жылы тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында Қазақстанда жергілікті Кеңестер біртіндеп большевиктік сипат ала бастады. Мәселен, Кеңестердің Атбасар, Өскемен, Петропавл уездік съездері өз шешімдерінде Уақытша үкіметке сенімсіздік білдірді, аннексиясыз және контрибуциясыз келісімге келуді, бүкіл жерді дереу төлемсіз тәркілеп, оны шаруалардың пайдалануына беруді талап етті».[35].

«Корнилов бүлігі халықтың ашу-ызасын туғызды, - деп жазды сол күндері Семейдің «Халық еркі» газеті, - бұл не жағдай екенін түсіндіруді сұраған хаттар үздіксіз келіп жатыр, халық санасына қозғау салған көптеген басқа мәселелер де жауап күтеді».[36].

Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың ішіндегі басымдық танытқаны большевиктер болды, олар Уақытша үкіметтің барлық күнәсін айыптады және жұмысшылар мен шаруаларды оған қарсы күресуге, қарулы көтеріліс жасау жолымен пролетариат диктатурасын орнатуға шақырды. Большевиктердің қарулы көтеріліске бағыт алу жоспары 1917 жылы 26 шілде мен 3 тамыз аралығында Петроградта өткен VI съезде анықталды.

Корниловшыларды талқандау оңшыл күштердің ықпалын түбірінен азайтып, әлсіретіп, солшылдарды, ең алдымен большевиктерді едәуір күшейтті. Буржуазия мен Керенский диктатурасының саяси билік өрісі едәуір тарылды. Олардың билік ету мүмкіндіктері мүлде жойыла қоймағанмен, бірақ соншалық сенімді емес еді. Баспасөзде большевиктердің ықпалды рөлі, олардың қатарына басқа солшыл партиялардың өтіп жатқаны туралы ашық айтылды. Орынбор әсерлер комитетінің газетіне оның көсемдерінің бірі А. Ермолаев «С-р большевизммен жақындасуға құқылы ма?» атты мақала жариялады. Автор осылай деп сұрақ қойып, оған өзі былай деп жауап береді. «Большевизмнің қаулап өсуі біздің социалистік партияны күннен-күнге күйретіп барады. Соңғы кезде Ленин көтерген ұран мен оның тактикасына толығымен бас иген меньшевиктерді айтпағанның өзінде, орыс революциясының тізгінін ұстаған социалист-революционерлердің өзі де большевиктерге жағына сөйлейтін болды.[37]. Осының бәрі елдің және Қазақстанның саяси өмірінде жаңа әрі үлкен саяси бетбұрыстың пісіп-жетіліп келе жатқанын көрсетті.

13) Қазақ АКСР құрылуы

 

Азамат соғысы большевиктерге шет халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санаспауға болмайтындығын тағы бір рет көрсетіп өтті.

Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі Кеңестік бастауларда Қазақ автономиясын құру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.

1919      жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құру туралы Декретке қол қойды. Мұнда Қазревком өлкенің Жоғары әскери азаматтық басқармасы ретінде бекітіледі делінген.

Декрет оның мақсаты мен міндеттерін белгіледі:

  • контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес;

  • өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай құру;

  • Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін дайындау.

Ревком қарамағында Астрахань губерниясының қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары болды. Қазревкомды Пестовский Станислав Станиславович басқарды (1882-1943 ж.ж.). Ревком құрамына Лухашев, Жангелдин, Байтұрсынов, Тунғанчин, Меңдешев, Қаратаев және т.б. енді.

Қазревком мен оның органдары жергілікті орындарда Қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық интеллигенцияның жат пиғылды өкілдерін Кеңестік құрылысқа тарту жұмыстарын жүргізді. 1920 ж. 9 наурызда «Қырғыз үкіметі» деп өзін атаған Алаш Орданы жою туралы шешім қабылдады. Қазревком органы - «Ұшқын» газеті шығарылды.

1920      ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі РСФСР Құрамында Автономды Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасы туралы Декрет шығарды.

1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд республиканың Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесін сайлады. Сейтқали Меңдешев (1812-1937) ОАК төрағасы, В. А.Радус - Зенькович Қаз АКСР ХКК төрағасы болып сайланды.

Қабылданған «ҚазКСР еңбекшілерінің құқықтары Декларациясында қазірден бастап негізгі қатынас РСФСР құрамындағы ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігі негізіндегі бауырластық қатынас» болып табылады делінді.

Декларация ҚазАКСР құрылуын конституциялық тұрғыдан жариялады, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның қағидаларын, сот қызметін ұйымдастыру жүйесін белгіледі.

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstanқаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматықаласына көшірілді.[1].

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1Шекарасы

  • 2Ауданы және Халқы

  • 3Қазревком мүшелері

  • 4Дереккөздер

Шекарасы[өңдеу]

1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.

Ауданы және Халқы[өңдеу]

Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың  адам болды.

Қазревком мүшелері[өңдеу]

  • С.Мендешев (1882-1937)

Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев

    • 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;

    • 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;

    • 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;

    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

  • Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)

Толық мақаласы: Жангелдин Әліби Тоғжанұлы

    • 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;

    • 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;

    • 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;

    • 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.

  • А.Байтұрсынұлы(1873-1937)

Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы

    • "Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;

    • 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;

    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]